ойын сауық отауы
Тәтті тоқаш (булочка)
14.10.2016 67 598 3 Дауыл

Тәтті тоқаш (булочка)

Ас дайындау
Сүт –150-200 гр
Сары май (слив. масло) – 3 ас қасық
Жұмыртқа – 1 бас
Ашытқы (дрожжи) – 1 шай қасық
Шекер – 2 шай қасық
Тұз – 1 шай қасық
Ұн – қалауыңызша (қамыр жұмсақ болуы керек)


Бұл тәтті тоқаш ашыған қамырдан дайындалады.
Майды жай отта ерітіп алыңыз, от жай басылып тұрған күйінде сүтті құйыңыз, жұмыртқаны салыңыз, тұзды, шекерді салыңыз. Оттан түсіріп алып ашытқыны салыңыз араластырыңыз да ұнды салып жұмсақ қамыр илеңіз.
Қамырды суытпай жылы орап қойыңыз 15-20 минуттан соң бір илеп қайта 7-10 минутқа қалдырыңыз. Содан соң қамырды майда бөлшектерге бөліп өзіңіздің қалауыңызша түйіп, түйген қамырды және 5 минутқа көтерілгенше қоя тұрыңыз. Қызып тұрған пешке саларда бетіне жұмыртқа сарысын жағып салыңыз. Кез келген тосаппен қосып жесе тамаша болады.
Дайындаған: Жадыра
Суретімен жүктеу

Сіздің де рецептеріңіз болса салуға болады, пікір қалдыру жолына жазып қалдырыңыз немесе сайтқа кіріп енгізіңіз поштаға жіберуге де болады

Бауырсақ Бауырсақ
Үлкендеу табаққа шекерді ашытқыны салып үстіне сүтті жылытып құйыңыз да 10 минтуқа қалдырыңыз.
Самса Самса
Етті, құйрық майды майдалап төртбұрышты етіп турап, тұз қара бұрыш қосып араластырады.
Наполеон торты Наполеон торты
Үлкен табаққа сүтті құйыңыз, жұмыртқа, тұз, шекерді салып араластырыңыз да ұнның жартысын салып қасықпен қою болғанша араластырыңыз содан соң соданы
Бәліш (пирожки) Бәліш (пирожки)
Сүтті жай отта қойып жылытып алу керек. Жылы сүтке шекер, ашытқы, тұз, сұйық майды құйып араластырыңыз. Ұнды електен өткізіп салып жұмсақ етіп қамыр
Пицца рецепті Пицца рецепті
Жылы суды үлкендеу ыдысқа құйыңыз тұз, шекерді салыңыз және ашытқыны салыңыз жұмсақ қамыр илеңіз. Қамырды жылы орап 30 - 40 минуттай қалдырыңыз.
Қатпарлы қамырдан дайындалған тәтті тоқаш (рогалики) Қатпарлы қамырдан дайындалған тәтті тоқаш
Алдымен табаққа ұнды салыңыз, ашытқы, тұз, шекер, жұмыртқа май, сүтті құйып жұмсақ қамыр илеңіз.
Пікірлер (3)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Танатар Динара Оспаналықызы
#1 Танатар Динара Оспаналықызы Қонақ 23 ақпан 2017 16:40
өте жақсы жазылған,Жадыра ханым алғысым шексіз! laughing
Айшолпан
#2 Айшолпан Қонақ 6 қаңтар 2020 10:57
тәтті тоқашқа шикі ма әлде пысқан сүт керек пе
Қонақ Меруерт
#3 Қонақ Меруерт Қонақ 16 сәуір 2020 22:09
Өте керемет ретцепт маған ұнады
×