ойын сауық отауы
Бауырсақ
12.01.2022 91 229 0 Дауыл

Бауырсақ

Ас дайындау
Бауырсақ
Ұн – 350 гр
Сүт – 200 мл
Ашытқы – 1 шай қасық
Шекер – 1 шай қасық
Тұз – 0, 5 шай қасық (жарты шай қасық)
Сұйық май – 2 - 3 ас қасық
Жасалу тәсілі:

Үлкендеу табаққа шекерді ашытқыны салып үстіне сүтті жылытып құйыңыз да 10 минтуқа қалдырыңыз. 10 минуттан соң тұзды салыңыз, сұйық майды құйып араластырыңыз, ұнды салып жұмсақтау қамыр илеңіз. Қамыр қолға жабыспайтындай етіп жақсылап илеп болған соң, жылы орап қойыңыз. 30 - 40 минуттан соң бір рет қайыра илеп, 10 - 15 минутқа қалдырыңыз. Дайын болған қамырды алып қалыңдығын 1 см етіп жайыңыз да майдалап кесіңіз немесе ойғышпен дөңгелектеп ойыңыз, көпсу үшін 10 минутқа орамалмен бетін жауып қойыңыз. Оған дейін шұңғылдау ыдысқа сұйық майды құйып қыздырыңыз, бауырсақ бататындай болсын, сонда тегіс қызарып әдемі болып піседі.

Дайындаған: Жайна

Қаттама нан Қаттама нан
Ұнды електен өткізіп алыңыз. Жылы суға сұйық май, тұз, шекер, ашытқыны салып жұмсақтау етіп қамыр илеңіз.
Қаттама Қаттама
Үлкендеу табаққа ұнды елеп аламыз, тұзды суды ұнның үстіне құйып жұмсақтау етіп қамыр илейміз. Қамырды 5 - 10 минутқа қалдырамыз.
Картоп езбесі қосылған нан Картоп езбесі қосылған нан
Үлкендеу табаққа жылы сүтті құйыңыз үстіне картоп езбесін салып араластырыңыз.
Бәліш (пирожки) Бәліш (пирожки)
Сүтті жай отта қойып жылытып алу керек. Жылы сүтке шекер, ашытқы, тұз, сұйық майды құйып араластырыңыз. Ұнды електен өткізіп салып жұмсақ етіп қамыр
Пицца рецепті Пицца рецепті
Жылы суды үлкендеу ыдысқа құйыңыз тұз, шекерді салыңыз және ашытқыны салыңыз жұмсақ қамыр илеңіз. Қамырды жылы орап 30 - 40 минуттай қалдырыңыз.
Тәтті тоқаш (булочка) Тәтті тоқаш (булочка)
Майды табаға салып жай отта ерітіп алыңыз, от жай басылып тұрған күйінде сүтті құйыңыз, жұмыртқаны салыңыз, тұзды, шекерді салыңыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×