ойын сауық отауы
Жеке атаулар мен іліктік сөздер: көрші
13.11.2022 563 0 Admin

Жеке атаулар мен іліктік сөздер: көрші

Салт-дәстүр
Туыстық атаулар сыры
Жеке атаулар мен іліктік сөздер
Көрші – қатар отырған екі отбасы бірін - бірі көрші деп атайды. Туған - туыстыққа ешқандай қатысы жоқ болса да әр отбасы үшін көршінің орны бөлек. Бұл отбасылар құдайы көршіміз деп бірін - бірі өте қатты сыйлайды. Қолда барын бөлісіп, араласып отырады. Олардың балалары да тату болады. Үй иесі бір жаққа сапарға шықса, бар дүние - мүлкін, кілтін көршісіне сеніп тапсырады. Және бұл сенім қазақта ешқашан бұзылған емес.
Халқымызда көрші хақысы деген ұлағатты сөз бар. Бұл көршінің қасиетін, биік орнын білдіретін үлкен ұғым, зор баға.
Жақсы көрші – туыстан еш кем емес. «Көмегі жоқ әкеден көршің жақсы саналар» деген Қ. Айнабековтың толғауы осыны толық дәлелдейді. Көршілердің бірі көшіп кете қалса, олар айрылар көжеге шақырып, қимас көңілін білдіреді.
  • Көршің үшін намазаыңды бұз.
  • Көршің шақырғанда бір жеңіңді киіп, бір жеңіңді кимей бар.
Ілік, жекжат (ер, әйел) – туыстығы жоқ, бірақ құданың құдасы, нағашысының бөлесі, жиеннің балдызы тағы сол сияқты басқа жанама туыстық қатысы бар адамдар арқылы жақындасатын адамдарды «ілік» деп атайды. Олар нағашы, жиен сияқты туыстық, жақындық хұқықтарды талап ете алмайды.
  • Құданың құдасы – құнан қойдың сорпасы.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жеке атаулар мен іліктік сөздер: құрбы, құрдас Жеке атаулар мен іліктік сөздер: құрбы, құрдас
Құрбы (ер, әйел) – жастары шамалас адамдарды құрбы дейді. Құрбы - құрдас дегеннің өзі осы сөзді анықтап тұр.
Туыстық атаулар сыры: қолқанат, дос, тамыр Туыстық атаулар сыры: қолқанат, дос, тамыр
Қолқанат (бала) – алып кел, барып келге жараған 4 - 5 жасар сәбиді қолқанат дейді. Оның сол жұмысқа жарағанына үлкендер риза болып оларды қолқанатым
Жеке атаулар мен іліктік сөздер: бозбала Жеке атаулар мен іліктік сөздер: бозбала
Бозбала (ер) – жасы 14 - 16 - ға толған жас өспірімді бозбала дейді. Бұл балалық пен жігіттіктің арасындағы өтпелі балғын шақ.
Туыстық атаулар сыры: Бажа Туыстық атаулар сыры: Бажа
Бажа (ер) – апалы - сіңілілі қыздардың күйеулері бір - біріне бажа болады.
Көршіңе қатысты 27 нәрсені біліп жүр Көршіңе қатысты 27 нәрсені біліп жүр
Көршіні сөзбен жəне іспен ренжітпеу керек; Көршінің үйіне жəне ауласына рұқсатсыз көз тастауға, рұқсатсыз кіруге болмайды;
Жақсы көрші – тынысың Жақсы көрші – тынысың
Көрші-қолаңмен тату болу жайында
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×