ойын сауық отауы
Құстарға байланысты нанымдар мен сенімдер
02.12.2021 729 0 Admin

Құстарға байланысты нанымдар мен сенімдер

Салт-дәстүр
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Құстарға байланысты нанымдар мен сенімдер
  • Қарғалар тобымен шуылдасып ұшса, қыста күн суытады, ал жазда жамандық белгісін білдіреді.
  • Құстар өзендегі, арықтағы суға түссе, ауа райы өзгеріп, жаңбыр жауады; жер бауырлап ұшса, күн бұзылады.
  • Көкектің даусы оң жағыңнан естілсе, бай боласың; сол жағыңнан естілсе, сәтсіздікке ұшырайсың; алдыңнан естілсе, көп жыл ауырмайсың, денсаулығың жақсы болады.
  • Үкі түнде ауылдың сыртынан шақырса, ауылда көп кешікпей өрт, болмаса қайғылы жағдай болады; үкісін жұлып алып, бойтұмар етіп сақтаған адам қатерге ұшырамайды.
  • Егер тауық ұясына ерте қонақтаса, ертеңіне жауын - шашын болады; бір аяғын бауырына алып, ұзақ тұрса, күн суытады.
  • Егер тырналар дыбыс шығармай тым жоғары ұшса, күн жылы болады.
  • Үйдің төбесіне қарлығаш не көгершін ұя салса, жақсылық болады, өйткені бұл құстар – Алланың сүйіктісі.
  • Тауықтың мезгілсіз шақырғаны – жаман ырым.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күнге де қарап болжайық Күнге де қарап болжайық
Күн шыққанда және батқанда да екі жағынан бірдей тік сәулеленіп өңді болып көрінсе, кешікпей күн суытады. Күн батарда әр жерінен шоғырланған сәулелер
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Қарашаның соңы - желтоқсанның басында болатын алғашқы аязды жұрт «Қырбастың қызыл амалы» дейді. Үркердің сол жамбасқа келуі желтоқсанның 4 - 5
Аспан әлемінде болып тұратын құбылыстарға қарап, ауада болатын өзгерістерді болжай аласың Аспан әлемінде болып тұратын құбылыстарға қарап,
Бұлттарға қарап, күн райын болжаудағы халық тәжірибесіне тоқталсақ: Күн батар кезде бұлттар қызарып көрінсе, ертеңіне аспан ашық, күн жылы боларын
Ауа райын хайуандар мен жәндіктер де болжайды Ауа райын хайуандар мен жәндіктер де болжайды
Ара ұясына кеш қайтқанмен, топталып жиналып, ұяға таласа қатты гуілдесе, жаңбырды күткені, ұяларынан ұзамастан төңіректеп ұшып жүретін болса, күн
Төрт - түлікке қатысты ырым - тыйымдар Төрт - түлікке қатысты ырым - тыйымдар
Малды теппе құлындайды биесі, Тәубе қылар үй иесі, малдың бар ғой киесі. Пенделердің сөккенін, мал жібермес теп - тегін. Айуанды тепкенің – ырысыңды
Жаңылтпаштар №1 Жаңылтпаштар №1
Ұшақ құсша ұшар, Ұшақ ұшса, Ұзақ ұшар.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×