ойын сауық отауы
Көркем сөздің құдіреті: мата атаулары
11.10.2023 241 0 Admin

Көркем сөздің құдіреті: мата атаулары

Салт-дәстүр
Көркем сөздің құдіреті
1. Баршын, қамқа
Олардың үстінде атлас, торғын, жолақ баршын көрпелер.
(Т. Жармағамбетов, Екі жүрек)

Басындағы шоқ үкілі камшат бөркі де, үстіндегі қос етекті көйлегі де, белін қынай киген қамқа ішігі де өзгеше.
(І. Есенберлин, Көшпенділер: Алмас қылыш)
---
2. Доқаба, қыжым
Сайлардың бетегелі бұлымдары бір жері тақыр, бір жері ашаң, жасыл тозған доқабадай.
(Ш. Мұртаза, 41 - жылғы келіншек)

Аздап күте тұруға тура келді. Әлден уақытта іштен үстінде қара қыжым қамзолы бар кәрі шешей шықты.
(С. Мәуленов, Шыңдағы шұғыла)
---
3. Саң, бөз
Жейде - дамбал ақ саңнан, жарғақ шалбар,
Жырым балақ матамен әдіптеткен.
(Абай, Ескілік киімі)

Иніші жыртылған көйлектер, тері шалбар мен бөз көйлектің қасында ханның киіміндей.
(Х. Есенжанов, Тар кезең)
---
4. Шілтер
Көрпе - төсекке малындырып, шілтерлі ақ жапқан.
(Ә. Нұрпейісов, Күткен күн)
---
5. Ұштап
Қауынның әңгелегіндей томпиған қос анары қос етек ақ ұштап көйлегінің омырауын кернейді.
(Сейітжан Омаров, Жүйрік ат көңіл)
---
6. Шұға
Абай үстіне бешпет, шалбар, сыртынан ұнамды күрең шұғамен тыстатып жеңіл, жылы, кең күпі киген.
(М. Әуезов, Абай жолы: 2 том)
---
7. Кенеп
Вагонның біреуінде, үстіңгі орында киімсымақ бірдемелерді астыма төсеп, кенеп дорбамды басыма жастап, шалқамнан түсіп жатырмын.
(Б. Соқпақбаев, Өлгендер қайтып келмейді)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қазақша мата атаулары Қазақша мата атаулары
Көркем сөздің құдіреті 1. Жібек, Манат, Биқасап Тегеріші манаттан, Жібектен ызып бау таққан Үйге де кірер ме екенсің? (Дулат Бабатайұлы, О, Ақтан
Көркем сөздің құдіреті: Нойыс Көркем сөздің құдіреті: Нойыс
Мысалдар: 1. Ержетіп, ел ұстауға жарап қалған інісін нойыс ашумен қорқытып, өр кеудемен баспақ. (Ғ. Мұстафин, Дауылдан кейін)
Көркем сөздің құдіреті: Науша Көркем сөздің құдіреті: Науша
1. Жас, балғын, жаңа; 2. Сымбатты, ашаң, сұңғақ.
Көркем сөздің құдіреті: Мұқалу Көркем сөздің құдіреті: Мұқалу
1. Өткір заттың жүзі қайырылу, майырылу, тұқылдану; 2. Беті/меселі қайту, сағы сыну; әлсіреу. Мысалдар: 1. Алмас қылыш қанша мықты болғанмен де, қара
Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар
Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар 1. Шама, мөлшер, уақыт; болжам; 2. Мұрша, әл, мүмкіндік.
Көркем сөздің құдіреті: Қырбай Көркем сөздің құдіреті: Қырбай
1. Қырғи қабақ, дүрдараз, араз; 2. Икемсіз, ебедейсіз. Мысалдар: 1. Абай әңгiменi алғаш өзi ойлаған жаққа бұрды. – Сол менiң әкеммен қырбай боп
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×