ойын сауық отауы
42 - қадам: өмірдің басты заңын ұмытпаңыз – жақсылық жамандықты жеңеді
17.10.2021 541 0 Admin

42 - қадам: өмірдің басты заңын ұмытпаңыз – жақсылық жамандықты жеңеді

Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы
42 - қадам: өмірдің басты заңын ұмытпаңыз – жақсылық жамандықты жеңеді
Әрқашанда жамандықты жақсылық жеңеді. Басында жамандық үстемдік орнатар. Бірақ түбі жақсылық жеңіп шығатыны айдан анық. Қазір әлемдегі кейбір нәрселерге қарап, үздіксіз майдан болып жатқанын байқайсың. Айталық, олар жемқорлық, небір түрлі қылмыстық іс - әрекеттер секілді жағымсыз жағдайлар ғасырлардан бері тоқтаусыз жүріп келеді.
Саналы, тұрақтылықты, әділеттілікті жақтайтын адамдар әрдайым күресу үстінде. Жақсылық жамандықты жеңгенімен, түп тамырымен жою мүмкін емес. Онымен тек күресе бересің, күресе бересің. Бұл шексіз майдан. Адам баласының бойында да сол секілді жағымсыз нәрселер үнемі болатыны айдан анық.
Олар жалқаулық, өсек, өтірік, мақтаншақтық, тәкаппарлық, ақшаны бей - берекетсіз шашу, зинаға құмарлықсекілді жағымсыз нәрселермен біз үнемі күресуіміз қажет. Бұлардан бойыңызды аулақ ұстамасаңыз, бірте - бірте бойыңызды жаулап алуы ықтимал.
Сол үшін де осындай кеселдерден үнемі сақтанып, өзімізді сақтандыруымыз қажет. «Сақтансаң сақтаймын» деген сөзді естен шығармаңыз. Әрдайым жақсы амал жасауға өзіңізді әдеттендіріңіз. Жаман іс - әрекеттерден барынша сақтаныңыз.
Не істесең де, ол өзіңе қайтып келеді. Жағымсыз іс - әрекеттерің де, жағымды іс - әрекеттерің де міндетті түрде өзіңе оралады.
Ең жақсы қуаныш – жақсылыққа өзгеру.
  • ©Нельсон Мандела
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

41 - қадам: өмірлік жарыңызға аса мән беріңіз 41 - қадам: өмірлік жарыңызға аса мән беріңіз
Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек. Олар имандылық пен жар таңдаудан. Шынымен де солай. Осы екеуін жақсы таңдай білген адамның өмірі жақсы арнаға
38 - қадам: әрдайым тік және күлімдеп жүріңіз 38 - қадам: әрдайым тік және күлімдеп жүріңіз
Бақытты өмірдің құпиясы өте қарапайым: екі аз тамақтану, екі есе көп серуендеу, үш есе көп күлу, әрқашан сүйікті болу! Айналаңызға әрдайым сәуле
63 - қадам: тек жақсы ойлаңыз. сіз өз ойыңыздың жемісісіз 63 - қадам: тек жақсы ойлаңыз. сіз өз ойыңыздың
«Ойы жақсының өзі жақсы» демекші, ойды өзгерттім деген өмірімді өзгертуге керекті ең мықты құралды қолға түсірдім деген сөз. Барлық істелетін
61 - қадам: өмірдің мәні мақсат қойып, оған жету 61 - қадам: өмірдің мәні мақсат қойып, оған жету
Бір жас бала таудың етегінде отырған ақсақалдан: «Өмірдің мәні неде?» - деп сұрайды, ал ақсақал: «Өмірдің мәнін Googlе - ден сұрап көрсей», - деп тіл
57 - қадам: қазіргі қоғамдағы дерттер 57 - қадам: қазіргі қоғамдағы дерттер
Қазір қоғамда адамға зиянын беретін нәрселер көбейіп кетті. Заман дамыған сайын адамның өміріне зиян тигізетін нәрселер көбейді.
Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
Атаққұмарлық пен мансапқорлық жайлы Р. Шеридан: «Ең құдіретті құштарлық – атаққұмарлық. Міне осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×