ойын сауық отауы
Жеке атаулар мен іліктік сөздер: құрбы, құрдас
02.10.2022 744 0 Admin

Жеке атаулар мен іліктік сөздер: құрбы, құрдас

Салт-дәстүр
Туыстық атаулар сыры
Жеке атаулар мен іліктік сөздер
Құрбы (ер, әйел) – жастары шамалас адамдарды құрбы дейді. Құрбы - құрдас дегеннің өзі осы сөзді анықтап тұр.
Құрдас (ер, әйел) – туысқандығына, іліктік қатынасына қарамастан бір жылғы туған адамдар «құрдас» деп аталады. Құрдастар жаны – дос, сөзі – ақ дегендей бір - бірімен қатты қалжыңдасады. Тіпті, құрдасы сол жерде жоқ болса да сырттай отырып, қалжыңдай береді. Олар ол сөзді кектемейді. «Әкесі құрдастың, баласы құрдас» деп бұлардың әйелдері де құрдас деп есептеп, олардың атын айтпай «құрдас» деп құрметтеп отырады, әзілін де айта отырады.
Құрдастардың балалары оларды «әке» деп сыйлауы керек. Тағы бір айта кететін қызық жайт: осындай құрдастық қалжың түркі халықтарының ішінде қазақ халқында ғана бар екен. Құрдастар назы, сөзі бір - біріне өтімді болады.
Жасы үлкенді - кішілі болса да, бірін - бірі құрдастай қажап, қалжыңдасып отыратын адамдар да болады. Қазақта мұндайды «жанқұрдас» деп атайды.
  • Әкесі құрдастың – баласы құрдас.
  • Көп жасаған құрдасынан айырылады.
  • Көргенсізбен құрдас болма,
Опасызбен сырлас болма.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Туыстық атаулар сыры: қолқанат, дос, тамыр Туыстық атаулар сыры: қолқанат, дос, тамыр
Қолқанат (бала) – алып кел, барып келге жараған 4 - 5 жасар сәбиді қолқанат дейді. Оның сол жұмысқа жарағанына үлкендер риза болып оларды қолқанатым
Жеке атаулар мен іліктік сөздер: қолбала, қатын Жеке атаулар мен іліктік сөздер: қолбала, қатын
Қолбала (әйел) – бұрынғы кездерде біреулер туыстық жақындығы жоқ жетім қыздарды асырап, тәрбиелеп өсірген, әртүрлі үй жұмысына пайдаланған. Оны
Туыстық атаулар сыры: жар, жұбай Туыстық атаулар сыры: жар, жұбай
Жар. Жұбай (ер, әйел) – ер адамның әйелі, әйелдің күйеуі – оның жары немесе жұбайы деп аталады.
Жеке атаулар мен іліктік сөздер: бозбала Жеке атаулар мен іліктік сөздер: бозбала
Бозбала (ер) – жасы 14 - 16 - ға толған жас өспірімді бозбала дейді. Бұл балалық пен жігіттіктің арасындағы өтпелі балғын шақ.
Туыстық атаулар сыры: бай Туыстық атаулар сыры: бай
Бай (ер) – күйеуі, ері деген сөздің орнына қолданылатын ежелгі атау. Қазір замандас, құрдас әйелдер бір - біріне әзіл ретінде «сенің байың», «менің
Әкені қызының құттықтауы Әкені қызының құттықтауы
Таниды әр кез жан-жүрекпен кісіні ел, Әке, сізді бүгін бәрі түсінер. Құрдас десе сізді тұстастарыңыз, Аға дейді сізді барлық кішілер. Қалдыратын
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×