ойын сауық отауы
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
22.09.2021 842 0 Admin

Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар

Салт-дәстүр
Рухани - танымдық сүрлеулер
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар

Қарашаның соңы - желтоқсанның басында болатын алғашқы аязды жұрт «Қырбастың қызыл амалы» дейді. Үркердің сол жамбасқа келуі желтоқсанның 4 - 5 күндері болатын алғашқы аяз сол Қырбастың қызылына дәл келсе, Үркердің дәл төбеге қарай біртіндеп шырқай көтерілуі – қыс шілдесі деп аталатын Сары аязға дәл келеді. Жалпы, желтоқсанда боран соғып, қыс күшіне енеді. Әсіресе, желтоқсанның 17 - сі мен 23 - інің аралығында бір апта бойы көз аштырмай «Текебұрқыл» бораны соғады. Бұл кезде таутекелер тауешкілермен, құлжалар арқарлармен шағылысатын болғандықтан «Текебұрқылдақ» (текебұрқыл) амалы деп аталып кеткен.
Желтоқсанның 15 - 20 күндері ауа райы күрт өзгеріп, ақбөкендер мен қарақұйрықтардың текелері үйірге түсіп, бір - бірімен қосақталатын кезең – «Киіктің матауы» аталған. Тап осы кезеңде нөсерлеп жаңбыр жауып, сасай болған ақбөкеннің текелері сасық иісінен тазарады екен. Бұл кезеңдерде жауын - шашын болмай қалса, текелердің көздері ағарып, өліп кетуі де мүмкін екен. Бұл кезеңді – «Киіктің мойын жуары» атаған.
Желтоқсанның 22 - і – ең қысқа күн, астрономиялық жыл басы.
Желтоқсанның алғашқы күні күн жылы болса, айдың бірінші он күні жылы, түсте салқындап, бұрқасын көтерілсе, бұл құбылыс ай ортасында қайталанар, ал кешке қарай боран соғып күшейсе, қыс ұзаққа созылмақ та, алғашқы қар нығыз не жаңбырмен араласып түссе, жаз ылғалды, құр қылаулап тұрса, жаз қуаң болар.
Бұл айда таң шапағы қызғылттанса, жел тұрады - дағы, күн құлақтанып батса, ертеңіне күн салқындайды, айдың айналасы шеңберленсе не бұлт желге қарсы көшсе, қар жауады, ал қар жапалақтап жауса, күн бұлыңғырланып, күн бұзылады.
Күн құлақтанып, түтін тік ұшса, жұлдыздар анық көрініп, жиі жымыңдаса, аяқ басқан қар қатты сықырласа, будақ бұлттар көкжиектен өркештене көтеріліп көрінбей кетсе, аяз боларын біле бер.
Тынық күннің өзінде шыршаның құрғақ, ұзын бұтақтары иілсе, күннің айналасы шеңберленсе боран соғуының белгісі деп біл.
Желтоқсанның 25 - і мен 5 ақпан аралығы, сақылдаған сары аяздар болатын, әсіресе қаңтардың соңғы күндері, ең суық 40 күн – «Қысқы шілде» немесе «Кіші шілде» атанған.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Қатты жаңбыр жауып, шағылысқа түскен бұғылардың бойындағы жағымсыз иістен тазаратын қарашаның алғашқы он күндігі «Бұғының мойын жуары» атанған.
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Қыркүйек – күзем айы, күздің басы. Қыркүйектің соңғы онкүндігінде күн суып, жауын басталып, күз келеді. Халық аузында күздің бірнеше атауы бар: Мырза
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Айдың соңында шаруаға жайлы жағдай туғызар бес - он күндік жауын - шашынды амал, «Бес тоғыстың бет жуары» болады. Бұл ай – ит шуақ, кемпір шуақ,
Қазақ халқының ауа-райын болжау тәсілі Қазақ халқының ауа-райын болжау тәсілі
Құралайдың салқыны Мамыр айының аяғында болатын суық жел. Осы желге қарсы киік өз құралайларын (лағын) аяқтандырып, жүгіртіп, өргізеді. Киіктің
Қазақ әдебиеті жырлайды: құралай және құралайдың салқыны Қазақ әдебиеті жырлайды: құралай және құралайдың
Осы жазбамда "Қазақ әдебиетінде" айтылатын киіктің лағы құралай мен құралайдың салқыны (амал) туралы талдап, сіздермен бөлісуге жөн көрдім. Мүмкін
Желтоқсан алаңы Желтоқсан алаңы
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер... Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел, Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер, Қайта
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×