ойын сауық отауы
Қонаққа бару мәдениеті
15.12.2022 10 471 0 Дауыл

Қонаққа бару мәдениеті

Жалпы кеңес
Қонаққа бару мәдениеті
Қонаққа барарда үй иелеріне қандай сыйлық алатыныңыз қандай киім киетініңізбен қоса, ондай орында өзіңді қалай ұстау керек, бұл да маңызды.
Кез келген адам қонаққа барудың кейбір ережелерін қатаң ұстануы этикетке сай болып табылады.
Қонаққа кешігіп баруға болмайды, бұл үй иесін сыйламау дегенді білдерді. Сондай - ақ белгіленген уақыттан бұрын баруға да болмайды, ерте барып үй иесін әбігерге салып қоюыңыз мүмкін. Ұқыптылық таныта отырып, дәл белгіленген уақытында барғаныңыз дұрыс.

Киіп баратын киімдерді күні - бұрын дайындап қойған жөн. Киім өзіңізге жарасымды мерекеге сай болуы тиіс. Ұқыпты әрі сәнді киініп келу арқылы, үй иесіне деген құрметіңізді көрсетесіз.

Қонаққа сыйлықсыз келу де мәдениетсіздікке жатады. Ол тіпті, күні бұрын жоспарланбаған кішігірім отырыс болса да, тәтті (шоколад) немесе жемістер ала барыңыз. Мереке барысында өзіңізді емін - еркін сезініңіз және табиғи қалыпта ұстаңыз. Қонақтарға жылы шырай танытып, ортақ әңгімеге қосылып, жылы атмосфера қалыптастыруға тырысыңыз. Дастархан басында жеке мәселелер мен қиындықтар туралы айтпаңыз, қонаққа келгеніңді ұмытпау керек.

Уақытты ескеріңіз, қонақта ұзақ отырып алмаған жөн. Уақытында келгендей, уақытында қайту қажет. Қонақтармен қоштасыңыз, үй егесіне жылы қарсы алғандары үшін алғыс айтуды ұмытпаңыз.
Осындай қарапайым ережелерді орындасаңыз жеткілікті. Егер бұны басты қару етіп ұстанатын болсаңыз, айналаңыз сізді сыпайы әрі мәдениетті тұлға ретінде көретін болады.

Мерекелік дастархан басында өзіңді қалай ұстау қажет?
Дастархан басында адамның мінез-құлық ережесін – қыр-сыры көп этикеттің бір бөлігі деп атауға болады. Бұл туралы көп адам біле бермейді. Қарапайым мерекелік дастарханда түрлі ас құралдары көп болмағанымен де негізгі ас құралдары: қасық, шанышқыны қалай пайдалану керектігін білу керек.

Дастархан үстінде өзіңізге ұнаған тағамды алу үшін қолды алысқа созу қажет емес, жақын отырған адамға алып беруін сұраңыз.
Көршіңізбен әңгіме-дүкен құрарда тек басыңызды жай ғана бұрып сөйлесеңіз жеткілікті. Дастархан басында көп қимылдамаған дұрыс, қайта-қайта қимылдай беру қонақтарға ыңғайсыздық туғызуы мүмкін.
Сонымен қоса дастархан үстіндегі асты сынау мәдениетсіздіктің белгісі.

Қасықты мұқият ұқыпты ұстаған жөн, одан астың бір тамшысы да тамбауы қажет. Егер шанышқы мен пышақ пайдаланып отырсаңыз, шанышқыны – сол қолға, пышақты – оң қолға ұстау керек. Егер тек шанышқы ұсынса, оң қолға ұстаңыз. Сонымен қоса тағамды шайнау үстінде, қолыңызды төменірек түсіріңіз.

Тамақтанып болсаңыз ас құралдарын тәрелкенің үстіне қойыңыз, бұл сіздің тамақтанып болғаныңызды, тәрелкені ауыстыруға болады дегенді білдіреді.

Кейде, мереке кезінде ыдыс - аяқ сынбай тұрмайды, егер сізде сондай жағдай орын алса, сындырып алғаныңыз үшін үй егесінен кешірім сұраңыз. Алайда, қайта-қайта сол туралы ызыңдап айта бермеңіз.

Этика – қыр-сыры көп күрделі ғылым. Бірақ соның бірнеше ережелерін ұстана отырып, ыңғайсыз жағдай болдырмайсыз.

Жалпы ереже
1. Қағаз орамалды жаймен ашып – алдыңызға төсеп қойыңыз. Үлкен болса екі қабаттап төсеген дұрыс, жинақы болып тұруы үшін.
2. Столда қалай отыру керектігін бала кезімізден білеміз: арқаны түзу ұстап отыру қажет, шынтақты стол үстіне қоюға болмайды. Егер қолыңызды қайда қоюды білмесеңіз, жай алдыңызға тізе үстіне қойып отырыңыз.
3. Стол үстіне телефон, темекі, сөмке, көзілдірік т. б заттарды қоюға болмайды. Тамақтану кезінде тамаққа қатысы жоқ кез келген бұйым онда тұрмауға тиіс.
4. Жаңа тағам келген сәтте, басқалардан бұрын бас салмай аздап күтіңіз.
5. Тамақты асықпай ішіңіз. Асығу – қонақтарды сыйламау болып есептеледі.
6. Асты жегенде кішкентай бөліктерден бөліп жеген дұрыс, егер сізге сұрақ қойған жағдайда, асты жұтып тез жауап беру үшін.
7. Сорпа ішкенде түбінде 1 - 2 қасықты ішпей қалдыруға болады. Сықырлатып отырмас үшін.

Балаға арналған этикет
Қонаққа бару ережелерін ұстанумен қатар, сол ережелерді өз балаларыңызға да үйрету қажет.
Баланың жастайынан қонаққа барғанда өзін қалай ұстау керектігін құлағына құйып отыру керек. Бұл ереже бәріне ортақ, үлкендердің ұстанатын ережесінен айырмашылығы жоқ. Бірақ балаға оны жеңілдетілген түрде түсіндірген жөн, өйткені сонша тыйым мен шектеуден жаңылысып қалуы мүмкін. Егер балаңыз сыныптасының туылған күнге барғалы жатса, оған бірнеше ережені айтып түсіндіргеніңіз абзал.
Мысалы, қонақта кішіпейіл және мейрімді болу, заттарға сұраусыз тиіспеу. Үстел үстінде қимылдамай тыныш отыру, ауызды тамаққа толтырып алып сөйлемеу, қасық - шанышқыны жаламау керектігін ескерту. Қонақтармен жылы қарым-қатынас жасап, ойын-сауыққа араласып, үй егесін сыйлау керектін ескерткен жөн.
Көптеген жалған ережелермен баланы шаршату қажет емес, оның барлығын есте сақтауға олар қабілетсіз. Ондай әдептің тиімді болуы екіталай. Барлық ережені қарапайым түрде жеткізуге тырысыңыз.
Баланың сыпайы мінез-құлықты болуы, бойына мәдени негіздерді дарыта білудің ең жақсы жолы – өзіңіз. Сіз өзіңізді қалай ұстасаңыз – бала өзін солай ұстайды.

Дайындаған: Асыл

Дереккөзі: otprazdnuem. com

Қонақ күту ережелері

Көршіңе қатысты 27 нәрсені біліп жүр Көршіңе қатысты 27 нәрсені біліп жүр
Көршіні сөзбен жəне іспен ренжітпеу керек; Көршінің үйіне жəне ауласына рұқсатсыз көз тастауға, рұқсатсыз кіруге болмайды;
Жаңа жыл келгенге дейін жасап үлгеруге тиіс кейбір істер туралы Жаңа жыл келгенге дейін жасап үлгеруге тиіс
Желтоқсан айының соңғы аптасы жақындаған сайын, қарбаласқа толы болатыны бәрімізге белгілі
Ер азаматтарға қандай сыйлық жасаған дұрыс Ер азаматтарға қандай сыйлық жасаған дұрыс
Мереке сайын жақындарыңызды қуантып сыйлық сыйлау сыйлықты алушыға да сыйлаушыға да қуаныш сыйлайтыны рас.
Қонақ күту ережелері Қонақ күту ережелері
Қонақ күту – кез - келген үй бикесі үшін нағыз сынақ. Қонақтардың көңілінен шығарлықтай дастархан жайып, ас пісіру, дастархан жабдықтарын дайындау,
Үнсіздік Үнсіздік
Бір танысым қонаққа шақырды да, Топ адамның көзінше Пікір пішіп өзінше, Көңіліңді елемей аппақ айдын,
Моншада ескеретін кейбір ережелер Моншада ескеретін кейбір ережелер
Моншаға барарда өзіңмен бірге қандай заттар алып бару керек?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×