ойын сауық отауы
Қазақша мата атаулары
03.04.2023 465 0 Admin

Қазақша мата атаулары

Әдебиет
Көркем сөздің құдіреті
1. Жібек, Манат, Биқасап
Тегеріші манаттан,
Жібектен ызып бау таққан
Үйге де кірер ме екенсің?
(Дулат Бабатайұлы, О, Ақтан жас, Ақтан жас)

Биқасап шапанын жамылып <...> табалдырықтан аттады.
(Ж. Аймауытов, Ақбілек)
---
2. Дүрия, Батсайы, Шағи
Оның iшiнде келiнге жасау тiгiлетiн батсайы, мақпал, манат, дүрия, шағи бөлек салынған.
(М. Әуезов, Абай жолы: 1 том)
---
3. Мақпал, Барқыт
Ұлықтар отыратын екі биік стол қатар қойылын, үстіне алалы мақпал жабылыпты.
(М. Әуезов, Абай жолы: 3 том)

<...> қыпша беліне мықынын оя тіккен қызыл барқыт оқалы пешпенті жарасып - ақ тұр.
(І. Есенберлин, Көшпенділер: Қаһар)
---
4. Сәтен, Ләмбөк
Оң жақта темір кереует үстінде, аспан түстес көк сәтенмен тысталған үш жастық.
(Ғ. Мұстафин, Өмір не өлім)

Жылтырақ жамылғаны қара ләмбөк,
Басында селкілдейді ноғай телпек.
(X. Ерғалиев, Көбік шашқан)
---
5. Бәтес
Алтынайға ақ бәтес көйлек, жасыл жеңсіз де пайда бола бастады.
(Ж. Аймауытов, Ақбілек)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Нойыс Көркем сөздің құдіреті: Нойыс
Мысалдар: 1. Ержетіп, ел ұстауға жарап қалған інісін нойыс ашумен қорқытып, өр кеудемен баспақ. (Ғ. Мұстафин, Дауылдан кейін)
Көркем сөздің құдіреті: Далда Көркем сөздің құдіреті: Далда
1. Қағаберіс, ық; 2. Қалқа, таса, көлбегей.
Көркем сөздің құдіреті: Кенде Көркем сөздің құдіреті: Кенде
1. Тапшы, мұқтаж, зәру; 2. Кем, аз.
Көркем сөздің құдіреті: Өбектеу Көркем сөздің құдіреті: Өбектеу
1. Жаны қалмау, асты - үстіне түсу, әлпештеу; 2. Жағымпаздану.
Көркем сөздің құдіреті: Қырбай Көркем сөздің құдіреті: Қырбай
1. Қырғи қабақ, дүрдараз, араз; 2. Икемсіз, ебедейсіз. Мысалдар: 1. Абай әңгiменi алғаш өзi ойлаған жаққа бұрды. – Сол менiң әкеммен қырбай боп
Мақпал - Шын сүйемін сені Мақпал - Шын сүйемін сені
Мақпал Исабекованың жаңа әніне бейнебаян
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×