ойын сауық отауы
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
05.03.2022 579 0 Admin

Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері

Салт-дәстүр
Атбегілік арналары
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Үшінші сын. Күреңбай сыншының үлгісі (ХІХ ғасыр)
Жүйріктердің бас бітімі жай аттардың басынан ерекшеленіп тұрады. Қазақ жүйріктері тәует бас болып келеді. Құлағы тік, «қамыс құлақ» болғанда, жұтқыншағы қойдың жұтқыншағына ұқсайды. Мұны «қой жұтқыншақ» десе болады. Сағағы кең, үңірейіп тұрады, соған байланысты мұндай сағақты атты жұрт «үңгір сағақ» деп атайды. Ерні салбырап тұрады, ондай ерінді «салпы ерін» дейді. Бастың өзі кез жарым болса да, одан кесім ет шықпайды. Танауы талыстай, кеңірдегі кең болады.
Жүйріктің мойын бітімінде ерекше көп мән бар. Қаз мойын сұлу көрінгенімен, шабуға жаралған жүйрік үшін жайсыз. Аламан бәйгеде мұндай мойын тез талады. Нағыз жүйріктің мойыны ұзын емес, бұланның мойынындай жұмырланып келеді. Жалы қалың да емес, сұйық та емес, құланның жалындай майда келеді. Оны ел арасында «құлан жал» деп те атайды.
Жаясы жазық келеді. Жоны жұмырланып, қоян жонданып тұрады. «Қоян жон» деп халық осындай жонды айтады.
Төсі түлкінің төсі пошымдас келеді. Шынтағы қалқыңқырап бітіп, қолтығы ашық тұрады. Мұндай қолтықты «қуыс қолтық» деп атайды.
Аяғы сіңірлі, жер соғарлы, тік біткен сом аяқ, быртық бақай, тазы тізе, ит жіліншік, құс топшы, серке сан – шын жүйрікке тән белгілер. Тілерсегі желмаяның тілерсегіндей болып бітсе, онда мұндай ат өзге аттардың екі - үш аттаған жерін бір - ақ аттайды.
Құйрығы қою да, сұйық та емес, қоқанның жібегіндей жеңіл келеді.
Ұршығы аласа, жамбастың басы делдек, шоқтығы өргек қалғабайлы, қақпан бел болып келеді.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Жақсы аттың түр - түсі де жақсы болады. Сондықтан аттың қасиетін анықтау үшін, оның бітіміне, жаратылысына байыптап қарау керек. Жақсы деген, жүйрік
Жүйрік жылқының сипаттары Жүйрік жылқының сипаттары
Сауыры, шоқтығы, желкесі бір сызық бойында тегіс орналасқан, басы шағын, аздап сопақша, кеңсірігі түзу, құлағы кішкентай және тік, көз жанары өткір,
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері: Киікбай сыншының үлгісі Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері: Киікбай
Шын жүйрік төсінің астынан адам жүгіріп өткендей кеуделі, омыраулы болады. Мұндай кең кеуделі аттың өкпесі қанша ұзақ шабыс, аламан бәйгеде де
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Толыбай сыншы жолаушылап келе жатып, анадай жерде жатқан аттың қу басын көзі шалады. Тізгінді тартып тұра қалып: «Мынау ерен жүйріктің басы екен,
Атбегілік арналары: Айғырдың сыны Атбегілік арналары: Айғырдың сыны
Қазақ халқы жылқының тегі мен тұқымын жақсарту үшін үйірге жақсы айғыр таңдап салған. Жүйріктің бір тегі аталық айғырға байланысты. Халық мәтелінде:
Жүйрік жылқының сипаттары Жүйрік жылқының сипаттары
Бұндай жүйріктің басты белгісі денесі тым үлкен болып келеді. Төрт тұрағы (аяғы) ұзын, тұмсық үсті дөңес, жазық маңдайлы, жайын ауыз, шоқтығы ет -
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×