ойын сауық отауы
Неліктен түнгі құлшылыққа мән берілген?
13.11.2022 462 0 Admin

Неліктен түнгі құлшылыққа мән берілген?

Дін
Уақытыңды басқар
Неліктен түнгі құлшылыққа мән берілген?
Бұған дейін келтірілген аяттар мен хадистерден екі жайтқа назар аудара аламыз:
1. Түнгі уақытқа қатысты аяттар күндізгі уақытқа қатысты аяттардан саны жағынан әлдеқайда көп: «ләйл», яғни түн сөзі 92 рет, «нәһәр», яғни күндіз сөзі 57 рет келеді.
2. Түнде тұрып құлшылық етуге байланысты әмір Пайғамбарымызға пайғамбарлықтың алғашқы кезеңдерінде түскен. Яғни, түнгі уақытты жоспарлауға байланысты және түннің төрттен үш бөлігіне дейінгі ұзақ уақытын ояу өткізуді әмір еткен «Муззәммил» сүресі түсу реті бойынша 3 - сүре болып табылады. Демек, алғашқы иләһи әмірлердің бірі түнгі уақытты жоспарлау мен тиімді пайдалану болған. Ал күндізгі уақытты жоспарлау мәселесін мұншалықты айтып өткен аят түспеген.
Бұл жайтты түннің адам өміріндегі маңызымен түсіндіруге болады. Жетістікке жету жолында да, жеңіліс тапқанда да адамға өмір бойы әсер ететін жайттардың бірі – түнгі уақыты. Түн адам өмірінің жартысына тең болғандықтан, оған бей - жай қарап, ғапылдыққа түсу қаупі бар.
Сонымен қатар, Алла Тағала Құранда анық білдіргендей, түнде іліммен шұғылдану, пікірлеу, ғибадат жасау анағұрлым сауапты әрі әсерлі болмақ.
«Абдулла (ибн Омар) қандай керемет адам! Түнгі намазды оқыса, тіпті жақсы болар еді».
(хадис)
Иләһи әмірмен түнгі уақытын жоспарлап, дұрыс өткізген жан күндізгі уақытын да барынша тиімді пайдаланады деген сөз. Себебі түнгі уақытты тиімді өткізу асқан ерік - жігер мен күшті талап етеді. Құдды бір қиын істі бағындырған адамға жеңілін атқару қаншалықты оңай болатын болса, түнгі уақытын дұрыс пайдаланған жан күндізгі уақытынан құр қалмасы анық.
Осы хикметке сай былай деуге болады: пайғамбарлықтың бастапқы кезеңінде - ақ Алла Тағала Пайғамбарға уақытын тиімді пайдалануды үйрету үшін қиямул - ләйлді әмір еткен.
Пайғамбарымыздың адам нанғысыз жетістігінде түнгі уақытын жоспарлы қолданып, құлшылықпен өткізуінің пайдасын көрмеу мүмкін бе?!
Сондықтан ақыретте жетістікке жетуді қалаған немесе Исламның қайта жандануы үшін тер төгуге бел буған жандар Алла Тағаланың құзырында соншалықты әсерлі болған түнгі құлшылыққа құлшына бет бұруы керек емес пе?!
«Расында, түннің бір уақыты бар, қандай да бір мұсылман сол уақытқа тура келіп, Алла Тағаладан дүниеге және ақыретке қатысты жақсылық сұраса, сұрағанын міндетті түрд береді».
(хадис)

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Түнгі құлшылық және отбасы Түнгі құлшылық және отбасы
Пайғамбарымыз (с. а. с.) уақыт мәселесінде адамға тағы бір жауапкершілік жүктейді: мүмін адам уақыт мәселесінде жеке басының істерін ғана жоспарлауы
Уақытыңды басқар: Түнгі құлшылықтың уақыты Уақытыңды басқар: Түнгі құлшылықтың уақыты
Құран аяттарының түсіндіру жолынан ғалымдар түнгі құлшылықтың уақытын төмендегідей бөліп қарастырған: 1. Түннің жартысы, 2. Төрттен үші, 3. Үштен
Уақытыңды басқар: Түнгі құлшылық Уақытыңды басқар: Түнгі құлшылық
Түнгі уақытты тиімді пайдалану кезіндегі маңызды жайттардың бірі түнгі құлшылық жөнінде арнайы айтып өткенді жөн көрдік. Себебі дініміздің бұл әмірі
Күндіз бен оның кезеңдері Күндіз бен оның кезеңдері
Күннің жартысы саналған «күндіз» (нәһәр) сөзі 57, екінші жартысы болған «түн» (ләйл) сөзі 92 рет айтылады.
Бір күндік уақытты кезеңдерге бөлу Бір күндік уақытты кезеңдерге бөлу
«Күн» мағынасына келетін «йәум» сөзі ең көп қайталанған. Бұл сөз әр алуан түрлерінде (жекеше, екілік, көпше, белгілі, белгісіз) 475 рет кездеседі.
Уақытыңды басқар: Ислам және уақыт Уақытыңды басқар: Ислам және уақыт
«Ғасырға (уақиғаларға толы заманға, әсіресе, ақырғы бөлігіне) серт! Шынында, адам баласы (уақытын пайдалану тұрғысынан) зиян ішінде».
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×