Дастарқанға ақ бата
Бата бердім, бақ тіледім, Ақ дастарқан басына, Я, Құдайым, шын тіледім, Келсін деп менің қасыма! Көңілің көлдей болып, Көргенің түстей болып, Қыдыр қонсын басыңа! Әумин!...

Қазақтың бата - тілек, өсиеттері
Малың семіз болсын, Төлің егіз болсын, Бізге бірді сойсаң, Орнына тоғыз болсын!...

Жас балаға бата
Асан Қайғы бабадай саналы бол, Ғаріпте әз Жәнібектей паналы бол. Керейде Дәстем салдай бағалы бол, Атақты Келден бидей саналы бол....

Қыз балаға берілетін бата
Талдай бой берсін, Сұңғыла ой берсін. Жаздай жамал берсін, Нәркес жанар берсін!...

Ұл балаға бата
Бір үйдің баласы болма, Бүкіл елдің санасы бол! Бір елдің баласы болма, Бар елдің данасы бол!...

Ер - азаматқа бата
Жазықсыз жаладан сақтасын, Арқаңа ауыр жүк батпасын. Сөйлесең шешуші сәттерде, Сөзіңе ағайын тоқтасын....

Діни баталар
Құдайдың құлымын дегейсің, Мухаммед үмбетімін дегейсің. Шадияр досым дегейсің, Имам ағзамның қауымында қыл, Шайтанның сәрінен сақта, Патшаның кәрінен сақта, Намаздың қазасынан...

Сүндетке отырған балаға бата
Қол жайыңдар халайық, сүндетке арнап, Құдай құлы Мұхаммед Үмбетке арнап. Қырық парыздың біреуі осы дейді, Исламда атқарар міндетке арнап....

Тойда берілетін бата. Көкен Шәкеев
... Осы тойда отырған, Жасың үлкен аға бар. Ағаға берер баға бар, Ағаға серік жеңге бар – Жеңгесіз күн кемге пар....

Ұл балаға бата. Фариза Оңғарсынова
Түндерің тыныш болсын, Үйлеріңе ырыс толсын! Келіндерің есті болсын, Ұлдарың сесті болсын....
