ойын сауық отауы
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
23.03.2022 585 0 Admin

Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері

Салт-дәстүр
Атбегілік арналары
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Төртінші сын. Абайдың үлгісі (ХІХ ғасыр)
Жүйріктің мұрыны бөкеннің текесінің мұрыныдай кең танаулы болады. Мұны «теке мұрын» немесе «теке тұмсық» деп атайды. Ерні салпы келіп, тістері ұзын болады. Жағы қоянның жағындай, сағақтығы кең, үңірейіп тұрады. Ауыз омыртқасы шығыңқы бітіп, желкесі ой болып келеді.
Жүйріктің мойны жұмырланып келеді. «Қаз мойын» деп осындай мойынды айтады. Жалы майда келеді.
Омырауы кең бітіп, төсі тояттаған бүркіттің төсіндей салпы көрінеді.
Шынтағы қабырғадан алшақ тұрады.
Аяғы тік, жерсоғары сіңірлі келеді. Бақайы жуан, тақыр келіп, тұяғы жұмыр болады.
Жоны жоталы, қабырғалы, жауырыны етсіз әрі тақтайдай жалпақ, сауыры кең, мықыны тар бітеді. Жоны мен бауырын салыстырып қарағанда, жоны қысқа, бауыры жазық көрінеді. Алды - арты бірдей, үсті жайлы.
Арты талтақ, санды. Тірсегі ботаның тірсегіндей маймиып бітеді. Құйрығы күлтеленіп, қыл түбі әлді, көтендігі шығыңқы, ашамайлы, ұмасы үлпершекті келеді.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Жүйріктердің бас бітімі жай аттардың басынан ерекшеленіп тұрады. Қазақ жүйріктері тәует бас болып келеді. Құлағы тік, «қамыс құлақ» болғанда,
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері: Киікбай сыншының үлгісі Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері: Киікбай
Шын жүйрік төсінің астынан адам жүгіріп өткендей кеуделі, омыраулы болады. Мұндай кең кеуделі аттың өкпесі қанша ұзақ шабыс, аламан бәйгеде де
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Толыбай сыншы жолаушылап келе жатып, анадай жерде жатқан аттың қу басын көзі шалады. Тізгінді тартып тұра қалып: «Мынау ерен жүйріктің басы екен,
Атбегілік арналары: Айғырдың сыны Атбегілік арналары: Айғырдың сыны
Қазақ халқы жылқының тегі мен тұқымын жақсарту үшін үйірге жақсы айғыр таңдап салған. Жүйріктің бір тегі аталық айғырға байланысты. Халық мәтелінде:
Жүйрік жылқының сипаттары Жүйрік жылқының сипаттары
Бұндай жүйріктің басты белгісі денесі тым үлкен болып келеді. Төрт тұрағы (аяғы) ұзын, тұмсық үсті дөңес, жазық маңдайлы, жайын ауыз, шоқтығы ет -
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ. Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды, Ой желке, үңірейген болса сағақ.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×