ойын сауық отауы
Туыстық атаулар сыры: апа (әйел)
18.11.2020 1 059 0 Admin

Туыстық атаулар сыры: апа (әйел)

Салт-дәстүр
Туыстық атаулар сыры
Апа (әйел) – бірге туған және туыстардың жасы үлкен қыздары оның інілері мен сіңлілері, келіндері үшін «апа» болады. Бұлардан апаның жолы үлкен және оған «апай» деп құрмет көрсетіледі. Апа оларға еркін, батыл, адуындылау, базыналы болады. Кішілер оны көтере білуі, ілтифат көрсетуі, оның алдында құрдай жорғалап, сыйлауы керек. Оның өтініші, бұйрығы сөзсіз орындалғаны жөн. Апа жақсы аға, інілерін, туыстарын мақтаныш етіп, өсіп отырады. Ол ағайын бірлігін, ел намысын қорғауда да үлкен жұмыстар істейді. Өз туыстарының кемшілігін батыл айта алады. Ызалы кезінде туыстарына көз жасын төгіп те жібереді. Бұл туыстары үшін ауыр тиеді. Інісіне өкпелеген аңқау өкпе «сендер апа демесеңдер демей - ақ қойыңдар, Құдай апа десе болады» депті. Қалай айтқанда да апаның жолы бөлек және қымбат.
Апаның күйеуі жезде, баласы жиен болады.
Апама да барайын, тайымды да үйрете келейін.
Апама жездем сай.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Туыстық атаулар сыры: Қарындас, сіңлі Туыстық атаулар сыры: Қарындас, сіңлі
Қарындас (әйел) – ағайындылар ішінде жасы кіші қыз ағалары үшін қарындас болады. Бұлар аға, іні үшін қымбат та, қимас жандар.
Туыстық атаулар сыры: аға, іні Туыстық атаулар сыры: аға, іні
Аға (ер) – Бір әке - шешеден туған (немесе рулас ағайын - туыс) жасы үлкен жігіт – аға деп аталады. Ағаның жөні де, жолы да үлкен деп есептеледі.
Туыстық атаулар сыры: ұл, немере Туыстық атаулар сыры: ұл, немере
Ұл (ер) – шаңырақ иесі, ел, ру, әке кіндігінің жалғасы деп есептеледі. Ұл туғанда «ат ұстар» деп хабарлайды. Ұл туғанда – күн туар. Ұлға – отыз үйден
Туыстық атаулар сыры: Ағайындылар Туыстық атаулар сыры: Ағайындылар
Бір ата - анадан туған ұл, қыздар, ағалы - інілілер мен апалы - сіңілілілерді бір сөзбен ағайындылар дейді. Ағалы - інілілердің балалары да бір -
Туыстық атаулар сыры: бала Туыстық атаулар сыры: бала
Бала (ұл / қыз) – ата-анадан тараған ұрпақтарды айтады. Жеті атадан санағанда бірінші буыны. Олар жынысына қарай «ұл», «қыз» деп аталады. Балалы үй
Туыстық атаулар сыры Туыстық атаулар сыры
Әже (әйел) – әкенің шешесі. Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын көптің сыйлы анасы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×