ойын сауық отауы
Он төртінші сын. Биқұмар Камалашұлының жазғаны
23.01.2023 393 0 Admin

Он төртінші сын. Биқұмар Камалашұлының жазғаны

Салт-дәстүр
Атбегілік арналары
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Он төртінші сын. Биқұмар Камалашұлының жазғаны
Жүйрік аттар жаратылыс бітіміне байланысты әртүрлі шабады. Мысалы, кейбір аттар бәйге шығар, шықпадан тура барлық жүйріктен оза шығады да, сол бойында алдына ат салмай көмбеге бір - ақ жетеді. Мұндай жүйріктерді қазақтар «шыға салма жүйріктер» деп атайды.
Енді бір жүйрік аттар «ал» дегенде баяу шауып, артта қалып немесе артын ала көп жүйріктің соңынан ере келе, біртіндеп тынысы ашылып, терлей келе алдындағы аттарды бір - бірден тастап, озып отырып алдмен келеді. Осылай, артта қалып, кейін барлық жүйрікті басып озып келетін жүйріктерді «қызба шабатын жүйріктер» деп атайды.
Келесі бір жүріктер әу баста, бәйге шығардан озып келіп, жол ортаға келгенде, яғни, жол ортасына таяп келе, қарлығып, шаба алмай, басқа аттың барлығы дерлік қуып жетіп, аталмыш бәйге аты артта қалады. Мұнда жүйріктерді ел «ұшқыр, яғни, ұшқыр жүйрік» деп атайды.
Шыға салма жүйріктер – алды - арты тең, төртбақ, талдырмаш бойлы болады.
Қыза шабатындар – ұзын денелі, орақ бас, салпы ерін, кең таңау келеді.
Ұшқыр жүйріктер – тар танау, үшкір, шақша бас, денесі кішірек келеді.
Бірқалыпты шабатын жүйріктер – дөкір, жуан аяқ, биік, иықты, тынысты келеді.
Кейде бұл сындар сәйкеспей де жатады. Алайда, көп ауытқи бермейді. Сондықтан да, қазақ: «Алуан - алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» дейді.
Ат сыншылары жүйріктің шабысына көп қарайды. Көбінде ат шабысын аңның шабысына, аяқ тастасына балап айтады. Онда жолбарыс, қабылан шабысты, қасқыр, түлкі іспетті шабысты, күдір қояндай ырғи шабатындар, батпаңдап аю тәрізді шабатын дүбір аяқ жүйрік дегендер болады.
Ал, арқар шабысты немесе қасқыр шабысты жылқылар жүйрік болады.
Арқар шабыстың белгісі – мойынын, басын көтере шабады.
Қасқыр шабыстың белгісі – басын жерге салып, күжірейе шабады. Бұл өрге қарай шабатын, өрге лайық шабыс. Қоян, түлкі шабыстар да болады. Қоян ұшқыр шабысқа, түлкі шабыс ұзаққа шабады.
Жүйріктің шашасы мол болғаны жақсы деседі ат сыншылары. Содан да, қазақта, «шашасына шаң тимес» деген тіркес бар.
Жүйрік аттың шоқтығы сәл шығыңқысын қазақ атбегілері, ат сыншылары жақсы сынға жориды. Жүйріктің шоқтығының сыны ұзын шоқтық, келте шоқтық, қысқа шоқтық деп ажыратады.
Қазақ жүйрік атты ізіне қарап сынап келген. Егер ат жүргенде алдыңғы аяқ ізінен артқы аяқ ізі озып, асып түссе, бұл жүйрікті ұшқыр, әу баста озады, одан кейін қалады деп көреді. Ал, алдыңғы аяқ ізінің тұсына немесе сырт жағына артқы аяқ ізі түссе, ол атты өрен жүйрік болады деп көреді. Ақылды жүйріктер – кең мінезді, сабырлы, қыз сияқты кербез, назды келеді.
Жүйрік сыны дегеніміз салыстырмалы ұғым болғандықтан оны аң - құс, жан - жануарға салыстырып (құс төс, түлкі құйрық, қоян жон, т. б.) айта беруге болады. 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Он үшінші сын. Қадыл Айдаубайұлының үлгісі Он үшінші сын. Қадыл Айдаубайұлының үлгісі
Өрен жүйріктер үйірдің ортасында жүргенде әсем болып көрінбейді. Бойын (сынын) жасырып жүреді. Қол - аяғы жуан, арбиған, олпы - солпы, алқам - салқам
Он екінші сын. Сейіт Абызұлының үлгісі Он екінші сын. Сейіт Абызұлының үлгісі
Алтай өңіріндегі сыншылардың пайымдауы бойынша: бәйге атының басы етсіз, теке мұрын, жел қағарлы, азу тісі алдына бейім, маңдайы кең, әрі жазық
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Жүйріктің мұрыны бөкеннің текесінің мұрыныдай кең танаулы болады. Мұны «теке мұрын» немесе «теке тұмсық» деп атайды. Ерні салпы келіп, тістері ұзын
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Жүйріктердің бас бітімі жай аттардың басынан ерекшеленіп тұрады. Қазақ жүйріктері тәует бас болып келеді. Құлағы тік, «қамыс құлақ» болғанда,
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері: Киікбай сыншының үлгісі Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері: Киікбай
Шын жүйрік төсінің астынан адам жүгіріп өткендей кеуделі, омыраулы болады. Мұндай кең кеуделі аттың өкпесі қанша ұзақ шабыс, аламан бәйгеде де
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Толыбай сыншы жолаушылап келе жатып, анадай жерде жатқан аттың қу басын көзі шалады. Тізгінді тартып тұра қалып: «Мынау ерен жүйріктің басы екен,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×