ойын сауық отауы
Үй тұрмысына қатысты тыйымдар мен ырымдар
22.09.2021 1 343 0 Admin

Үй тұрмысына қатысты тыйымдар мен ырымдар

Салт-дәстүр
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Үй тұрмысына қатысты тыйымдар мен ырымдар
Ырымдар
  • Жаңа үйге көшіп келген отбасына «қоныс жайлы болсын!» дейді.
  • Егер киіз үйге байғыз қонып, бақыратын болса, бұл үйдің иесі үлкен бақытсыздыққа ұшырайды. Егер, керісінше, қарға қарқылдаса, онда бақытты болады.
  • Егер киіз үйге кіріп келе жатқан адам сүрініп кетіп құласа, үй иесі кенеттен мал - мүлікке ие болып, дәулеті артады.
  • Қыстаудан жайлауға алғаш рет көшкен кезде, бірінші күні қыстаудың маңына, жол бойына аялдайды. Одан соң әрі қарай қозғалғанда жолдың екі жағынан үлкен екі от жағады, содан кейін оттың арасынан жүк тиелген түйелерді қос - қостан өткізеді. Бұл қаскүнем рухтар мен жын - шайтаннан сақтану үшін жасалады, өйткені олар көшті анди алмай, от ішінде қалып қояды.
  • Киіз үйде құмырсқа көбейіп кетсе, жылқының екі тезегін уыққа іліп қояды.
  • Ит ұлыса, шаңырақта жаманшылық болады.
  • Көрпенің тұйығын ірге жаққа қаратып төсейді.
  • Егер киіз үй сыртына ит сарып кетсе, құт келеді деп жақсылыққа жориды.
  • Қызылша және басқа да жұқпалы аурулар тарағанда, басқаға жұқпасын деп немесе қызылша шыққан балаға тілсұқ болмасын деп, есік сыртына не маңдайшаға шикі жас ет байлайды. Шикі ет ауырып жатқан адамымыздың еті шикі еді, қызылша шығып жатыр деген шартты белгіні білдіреді. Шикі етті қарға, сауысқан сияқты құстар ала қашып, тыныштық бермеген соң, қызыл бөз байлайтын болған.
  • Жаңадан қайнатқан сабынды жоғары қойса, ол үйге түскен келін өркөкірек болады.
  • Несібесі көп, дастарқаны мол болсын деп жаңа үйдің босағасын маймен майлайды.
  • Пәле - жаладан аулақ болсын деп жаңа үйленген жастардың төсегін арша түтінімен ыстайды.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Үй тұрмысына қатысты тыйымдар мен ырымдар Үй тұрмысына қатысты тыйымдар мен ырымдар
Киіз үйге кіргізілген отынның артығын шығарып тастамайды. Өйткені бұл – үйден өлік шығады деген ырым. Қазақтың киіз үйінде бір жағдайда ғана – үйде
Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Мал айдап бара жатқан адам кездескенде «айдар көбейсін!» дейді, ал малшыға «бағар көбейсін!» деген тілек білдіреді. Жас ботаны бірден көзге
Жол жүруге қатысты тыйымдар мен ырымдар Жол жүруге қатысты тыйымдар мен ырымдар
Сейсенбі күні алыс жолға шықпайды. Сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы болады. Жолда кездескен адамнан «қайда барасың?» деп сұрамайды, «жол оң
Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Бос бесікті тербетуге болмайды. Бос бесікті тербеткен жаман ырым саналады
Әйелге қатысты тыйымдар Әйелге қатысты тыйымдар
Әйелге бүйірін таянып тұруға болмайды. Өйткені күйеуін жоқтаған әйелдер ғана солай істейді.
Үй - тұрмысына қатысты ырым - тыйымдар Үй - тұрмысына қатысты ырым - тыйымдар
Үйге кіріп келе жатқан адам сүрініп кетіп кұласа, үй иесі кенеттен малмүлікке ие болады, дәулет артады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×