ойын сауық отауы
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
18.09.2021 2 145 0 Admin

Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар

Салт-дәстүр
Рухани - танымдық сүрлеулер
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Қатты жаңбыр жауып, шағылысқа түскен бұғылардың бойындағы жағымсыз иістен тазаратын қарашаның алғашқы он күндігі «Бұғының мойын жуары» атанған.
Қараша – аспан түнерген, жер бауырлап дымқыл тұман түсетін, зілмауыр бұлттар көшетін, қара суық айы. Қараша – күн қысқаратын, ашық шуақты күндер сирейтін, қар кейде жауып, кейде еріп, түнге қарай тоң қатаын, жылдың іңірі, қыстың босағасы. Бұл айдағы қара жерге қар түспей тұрып соғатын өткір салқын желді – «қара суық» деген.
Қарашадағы құстардың жылы жаққа бастар уақыты – «Сүмбіленің тууы» амалы. Бұл, солтүстікке қар түсіп, күн суытатын «Қараша қаздың қайтуы» амалымен ұласады.
Қарашаның 15 - і мен 21 - інің аралығындағы алты күнінде қыстың алты айын болжаған ерекше ырым да бар. Бұл айдың 17 - і мен 18 - і күндерінің өз амалы бар.
Қарашадағы құбылыстарға байланысты: маса ұшырасса, қыс жылы, күн күркіресе қаһарлы, ай тұтылса, қыс суық, ай шалқалап туса, қар қалың түсіп, қаһарлы қыс ұзаққа созылар, ағаш бұтағын қырау басса, ертеңіне қар жауар, шөпке қырау қонса, жаңбыр жауар, қар ерте түссе, көктем ерте найзағай жарқылдаса, келер жаз жаңбырлы болар, кемпірқосақ көрінсе, қыс қатты, көктем жаңбырлы болғанымен, жаз ыссы қуаңшылық болар деген болжамдар бар.
Қарашаның бірінші он күнінде тоң қатып, салқын жел тұрса, қаңтарға дейін қар жаумас, жапырақтар түспесе, қар ұзақ жатпас, күн ашық болса, қыс жылы, бұлт жиі үйірілсе, желтоқсанның ортасында қатты аяз тұрмақ.
Ал екіншісінде тұман тез тараса, күн жылынар, қар жауса, қыс қаһарлы, бұлтты және желді келсе, қаңтардың басында қар көп жауар.
Үшінші он күнінде қар аралас жаңбыр жауса, желтоқсан жылы болар, айдың соңғы күні қандай болса, қыс бойы сондай болар, құдық суы көтерілсе, аяз болар.
Халықта қыс алғашқы қардан 40 күннен соң түсер деген бар.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Қыркүйек – күзем айы, күздің басы. Қыркүйектің соңғы онкүндігінде күн суып, жауын басталып, күз келеді. Халық аузында күздің бірнеше атауы бар: Мырза
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Айдың соңында шаруаға жайлы жағдай туғызар бес - он күндік жауын - шашынды амал, «Бес тоғыстың бет жуары» болады. Бұл ай – ит шуақ, кемпір шуақ,
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Ел ішіндегі есепшілер күн есептеудің, оның райын болжаудың дәстүрлі амал - тәсілдерін жақсы меңгерген. Олар жаз есебін күн мен түн теңелген жаңа
Аспан әлемінде болып тұратын құбылыстарға қарап, ауада болатын өзгерістерді болжай аласың Аспан әлемінде болып тұратын құбылыстарға қарап,
Бұлттарға қарап, күн райын болжаудағы халық тәжірибесіне тоқталсақ: Күн батар кезде бұлттар қызарып көрінсе, ертеңіне аспан ашық, күн жылы боларын
Ауа райын хайуандар мен жәндіктер де болжайды Ауа райын хайуандар мен жәндіктер де болжайды
Ара ұясына кеш қайтқанмен, топталып жиналып, ұяға таласа қатты гуілдесе, жаңбырды күткені, ұяларынан ұзамастан төңіректеп ұшып жүретін болса, күн
Қазақ халқының ауа-райын болжау тәсілі Қазақ халқының ауа-райын болжау тәсілі
Құралайдың салқыны Мамыр айының аяғында болатын суық жел. Осы желге қарсы киік өз құралайларын (лағын) аяқтандырып, жүгіртіп, өргізеді. Киіктің
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×