ойын сауық отауы
Дүние мен ақыреттің арақатынасы
20.01.2025 6 0 Admin

Дүние мен ақыреттің арақатынасы

Пайдалы кеңестер
Уақытыңды басқар
Дүние мен ақыреттің арақатынасы
«Сендердің ең жақсыларың – дүниесі үшін ақыретін, ақыреті үшін дүниесін тәрк етпегендерің».
(хадис)
Адамзатты жоқтан бар еткен Раббымыз бізді бұл дүниеге белгілі бір мақсатпен жібергені анық. Ол мақсатты ең ұлысы – Оған иман келтіріп, жаратқандығы үшін алғысымызды білдіріп, өзімізді және алғысымызды білдіріп, Алланы барынша тани түсіп, басымызды иіп құлшылық ету. Сонымен бірге біз бұл жалғанда азды - көпті мөлшерленген ғұмырымызды кешетін болғандықтан, Жаратушымыз бізге дүниенің қызылды - жасылды қызықтарын да көруге мүмкіндік берген. Ең бастысы – құстың қос қанатындай етіп тепе - теңдікті сақтай білу. Қалайша құс атаулы бір қанаты жоқ не кем болса ұша алмайтыны секілді бұл дүниедегі адамның да тек бір жақты өмір сүріп, толыққанды бақытқа жетуі неғайбыл. Сондықтан дінді ұстандым деп әсірелікке салынып, дүниеден баз кешіп кеткен де дұрыс болмайды. Ал дүниеге беріілп, ғибадат атаулыны ысырып қою тіпті қасірет болмақ.
«Құлшылықты тіршілікке байласаң, екеуі де қаза болады.
Тіршілікті құлшылыққа байласаң, екеуі де таза болады».
«Алланың өзіңе нәсіп еткен осынау байлықпен ақыреттегі мәңгілік бақыт мекеніне жетуге тырыс. Бұл дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алланың өзіңе шексіз шарапатын тигізіп, жақсылық жасағанындай, сен де өзгелерге жақсылық жаса. Бұл жерде лаң салып, бүліншілік жасауды көксеме! Шүбәсіз, Алла бұзақыларды әсте жақсы көрмейді» деген Алла Тағаланың сөзінде айтылғандай да, мұсылман жан өзіне берілген қолындағы мүмкіндіктерді пайдаланып, ақырет қамын жасауы тиіс. Сонымен бірге дүниедегі несібесін де ұмытпай, адал ризық тауып, кеудесін тік көтеріп өмір сүруіне жағдай жасағаны жөн. Және осы екі жол арқылы да айналасындағыларға жақсылық жасауға тырысқаны дұрыс. Дініне берік мұсылман өзге адамдарға қолымен де, тілімен де зиянын тигізбей, керісінше, бауырына күлімсіреп қараудың өзін садақа біліп, жан - жағына мейірім шуағын шашып жүретін болады. Мұндай мүмін бай - бақуатты болар болса, мұқтаж жандарға қол ұшын созуды қасиетті борышы ретінде санап, көмек керек болған жерден көмегін аямайды.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Неліктен түнгі құлшылыққа мән берілген? Неліктен түнгі құлшылыққа мән берілген?
Түнгі уақытқа қатысты аяттар күндізгі уақытқа қатысты аяттардан саны жағынан әлдеқайда көп: «ләйл», яғни түн сөзі 92 рет, «нәһәр», яғни күндіз сөзі
Пайдалы кеңес: Уақыттың қадірі Пайдалы кеңес: Уақыттың қадірі
Кез келген нәрсе белгілі бір уақытпен санасып, нақтылы бір өлшемдермен белгіленеді. Сол өлшемдердің бірі адамның өмірге келуі, ер жетуі, қартайып,
Махаббатпен жаратқан адамзатты.. Махаббатпен жаратқан адамзатты..
Алла – ислам дінінде құдай есімі, Алланы сүюге насихаттаушылар Абайға дейін де көп болған. Ақынның мәселе қойысы өзгеше, ол сен Алланы адамзатты
Уақытыңды басқар: Түнгі құлшылық Уақытыңды басқар: Түнгі құлшылық
Түнгі уақытты тиімді пайдалану кезіндегі маңызды жайттардың бірі түнгі құлшылық жөнінде арнайы айтып өткенді жөн көрдік. Себебі дініміздің бұл әмірі
Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар
Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар 1. Шама, мөлшер, уақыт; болжам; 2. Мұрша, әл, мүмкіндік.
Уақытыңды басқар: Түнде тұрудағы мақсат Уақытыңды басқар: Түнде тұрудағы мақсат
Түнде ең алдымен құлшылық ету үшін тұру қажет. Яғни, намаз бен Құран оқу үшін. Түнде тұруды араб тілінде «қиямул - ләйл» тіркесімен атайды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×