ойын сауық отауы
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
22.05.2021 846 0 Admin

Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері

Салт-дәстүр
Атбегілік арналары
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Екінші сын. Толыбай сыншының үлгісі (ХVIІ ғасыр)
Толыбай сыншы жолаушылап келе жатып, анадай жерде жатқан аттың қу басын көзі шалады. Тізгінді тартып тұра қалып: «Мынау ерен жүйріктің басы екен, имек тұмсық, бөкен танау, көзінің ойындысы терең, жар қабақ, екі жақтың ортасы алшақ, тістері әлі жалтырап тұр, сүйегі қандай асыл еді жануардың. Мына тұмсығына қарағанда шоқтығы биік, аяғы ұзын, қоян тірсек, серпіні қатты, сіңірлі екен. Құмдауыт, босаң, көбелең жерде бәйге бермейтін жылқы. Жасы тоғыздан асып, онға қараған дер шағында өлген екен, жануар. Аттың өлгеніне үш жыл болыпты», - депті.
Қасындағылар: «Шын жүйріктің сыны қалай?» - дегенде: «Шырақтай жанған томаға көзі болады, етектей еріні болады, қас албасты қабақты келеді, от орнындай тұяқты келеді. Ал, шықшыты оралып жатқан түбектей болады, құлағы көлге біткен құрақтай болады, жалы күлтеленген жібектей болады. Құйрығы қынаптан шыққан қанжардай, жауырыны сыпыра шапқан тақтайдай, омыртқасы отаудай болады. Мықыны тар, сауыры зентекті қара көмірдей, жамбасы ұста соққан сандалдай болады. Кебеже қарын, кең құрсақ, сүбелік жері тастан соққан қорғандай, төсі тастан құлаған бұлақтай, бақайы қысқа, мойыны құлжа мойын, бауыздау жері піскен алма сағақты келеді», - депті.
Жас тұлпардың сынын толтырып, сипатын жетілдіру үшін, алдымен, оның сүйегін ағартады, бел қызығына қандырады, көңілін көтереді. Ол үшін жас байталдарды таңдап алып үйірге салады.
Жыл өткен соң үйірдегі бір байталды сойып жілігінің кемігін көреді. Егер жілік іші қаракемік болса, тұлпардың сыны әлі тонған жоқ деп көреді де, үйірден алмайды.
Келер жылы тағы бір байталды сойып, жілігін байқайды. Осылай сойылған байталдардың жілігі ағарғанға дейін тұлпарды үйірден алмайды. Ал сойылған байталдың жілік кемігі әбден ағарған кезде тұлпардың сыны толды, күші жетілді, күйіне келді деп көреді. Одан кейін оны баптап бәйгеге қосса, алдына қара салмайтын сәйгүлік болады.
(Бұл сын Мәшһүр Жүсіп Көпеев және Сәуірбек Бақбергеновтің жазбаларынан алынды)

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Шешендік сөздер: Дүзде батырмыз Шешендік сөздер: Дүзде батырмыз
Тойлыбай деген кісі әрі батыр, әрі шешен болыпты. Ас пен тойда кедеймін деп ығыспай батыр, билерге, бай мырзаларға сөз бермейді екен. Бір жолы тойдан
Атбегілік арналары: Айғырдың сыны Атбегілік арналары: Айғырдың сыны
Қазақ халқы жылқының тегі мен тұқымын жақсарту үшін үйірге жақсы айғыр таңдап салған. Жүйріктің бір тегі аталық айғырға байланысты. Халық мәтелінде:
Айғырдың сыны Айғырдың сыны
Қазақ халқы жылқының тегі мен тұқымын жақсарту үшін үйірге жақсы айғыр таңдап салған. Жүйріктің бір тегі аталық айғырға байланысты. Халық мәтелінде:
Жүйрік жылқының сипаттары Жүйрік жылқының сипаттары
Басы үлкен, құлағы көзінің үстіндегі ойыққа қарай құлай орналасқан, ауыздығы қатты, астыңғы ерні жер тіреген, көбі жүні сұйық, тұяғы доғал, ұшасы
Жүйрік жылқының сипаттары Жүйрік жылқының сипаттары
Бұндай жүйріктің басты белгісі денесі тым үлкен болып келеді. Төрт тұрағы (аяғы) ұзын, тұмсық үсті дөңес, жазық маңдайлы, жайын ауыз, шоқтығы ет -
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ. Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды, Ой желке, үңірейген болса сағақ.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×