ойын сауық отауы
Қаттама
04.03.2017 6 877 0 Дауыл

Қаттама

Ас дайындау
Құрамы:
Ұн – 500 гр
Су – 200 гр
Тұз – жарты шай қасық
Сары май – 100-150 гр
Сұйық май – пісіру үшін

Жасалуы:
Үлкендеу табаққа ұнды елеп аламыз, тұзды суды ұнның үстіне құйып жұмсақтау етіп қамыр илейміз. Қамырды 5 - 10 минутқа қалдырамыз.
Қамырдың июі әбден қанғаннан соң жұқалап жаямыз.
Жұқа жайылған қамыр үстіне сары майды ерітіп жағамыз (майды аса көп жақпаңыз, өйткені қамыр сыртына дейін шығып кетеді). Майды жұқалап жаққан дұрыс, себебі оны қайта майға пісіретін болғандықтан. Май жағылған қамырды ораймыз. Оралған қамырларды кішкене бөліктерге бөліп алып дөңгелектеп жаямыз. Табаға 1 ас қасық май құйып, жайылған қамырларды бір - бірлеп екі жағын аударып тұрып пісіреміз.

Дайындаған: Асыл

Пияз қосылған қаттама нан (қатпарлы нан) Пияз қосылған қаттама нан (қатпарлы нан)
Пияз қосылған дәмді қаттама нан (қатпарлы нан) дайындау тәсілі
Бауырсақ Бауырсақ
Үлкендеу табаққа шекерді ашытқыны салып үстіне сүтті жылытып құйыңыз да 10 минтуқа қалдырыңыз.
Қаттама нан Қаттама нан
Ұнды електен өткізіп алыңыз. Жылы суға сұйық май, тұз, шекер, ашытқыны салып жұмсақтау етіп қамыр илеңіз.
Самса Самса
Етті, құйрық майды майдалап төртбұрышты етіп турап, тұз қара бұрыш қосып араластырады.
Наполеон торты Наполеон торты
Екі жұмыртқаны жарып үстіне тұз, сірке қышқылы және суды құйып жақсылап араластырып тоңазытқышқа салып қоямыз.
Алма қосылған бәліш (пирог) Алма қосылған бәліш (пирог)
Алма пирогы Ең алдымен ұнды елгезермен елеп алыңыз да тоңазытқышта тұрған сары майды майдалап кесіп ұнмен араластырыңыз, жақсылап араластырып алған
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×