ойын сауық отауы
Мүшелдің жалпы сипаты
10.10.2021 1 514 0 Admin

Мүшелдің жалпы сипаты

Салт-дәстүр
Халық күнтізбесі
Мүшелдің жалпы сипаты
Он екі жыл уақыт мүшел деп аталады. Мүшелдегі жылдар рет санына қарай аталмайды. 12 түрлі хайуанның атымен аталып отырады. Жылдардың тарихи қалыптасқан реттері мен атаулары төмендегідей:

1 - жыл – тышқан жылы
2 - жыл – сиыр жылы
3 - жыл – барыс жылы
4 - жыл – қоян жылы
5 - жыл – ұлу жылы
6 - жыл – жылан жылы
7 - жыл – жылқы жылы
8 - жыл – қой жылы
9 - жыл – мешін жылы
10 - жыл – тауық жылы
11 - жыл – ит жылы
12 - жыл – доңыз жылы

Мүшел аяқталып, енді одан әрі 13 - жылды санағанда тағы да тышқан жылы деп, есепті қайтадан бастайды.
Мүшелдегі 12 хайуанның алтауы – үй хайуаны, алтауы – түз тағысы.
Мүшел есебі көптеген елдерге – Жапониядан Болгарияға, Мьянмадан Сібірге дейін жайылған. Демек, адамзаттың жартысы уақытты мүшел деп есептеген. Мүшел есебін пайдаланатын елдердің қайсысын алсақ та, олардың күнтізбелерінен жоғарыдағы 12 хайуаның аттарын кездестіреміз. Хайуандар үнемі тышқаннан басталып, доңызбен аяқталып отырады (тек алтайлықтар мен тілеуіттерде ғана қой мен мешіннің орындары ауысқан, вьетнамдықтарда қоян орнына мысық, қой орнына ешкі айтылады). Мүшелдегі хайуандарды әр халық өз тілінде атайды.
Іс жүзінде мүшел есебі екі жүйеге бөлінеді. Бірі – түркі халықтары қолданған «таза мүшел», ол әрбір 12 жылда аяқталып, содан кейін қайталанып отырады. Екіншісі – 12 жылдан кейін жартылайғана қайталанып, 60 жылда аяқталатын Шығыс Азия халықтарының айналымы.
Мүшел есебін қолданатын халықтар, атап айтқанда мыналар:
1. Түркі тілдес халықтар – қазақтар, қырғыздар, ұйғырлар, өзбектер, түрікмендер, әзірбайжандар, татарлар, башқұрттар, чуваштар, чулымдықтар, шорлар, алтайлықтар, осман түріктері, тағы басқалар.
2. Моңғол халықтары – монғолдар, буряттар, қалмақтар, таңғұттар, торғауыттар, тағы басқалар.
3. Сібірдің тұңғыс - маньчжур халықтары – нивхилар, долғандар, эвенкилер, тағы басқалар.
4. Жапондар.
5. Кәрістер (бұлар ерте кезде ғана қолданған).
6. Оңтүстік - Шығыс Азия халықтары – кампучиялықтар, вьетнамдықтар, мьянмалықтар, тайландықтар, тағы басқала.
7. Пұштулар (ауғандықтар) мен ирандықтар (парсылар).
8. Кавказдың кейбір халықтары – абазиндер, ноғайлар, кабардиндер, черкестер, тағы басқалар.
9. Болгарлар.
Мүшел есебі Үндістанда, Мысырда, Вавилонда, Рим мен Грекияда, арабтарда, славяндарда, Батыс Еуропа елдерінде болмаған.
Мүшелдегі хайуандардың жынысы, тұқымы, түс - түгі, жасы есепке алынбайды. Сондықтан қой жылын қошқар жылы деп те, саулық жылы деп те, сек жылы деп те ұйғара беруге болады, жылдың хайуандардың жаратылысына ешқандай байланасы жоқ, солай тек шартты түрде аталып кеткен.
Мүшел есебімен санап дағдыланбаған адамға жылдардың ретін еске сақтау қиын, олардың орындары ауысып, шатаса береді. Сондықтан қажет ететін адамдарға мүшелдегі жылдардың тетелестігін көрсететін мынадай, бір ауыз, сызбалық өлеңді ұсынуға болады:
Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап, мойыма,
Тайма именіп ділмәрдан.
Мұнда әр сөздің бірінші дыбысы сәйкес жыл атының бірінші дыбысын көрсетеді: т – тышқан, с – сиыр, б – барыс, қ – қоян, т. с. с. Қазіргі уақытта мүшелдік жылдардың басы 22 наурызға келіп отырады. (жалғасы бар) 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Мүшел жас дегеніміз не? Мүшел жас дегеніміз не?
Қазақша жыл санау Халықтық жыл санау есебінде 12 жыл аты бар болса, олар туралы деректер VIII ғасырдағы "Күлтегін” ескерткіштері мен ХІ ғасырда өмір
Мүшелдің жалпы сипаты Мүшелдің жалпы сипаты
Жылдарды мүшелдеп санау ресми түрде қашан басталғаны әзір белгісіз. Ежелгі түркілердің ресми түрде мүшелдеп есептей бастаған уақыты ұмытылған, Алтын
Адамның жасына байланысты атаулары Адамның жасына байланысты атаулары
Адамның жасына байланысты атауларын біліп жүру әрбір қазақтың міндеті дей отыра, оларды жаттай жүрейік.
Төлдердің атаулары Төлдердің атаулары
Түйе – бота Жылқы – құлын Сиыр, қодас – бұзау Қой – қозы
Жыл санау Жыл санау
Жылдармен таныс: Тышқан, Сиыр, Барыс. Әрі қарай бұдан: Қоян, Ұлу, Жылан.
Мүшел жас Мүшел жас
Мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті есте ұстаған жөн. Бала 13 жасқа толғана бір мүшел деп қайырады да, кейінгілерге 12 жылды қосып отырады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×