ойын сауық отауы
Көркем сөздің құдіреті: Нойыс
11.12.2022 371 0 Admin

Көркем сөздің құдіреті: Нойыс

Әдебиет
Көркем сөздің құдіреті: Нойыс
Дойыр мінезді, дөкір, дөрекі, тоңмойын.
Мысалдар:
1. Ержетіп, ел ұстауға жарап қалған інісін нойыс ашумен қорқытып, өр кеудемен баспақ.
(Ғ. Мұстафин, Дауылдан кейін)
2. Сәл жеңіл қимылдасаң нетті, жазығы қамал алуды үйреткені ме? Нойыс неме, менің ойымды дұрыс түсінбегенсің ғой.
(І. Есенберлин, Көшпенділер: Қаһар)
3. Бастығымыз Ерден деген қатыгез, нойыс, тоңмойын, қатал жан еді.
(З. Шашкин, Ақбота)
4. Тыныбай болса жалтақ, Көксеген болса бір беткей, нойыс.
(Қ. Жұмаділов, Тағдыр)
5. Қолына түссең, оңдырмайтыны айдан анық. Мінезі шадыр, нойыс адам.
(С. Жүнісов, Өшпейтін іздер)
6. – Жарықтық, ә, жарықтық! – деп оятты. Анау бір нойыстау пәле екен.
(Ж. Молдағалиев, Сарыарқаның сүйіктісі)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Өбектеу Көркем сөздің құдіреті: Өбектеу
1. Жаны қалмау, асты - үстіне түсу, әлпештеу; 2. Жағымпаздану.
Көркем сөздің құдіреті: Сарабдал Көркем сөздің құдіреті: Сарабдал
Көркем сөздің құдіреті: Сарабдал 1. Байсалды, салмақты, біртоға; 2. Тәжірибелі, кәнігі, ысылған.
Көркем сөздің құдіреті: Мұқалу Көркем сөздің құдіреті: Мұқалу
1. Өткір заттың жүзі қайырылу, майырылу, тұқылдану; 2. Беті/меселі қайту, сағы сыну; әлсіреу. Мысалдар: 1. Алмас қылыш қанша мықты болғанмен де, қара
Көркем сөздің құдіреті: Әлет Көркем сөздің құдіреті: Әлет
1. Мезгіл, мерзім, кез, уақыт, уақ; 2. Жарық, сәуле, нұр; Айдың, күннің, жұлдыздың айналасын қоршаған сәуле.
Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар
Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар 1. Шама, мөлшер, уақыт; болжам; 2. Мұрша, әл, мүмкіндік.
Көркем сөздің құдіреті: Қырбай Көркем сөздің құдіреті: Қырбай
1. Қырғи қабақ, дүрдараз, араз; 2. Икемсіз, ебедейсіз. Мысалдар: 1. Абай әңгiменi алғаш өзi ойлаған жаққа бұрды. – Сол менiң әкеммен қырбай боп
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×