ойын сауық отауы
С. Жүнісов / Ақан сері
03.02.2022 834 0 Admin

С. Жүнісов / Ақан сері

Әңгімелер
Ұлы Даланың рухани жауһары
С. Жүнісов / Ақан сері
Жүнісов та өз кейіпкерін әр оқиға сайын өсіріп, әр қырынан көрсете білуге ұмтылып, оның патша мұрагері атаман Николай Алексеевич алдында бүкіл қазақ халқы атынан халық мұңын, ел тілегін айтуы – жазушының ғана тамаша шеберлігі емес, роман қаһарманы Ақан тартысының ең шырқау биігі, ең шырқау шыңы. Ылғи шен - шекпен киген ел жуандары мен патша ұлықтары қоршаған мұрагер. Өріп жүрген әкімдер... Осындай тұста патша ұлына қарсы сөз сөйлеу үшін қандай жүрек, қандай батылдық керек десеңізші! Тек жүректілік қана емес, елім деп, халқым деп соғар ұлы жүрек керек қой ақын кеудесіне.
Ақан осынау қатерлі іске неліктен барды? Автор өз қаһарманын үнемі даму үстінде көрсетіп, ақыры, осынау үлкен күреске қосып тұр, және нақты дәлелдеме, психологиялық мотивировка арқылы. Халқының көзіндегі жасты, көкірегіндегі мұңды сезімтал ақын жан - жүрегімен көре білді. Хадиша, Ақтоқтылар қасіреті, серінің өз басына түскен Сырымбет саласы, Қаратал қойнауы мен Ереймен тауларындағы үш ауыр тағдыр соққысы, жылқысы барымталанған керей жуандарының момын елден жалғыз қарасын сыпырып алғандағы халық көзіндегі шерлі жас, Нұртаза, Науан, Нұрмағамбет, ояздардың қалың бұқараға жасап отырған әділетсіздігі, үстемдік қанауы – осының бәрі - бәрі Ақанды үлкен күреске шығарды. Осынау оқиғалар әділетсіздік атаулыға қарсы күреске Ақан бейнесін тұлғаландырып қана тұрған жоқ, сонымен қатар сол замандағы дәуір тынысын, заман лебін бар болмыс - бітімімен көрсетіп тұр десек – артық айтпағанымыз. Беу, дүние - ай десеңізші! Кешегі серілік құрып, халқына ардақты боп, елінің айызын сұлу әнімен қандыратын тамаша күндер қайда? Серісін ортаға алып, жүздері бал - бұл жанған думанды серіктері қайда? Қиыла, ұяла қараған бойжеткендер, әннің жетегінде түн ұйқысын қиып таң атқанын білмей қалатын қалың бұқара, еңбекші халқы қайда? Оралмасқа кеткені ме, шынымен? Ақан осылай мұңайып, осылай толғанды ғой, әрине, дау жоқ. Нұртазаның зымияндығына алданған көзсіз ер жігіттердің ісін қумақ болып Ақмолаға барғанында Жайынбек үйіндегі советник Тұрлыбек Күшенұлына ақын ашынған жүрекпен соқтыққанда дүниедегі әділеттік атаулының жоқтығына қынжылып, бар болмысымен қиналып, ашына сөйлейді ғой. Сол үйдегі отырған қауым алдына күрес құралы – ақындық өнерімен Күлнәзиядай қаріп жанның қасіретін, үстері алым - жұлым, он екі мүшесінде сау - тамтық жоқ, дала бөрісіне де, ауыл төбеттеріне де таланған мүсәпірлер жайын айта келіп, олардың Тұрлыбекті іздеп жүргенін, ертеңгі ұрпақтың алдында осы Тұрлыбек, Жайынбектердің жауапты екенін қалай ғана тамылжытып айтып берді десеңізші!
Романда Құлагер қазасына байланысты Саққұлақ бидің айтқанымен Мәмбетәлі пікірінің өте ұқсас шығуы – «Құлагер» жырын бүгінгі ұрпаққа жеткізер жаңа буын қалыптасқанын дәлелдейтін ұтымды штрихтар. Сондай - ақ соңғы уақыттарда саяси тұтқындардың аузынан шығатын сөз бен Ақан сөзінің ұқсас шығуы да – автордың әр оқиға сайын өз кейіпкерін өсіріп, жаңа қырынан көрсетудің ұтымды тәсілі.
«Е, оны өлтіргеннен тағы бір Ковзолов, тағы бір зұлым бас көтермей ме?.. Біреуінің басын құртқанмен жылан ордасы бұзылмайды ғой!..»
Патша мұрагерінің алдында сөйлеген сөзі – Ақан күресінің ең шырқау шыңы десек, елді сорып, өлшеусіз қиянат жасап отырған Нұртазаға қарсы күресі – қалың елді соңынан ертіп, Нұртазадан кек алмақ болып ұмтылуы – романның үлкен жетістігі. Ақанның Цесаревич алдындағы күресіндей болмаса да, ірі күрескерлік рухын танытып тұр. Абай да оязға өшігіп, қалың бұқараға жұртты соңынан ертіп, ояз үйін сойыл астына алып, Базаралыны босатып алуы бар еді ғой. Серінің қалың жұрт алдында халықты Нұртаза сияқтыларға қарсы бастап, сөз сөйлеуі өте ұтымды шебер шыққан.
Ақандай ел еркесінің күшті топ өкілдеріне отты тілін қару етіп, генерал Лосевскиймен көл жағалап жүргенде патша урядниктерін ителгіге, болыстарды көл үстінен күн көрер тұйынға, билерді тышқаншылаған күйкентайға, ояз, генералдың өзін былапыт құладынға, ал ақ патшаны екі басты, бүкіл құстың, аң атаулының көз жасынан жиналған нөсермен ойнайтын жыртқыш – Самұрық құсқа теңеуі – бас кейіпкердің тұлғасын күрес үстінде даралап тұр.
Асылы, тарихи адамдар жайыл жазылған туындыларды сөз қылғанда: сол тарихи адам өмірде қандай, әдебиетте қандай боп шыққан, көркем шындық тарихи дәлдіктен ауытқымаған ба? – деген проблемаларға баса назар аудару орынды нәрсе. Және осы романдарды сөз ете отырып, дәстүр мен жаңашылдық проблемасын да естен шығармаған жөн. Прозаик Жүнісов өмірдегі Ақанның жүрген жолын, өмір сүрген ортасын ол туралы материал тапшы болса да, ерінбей ізденіп, қыруар нақты материал тауып, өмірдегі Ақандай тамаша образын жасап шығарды. Тарихи дәлдіктен ауытқымай, әрбір оқиға, Ақан басындағы жәйтті өз мақсатына – серінің күрескерлік рухын танытуға жұмсаған.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі


Ақан сері деген екен... Ақан сері деген екен...
Ақан сері Науан хазіретпен Қожым Тінәлі қажының апалы - сіңлілі қызда­ры­на үйленген. Бажа. Бірақ екеуінің де әйел­дері қайтыс болады. Науан бір
Деген екен: Ақан сері Деген екен: Ақан сері
Қыр елінде болған бір айтулы асқа келген Ақан сері Құлагерін бәйгеге қосқан ғой. Қанатты тұлпар топтан озып келеді. Бәйгеге тігілген жүз тұсақ қойды
Шешендік сөздер: Деген екен... Шешендік сөздер: Деген екен...
Атақты Науан хазірет Ақан серімен бажа еді ғой. Содан да бір - біріне деген сый - құрметтері суыспаған ғой. Бірде Науан бажасына: – Ғалымтайыма қыз
Шешендік сөздер: Деген екен... Шешендік сөздер: Деген екен...
Ақан сері ел аралап жүріп атақты Мейрам болыстың үйіне түседі. Кіріп келіп сәлем бергенде, Мейрам болыс орнынан ұшып тұрып: – Қарауылдың саңлақ
С. Жүнісов / Ақан cері С. Жүнісов / Ақан cері
Әлбетте, «Ақан сері» романында Ақан Абай сияқты өмірге көзқарасы жаңа қалыптаса бастаған кезден емес, аз да болса, өмірдегі теңсіздік мәселесін
Көркем сөздің құдіреті: Басыр Көркем сөздің құдіреті: Басыр
1. Көз ауруы; көзге ақ түсіп, көрмей қалуы; 2. Еш нәрседен хабарсыз, бейхабар
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×