ойын сауық отауы
Үй тұрмысына қатысты тыйымдар мен ырымдар
18.09.2021 1 155 0 Admin

Үй тұрмысына қатысты тыйымдар мен ырымдар

Салт-дәстүр
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Үй тұрмысына қатысты тыйымдар мен ырымдар
Тыйымдар
  • Киіз үйге кіргізілген отынның артығын шығарып тастамайды. Өйткені бұл – үйден өлік шығады деген ырым. Қазақтың киіз үйінде бір жағдайда ғана – үйде өлік болғанда от жағылмайды, отын сыртқа шығарылады.
  • Түнде сандықты ашпайды, ашса, әулеттен біреу - міреу өледі деп жорамалдайды. Ал өте қажет болған жағдайда, «оған жылан кіріп кетті» деп ашады.
  • Есіктің киізін үйдің үстіне қарай лақтырмайды, орап қояды. Әйтпеген жағдайда жау найзасымен ашып кіреді, яғни жауласқан адам үй қожасын жеңіп кетеді.
  • Ауа райы жақсы болса, түндікті бақанмен тіреп қоюға болмайды. Бұл – жау шақыру деген жаман ырым.
  • Жанып тұрған шырақты үрлемейді, өйткені бұлай сөндірсе, адам ұмытшақ болады.
  • Есіктің босағасын керуге, табалдырығында тұруға болмайды. Бұл – жамандық шақырма деген мағынадағы тыйым. Себебі жау шапқанда ғана үй иелері босағаны керіп, табалдырықта тұрған.
  • Есікті тебуге болмайды. Жау келгенде ғана есікті теуіп кіреді.
  • Үйді айналып жүруге, жүгіруге болмайды. Бұл – жамандық шақырма деген мағынадағы тыйым. Себебі жау келе жатқанда ғана үй иелері үйді айналып жүрген.
  • Біреуден қайрақ сұрамайды.
  • Жастық басқа жасталатындықтан, оны аяқпен баспайды.
  • Арқанды, бақанды аттаса, шаңырақтың құты кетеді.
  • Шәугім мен аққұманның шүмегін есікке қаратып қойса, ырыс - несібе кемиді.
  • Итке ожаумен ас құймайды – үйдің берекесі кетеді.
  • Біреу келгенде үйді сыпырмайды – әдепсіздік болып саналады.
  • Сыпырғымен адамды ұрмайды.
  • Сыпырғыш, күрек, айырдың басын жоғары қаратып қоймайды. Бұл – «ұстайтын кісі жоқ» деген жаман ырымды білдіреді.
  • Сыпырғышты төрге қоймайды. Бұл – үй ішіндегі жаманшылық, ауру - сырқау сыпырғышпен босағадан шықсын, төрге жоламасын деген ниеттен туған ырым.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Нанға қатысты тыйымдар мен ырымдар Нанға қатысты тыйымдар мен ырымдар
Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан – дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады. Жерде
Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.
Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Бос бесікті тербетуге болмайды. Бос бесікті тербеткен жаман ырым саналады
Адамның іс - әрекетіне қатысты тыйымдар Адамның іс - әрекетіне қатысты тыйымдар
Белді таянбайды. Себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады;
Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар
Теріс киме бөркіңді, бұзып кетер көркіңді. Ырым, сенім талайды, тәубесіне келтірді. - Теріс кисе не етеді? Оған дәлел жетеді. Алға басқан аяғың,
Қыз-келіншектерге қатысты ырым-тыйымдар Қыз-келіншектерге қатысты ырым-тыйымдар
Қыз - келіншек. Қай ата - ананны алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай татып, судай сіңіп» кетуіне, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×