ойын сауық отауы
С. Елубай / Ақ боз үй
12.04.2021 2 063 0 Admin

С. Елубай / Ақ боз үй

Әңгімелер
Ұлы Даланың рухани жауһары
С. Елубай / Ақ боз үй
Қазақ прозасында ХХ ғасырдың 20 - жылдарының аяғы, 30 - жылдардың бас кезіндегі халық басынан кешкен ауыр хал, жаппай аштыққа ұшыраған кезең біршама қамтылды. С. Елубайдың бұл романының желісіне арқау болған осы тарихи кезеңнің шындығы.
Шындығында роман ауқымы кең. Ең алдымен үлкен жаңалық екенін анықтап айтқымыз келеді. Ал, авторын жаңа қалам, жаңаша қаламның иесі дер едік. Бұрын не жазғанын білмейміз, ал осы роман даусыз жаңа бастау. Сөз төркініне қаныға бастаған сайын, жаңа, жақсы нышан екен деп, іштей жадырадық. Мұндай сәтімен біткен дүниеге неге «бәрекелді» демеске.
Романның соңғы бетін жапқанда: баяғы ақ боз үйі көзіне елестеп сағым қуған Пахраддин мен оның бәйбішесі Сырғаны көреміз. Аштықтан, ұзақ жолдан титықтап, сүлде бітіп, «құм басында қалған екеу осылай өтті дүниеден». Шығарманың шүу басында қаракерін сылаңдатып, ауыл айналып жүрген жас Хансұлудың әкесі мен анасы еді бұлар. Бір кездегі «ауыл ортасында айдыны шығып тұрған үлкен ақ боз үй Хансұлудың үйі, сыртта қазықта қаңтарулы Қаракер құнан Хансұлудың құнаны» еді, енді міне ақ боз үадамдарының тағдыры бұлай шешлген. Хансұлу кешкен өмір, оның төңірегі, үлкенді - кішілі әрқилы жандар, олардың ісі, әрекеті туынды шертетін шежіренің мазмұны.
Шығарма қай тақырыпты, қайсыбір мәселені қозғаса да, әңгіме оның көркем жазылып нанымды шығуында ғой. Көркемдіктің ар жағында оқырманды иландырарлықтай пәрменді ой, мақсат, дәрменді сөз жатуы керек - ақ. Онсыз шығарма көркем туынды бола алмас.
Сол қатарда алсақ, біз атап отырған роман – жаңа нышан. Әңгіме не жайында, кім жайында? Біріншіден, бұрын болмаған, айтылмаған, көрінбеген кейіпкерлерге жолықтық, екіншіден, бұрын мүлде атаусыз келген қараспан заман, қатал кезең – 20 - 0 жылдар қасіретін көрдік. «Кәмпескелеу», ұжымшарға ұйымдастыру, қанадан тыс алым - салық, асыра сілтеу, белсенділік, ақырында халық басына келген нәубат – ашаршылық. Малды, ауқатты Пахраддиндердің көргені жоғарыдағыдай болса, басқалардың күні не болмақ? 30 - жылдардың басындағы ұйқы - тұйқы, қуғын - сүргін хал романда шынайы суретін тапқан. Әлеуметтік жағдайы жағынан да, мінез - құлқы, ой - өрісі жағынан да кең талдауын тауып, үлкен - кіші, әйел - ер деген сияқты ұйытқыдай ұйып, тіршілік етіп отырған бір тайпа елдің тағдыры әр қырынан, әр сырынан баян етіледі екі теңіз аралығы. Үстірт елінің өмірі. Мұның өзі батыс болсын, шығыс болсын бар қазақ жеріне тән тағдыр болғаны әбден айқын. Жазда қыр асып, қыста ық жағалай көшумен, қоныс аударумен, мал бағып күн көріп отырған жұрттың ескі қазақ ауылына тән жай - күйі аса бір құнтпен зерттеліп, зерделі қаламмен жазылған. Түйелі, малды сол өңір елінің өмір - тұрмысы, салт - санасы, мінез, сөз, сөйлеу мәнері әдемі таңбаланған. Кейіпкерлер түрі, сыпайы, ішкі - сыртқы пішіні жазушы ден қойған, дәл тапқан бейнелер.
«Малдың шуы мен кісі айқайлары ию - қиюы араласып жатқан» ауылдарда, «кедей - кембағал, жарлы - жақыбай, жетім - жесірге теңдік әперем деп, қалың бұқара халыққа дем берген жаңа өкіметтің саясатын» жұрт түсіне бастаған. Ауылдың кеңес бастығы болып сайланған етікші Шәріп те істің «таптық астарына ой жүгіртіп, бір тұтам сақалын саумалап» мән - жайды аңғарған кезі. «Кәмпеске» басталған соң ел іші әбден бүлінді, алауыздық та, алакөздік те етек алды; оның үстіне: «елдің қолында тышқақ лақ қалдырмайды екен, ине - жіп, қазан - табақ бәрі кәмпеске болып орталыққа түседі екен, бір көрпенің астында жатып, бүкіл халық бір қазаннан тамақ ішеді екен, тіпті қатын да ортақ меншікке айналып, «маятыбая, тыбая – мая» болады екен деген қауесет қаптап», қараңғы халықты есінен тандырды. Шығармада әрі қарай енді орнай бастаған жаңа әлеуметтік тұрмыстың дұрысы мен бұрысы аралас жайы, жалпы қауымның құлағы үйренбеген тосын бұйрық - жарлықтар, жақсы - жаман адамдардың іс - қылығы, әсіресе, асыра сілтеу, белсенділік, шаш ал десе, бас алатын топастық, мылқаулық, онан барып үдере көшу, босу, мал азайып, адамның да, жердің де тозуы жанға батып, жүректі ауыртар хикаяға айналады. (жалғасы бар) 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі


Ұлы Даланың рухани жауһары: Т. Әлімқұлов / Ақбоз ат Ұлы Даланың рухани жауһары: Т. Әлімқұлов / Ақбоз
«Ақбоз ат» романы – Тәкен Әлімқұловтың проза жанрындағы ең көлемді, әрі ең маңызды шығармаларының бірі.
Б. Майлин / Азамат Азаматыч Б. Майлин / Азамат Азаматыч
Романның тақырыбы – қазақ кедейлері қатарынан оқыған, интеллигенция өкілдерінің дайындалып шығу жолы.
Қазақ халқының ауа-райын болжау тәсілі Қазақ халқының ауа-райын болжау тәсілі
Құралайдың салқыны Мамыр айының аяғында болатын суық жел. Осы желге қарсы киік өз құралайларын (лағын) аяқтандырып, жүгіртіп, өргізеді. Киіктің
Азамат Азамат
Азамат көрдім, кеудесінде бар қос орден, Бейнесін таққан алтыннан құйған көсемнің. Дедім мен, сірә, еңбекпен ерте есейген Баласы болды - ау осы елдің.
Туған ауыл Туған ауыл
Мен туған ауыл – Ай мекен, Еске алмай жүрер күнім кем. Баяғы достар қайда екен, Бірге ойнап, бірге жүгірген?
Көреміз Көреміз
Тірі жүрсек, біз көреміз талайды, Жаңа жылды, жаңа күнді, жаңа айды. Ұзағырақ өмір болса, жарайды, Түн де келер, таң да атар арайлы.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×