ойын сауық отауы
Туыстық атаулар сыры: Жиен
18.12.2021 1 036 0 Admin

Туыстық атаулар сыры: Жиен

Салт-дәстүр
Туыстық атаулар сыры: Жиен
Жиен (ер, әйел) – қыздан туған бала. «Қыздан туғанның қиығы жоқ, яғни бөтендігі жоқ» дейді халық. Нағашы ауылы үшін ерке әрі аса құқылы бар адам осы жиені. Ол нағашыларынан нені қаласа да үш рет алуға құқылы, ал нағашылары қымбат зат болса да оны сөзсіз беруге тиіс. Оны – «жиенқұрық» деп атайды. Жиен сол елдің кемшілігін, қатесін ойынды - шынды батыл айтып отырады.
Оның сөзін кектеуге, ұрсуға болмайды. Осындай батыл сөздер үшін нағашылары «жиен ел болмас» деп мақалдайды. Сонымен бірге «жиен мыңнан үлкен» деп тағы да қатты сыйлайды. Нағашылы - жиенділер кездескен жерде бір - бірімен әзілдесіп, ойнап - күліп жатады. Жиен мұндайда өзін еркін сезінеді. «Балалығың ұстаса нағашыңа бар» деген осыдан шыққан. Нағашы мен жиен бірін - бірі ешқашан күндемейді, керісінше олар бірін - бірі жақсы болса мақтаныш тұтады.
Жиендік те жасқа қарамайды. Кейде жиен нағашыдан үлкен болуы мүмкін. Мұның нағашы - жиендік ресімдерге кедергісі жоқ. Жиен жасына қарай жиен аға, жиен апа, жиен сіңілі т. б. болып аталады.
Ел ішінде нағашылы - жиенділер арасында аңыздар, күлкілі әңгімелер көп.
Жиен кейде нағашылардан қыз алады. Оны жиен күйеу дейді. Әрі жиендігіне, күйеулігіне басып, ол еркелікті одан әрі үдете түседі. Ал нағашылары әрі қайнылары оны көтере береді.
  • Жиен мыңнан, күйеу жүзден үлкен.
  • Жиен назары жаман.
  • Жиен келді дегенше – жеті бөрі келді де.
  • Жиен ел болмас, желке ас болмас.
  • Жиен ел болады – малы болса,
Желке ас болады – жалы болса.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Туыстық атаулар сыры: Нағашы Туыстық атаулар сыры: Нағашы
Нағашы (ер, әйел) – ананың төркін жұрты балаға (жиенге) нағашы деп аталады. Нағашы жұртын «сыншыл» дейтін үш жұрттың ішіндегі ең сыйлысы осылар. Олар
Туыстық атаулар сыры: Күйеу Туыстық атаулар сыры: Күйеу
Күйеу (ер) – бір рудың қызын алған жігіт сол елге «күйеу» болып есептеледі де, сол ел оның қайын жұрты деп аталады.
Туыстық атаулар сыры: апа (әйел) Туыстық атаулар сыры: апа (әйел)
Апа (әйел) – бірге туған және туыстардың жасы үлкен қыздары оның інілері мен сіңлілері, келіндері үшін «апа» болады. Бұлардан апаның жолы үлкен және
Туыстық атаулар сыры: Ағайындылар Туыстық атаулар сыры: Ағайындылар
Бір ата - анадан туған ұл, қыздар, ағалы - інілілер мен апалы - сіңілілілерді бір сөзбен ағайындылар дейді. Ағалы - інілілердің балалары да бір -
Туыстық жанға тым ыстық - Мұзафар Әлімбаев Туыстық жанға тым ыстық - Мұзафар Әлімбаев
Күн жетпейді, алаң боп Кітап оқи бастасам... «Шаруам көп, шамам жоқ», - Демейді анам ешқашан. Бізді бағып - қағады, Қайдан мұрша табады?!
Туған күнге арнау Туған күнге арнау
Мінезің бар әкеңдей бір салмақты, Жігіт болып өсе бергін жан - жақты. Құттықтайды нағашылар әулеті, Тараздық Мухит атты нағашы!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×