Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері: Киікбай сыншының үлгісі
Салт-дәстүр
Атбегілік арналары
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Алтыншы сын. Киікбай сыншының үлгісі (ХІХ ғасыр)
Шын жүйрік төсінің астынан адам жүгіріп өткендей кеуделі, омыраулы болады. Мұндай кең кеуделі аттың өкпесі қанша ұзақ шабыс, аламан бәйгеде де ентікпейді.
Екі жақтың арасы алшақ, жұдырық сыйып кеткендей кең сағақты. Егер аттың кеудесі кең біткенімен, сағағы тар болып келсе, онда ол кең тыныстай алмайды. Сағағы кең жылқының тынысы да кең. Ақан серінің Құлагерінің сағағы кішігірім баланың басы сыйып кеткендей кең болған.
Қолтығы ашық, шынтағы сыртына қарай айнала біткен. Егер шынтақ қысыңқы болып бітсе, онда ол шапқан аттың қолтығынан соғып, өкпенің еркін тыныстауына кедергі жасайды.
Танауы қол сыйып кетердей кең, делдиіп тұрады. Мұны қазақ «бөкен танау» дейді. Кең танау, кең сағақ, кең қолтық, кең кеуде – осының бәрі де жүйрікке біткен өкпенің қандай шабыста да алқынбай тыныстауын қамтамасыз етеді.
Жүйріктің басы ұшқыр үйректің басындай ұзын, сүйрік болып келеді, әрі онда кесіп аларлық ет табылмайды. Осындай етсіз, сүйріктей басын алдына қарай төсей шапқанда, жүйрік қарсы аққан желдің кедергісін оңай жойып, құстай ұшады.
Мойыны жолбарыстың мойынындай жұмырлана бітеді. Мұндай мойын ертеден кешке шапқанда да талмайды. «Қой мойын» деген осындай болады.
Қас жүйріктің алды мен арты тең келеді. Мұндай аттың алдынан қарағанда, арты жіңішке сияқты болады, артынан қарағанда, алды жіңішке сияқты болады, ал, көлденеңінен қарағанда, алды - арты бірдей толық болып көрінеді.
Жүйрік жоталы да жаялы келеді. Жотасы кісі төсек салып жатардай жалпақ бітіп, жаялығы кісі құшағы бойындай кең келеді. Жоны қысқалау, күдістеу де болып келеді.
Тірсегі жолбарыстың тірсегіндей маймиып бітеді. Маймиған тірсекті жүйріктің артқы аяқтарының серпіні ғаламат күшті болады. Жүйрікті жүйрік ететін де осындай серпінділік. Мұндай тірсекті ел арасында «бота тірсек» деп те атайды.
Тұяғы төңкерілген кеседей, жайылмай, бүрісе бітеді әрі қалың, биік болады. Мұндай қалың әрі биік тұяқ қанша ұзаққа шапқанда да еш қызбайды. Жұқа, жатаған тұяқ тез қызады да, аяқтың қаруын тез қайтарады.
Жүйріктің құлағының түбі құланның құлағының түбі секілді бос болады. Жүйрік шапқан кезде, мұндай құлақ желкеге қарай жатып қалады да, оған қарсы соққан жел кірмейді.
Жал - құйрығы сұйық келеді. Олай болатын себебі бар: шын жүйрік майын жалы мен жаясына, қазысы мен қарнына, қартасына емес, етіне жинайды. Жал майға бітеді. Жал майы жоқ жылқының жалының қылы да сирек, сұйық болады.
Жүйрік сарқылмас қайратты болады. Қайраттылықтың сыртқы белгісін жүйріктің азу тісінен байқауға болады. Айқаса, кейін қарай кекжие біткен азу тіс – сондай сарқылмас қайраттың бір белгісі.
Жылқының мігнезі қабағында тұрады. Жұдырықтай түйіліп тұрған қабақ қайсар мінезді аңғартады. Қалың жарыста мұндай жылқы қуатына қуат қосып, өршіп, егесе шабады, алдына қара оздыруға намыстанады.

Толыбай сыншы жолаушылап келе жатып, анадай жерде жатқан аттың қу басын көзі шалады. Тізгінді тартып тұра қалып: «Мынау ерен жүйріктің басы екен,
Атбегілік арналары: Айғырдың сыны
Қазақ халқы жылқының тегі мен тұқымын жақсарту үшін үйірге жақсы айғыр таңдап салған. Жүйріктің бір тегі аталық айғырға байланысты. Халық мәтелінде:
Жүйрік жылқының сипаттары
Басы үлкен, құлағы көзінің үстіндегі ойыққа қарай құлай орналасқан, ауыздығы қатты, астыңғы ерні жер тіреген, көбі жүні сұйық, тұяғы доғал, ұшасы
Жүйрік жылқының сипаттары
Бұндай жүйріктің басты белгісі денесі тым үлкен болып келеді. Төрт тұрағы (аяғы) ұзын, тұмсық үсті дөңес, жазық маңдайлы, жайын ауыз, шоқтығы ет -
Күй аңызы: Алмажай
Алмажай – Абылайдың жүйрік аты екен. Бірде, сол Алмажаймен шауып келе жатып, мақтанып айтты дейді, менің Алмажайымдай ат бар ма.
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ. Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды, Ой желке, үңірейген болса сағақ.