ойын сауық отауы
Абайдың хакімдігі: «Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді...»
11.12.2022 381 0 Admin

Абайдың хакімдігі: «Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді...»

Әдебиет
Абайдың хакімдігі: «Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді...»
Абай өзгерісті мойындаған. Дүние бір қалыпта тұрмайды, ол күнде өзгереді. Неге десеңіз, дүниенің мазмұны – өзгерісте. Сондықтан алдымен «өзгеріс» деген сөз мәнін талдап көрейік. Қазақ тілінде «қозғалыс» деген сөзді жиі қолданамыз. Абайдың лексикасында «қозғалыс» деген сөз жоқ.
Қозғалыстың түбірі «қозғау» десек, онда Абай қолданған «өзгеріс» деген ұғымға қарағанда «қозғалыс» тым қарабайыр түсінік. Неге дейсіз ғой. Қозғалыстың түбірі «қозғау» болса, қозғалыстың өзінен - өзі өрбитін құбылыс емес, біреудің күші, әлдененің әсері арқылы болатын таза механикалық сипат алғаны. Ал бізге керекгі – қозғалыс деген ұғымның сыры ішінде болуы, өзінен - өзі қозғалыста болуы. Қозғалыс болған соң, ол әманда қозғалыста болады. Бұл мәңгілік қозғалыстың сыры өз ішінде, адамға беймәлім болатындығын мойындау керек. Осы мәнде алғада қозғалыс дегенге қаарғанда Абай айтқан «өзгеріс» әлдеқайда мазмұнды. Себебі адамзат күнде өзгергенде, замана күнде өзгергенде, күллі мақұлық өзгергенде біреудің ықтиярымен, еркімен болып отырған жоқ. Бұл өзгеріс өзінен - өзі болып отыр. Абай оның себебін ашпаған. Егер ақын осы ұғымға сүңги берсе, өлең емес, философиялық трактат жазып кетер еді. Абай – ақын, ол өз қызметін атқарған. Өзгерісте болатын дүние туралы өлең жазған. Оны түсіну, сіңіру – біздің міндет.
Күллі мақұлықтың, заманның, адамзаттың өзгерісте болуының өз ішкі себебі бар, қысқаша айтқанда, өзгеріс деген – тұрмыс - тіршілікке нталану. Өмір сүруге талпыныс. Бұл қасиет – табиғаттың өзінің бергені. Демек, Абай «өзгеріс» дегенде, оның себебін табиғаттың өзінен тапқан. Өзгерісті ешкім ақылмен жасамайды, ол – болмай қоймайтын қажетті іс. Өзгерісті бұлайша қабылдау – оны философиялық ұғым деп мойындау. Бұл бір.
Екіншіден, ақын өлеңді қабылдауда бір жұмбақ проблема ұсынады. Ол проблеманың мәнісі мынада. Дүниеде өзгерітндер бар да, өзгермейтін де бар. Абайдың мына оларына назар аударайық:
Алла өзгермес, адамзат күнде өзгере...
... Қағида шариғаты өзгерсе де,
Тағриф Алла еш жерде өзгермеді...
Күллі махлұқ өзгере, Алла өзгермес...
Алла – Абай ұғымында абсолют, мәңгіліктің есімі. Одан өзгелер – өзгеріске түсе беретіндер. Сөйтіп, біз өзгерістің абсолюттік және шарттылық қасиеттерін түсінуге тірелдік. Бұл – қазіргі ғылымға, философияға тән қасиет. Оқулықтарда тек қана «өзгеріс» демей, «қозғалыс» деп жүрміз. Қозғалыстың абсолюттігі және шарттылығы туралы түсінік көпшілікке мәлім.
Абай өзгеріс туралы неге қадалып айтып отыр, оның себебі күнде өзгере заманға жол бастар көсемнің керектігінде.
Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді,
Оларға кез - кезімен нәби келді.
Өзгеріс тек қуаныш емес, қайғы, адасу, қауіп әкелуі де ғажап емес, сол үшін әр заманға кез - кезімен нәби (пайғамбар) келеді. Пайғамбар деп өз заманының қоғамдық санасын өзгертіп, жаңа ойлау жүйесін жасайтын тұлғаны айтамыз.
Нәбилер кез - кезімен келіп, Алла атынан елшілік құрғандқтан Абайдың Алланың қағида шариғаты өзгереді деуіне дәлел бар. Ал сөздің турасына келсек, Алланың қағида шариғаты өзгереді деудің өзі де арнайы түсінікті қажет етеді. Алла өзгермейді, ал қалайша оның қағида шариғаты өзгеруі керек? Бұл жерде түсінбестік бар ма? Әрине, бар. Алла өзгермейді дей тұра, оның шариғаты өзгереді дейміз. Неге? Мәселе өзгерістің өзінде. Өзгеріс дегеніміздің өзі – адам санасы саралап болмас құбылыстар комбинациясы. Бір жағынан, ол мәңгілік (өзгермейтін Алла), екінші жағынан, ол әманда өзгерісте (адамзат, заман, шаруа, мінез, күллі мақұлық). Мәселенің қиындғы сонда, өзгерметін Алла мен өзгермелі дүние арасындағы байланыс қалай болмақ?
Алла өзгермегенмен, оның күнде өзгеріп жатқан адамзатқа айтар сөзі өзгеруі шарт. Олай болмағанда Алла мен адамзат байланысы үзіледі. Сол үшін нәбилер бірінен соң бірі келмек. Әр нәби өз дүниетанымымен келгенімен, анығында атар сөзі біреу - ақ, ол – Алланың растығы. Басқа айтар сөзі жоқ. Абайдың Алла өзгермес деп отырғаны, міне, осы мәнде.
Алла – ақиқат, мәселе оны тану керек. Тану жолы көп. Нәбилердің айтып жүргені сол жолдар. Түптің түбінде оның бәрі Алланың растығын қабылдауға бастап апарады. Абай Алла туралы ойларын тек ислам діні шеңберінде қарастырмай, кең мағынада алған. Абай діни ой - толғамнан адамға қызмет ететін асыл қасиеттерді уағыздайтын ұғым - түсініктер іздеген, таппаған не жетіспеген жерлерін өз ойымен толықтырған.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де
Абай Платонның: «Сократ маған дос, бірақ одан ақиқат зор», - дегеніндей, өзі мұсылман бола тұрып, діни сана ауқымынан шығарлық ой айтқан. Себебі ол –
Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де
Абай өз замандастарын да, кейінгі ұрпақ – біздерді де Алла туралы жеңіл әңгімеден аулақ болуға шақырған. Абай ұғымында ол «ақылға» сыймас шындық,
Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де
Қазақ топырағында Абайға дейін Алланы тану мәселесімен шұғылданған ойшылды жыға білмейміз. Өздерін сопылармыз деп атаған тақуалар (әулиелер) да «Алла
Бәрі ертең өзгереді Бәрі ертең өзгереді
Бәрі ертең өзгереді. Ертең, деген ешқашан болмайды. Күнде таңертең ұйқыңнан оянсаң бүгінгі күн туады. Бәрі ертеңгі күннен өзгеріс күтеді, шындығында
Алғашқы қар Алғашқы қар
Дала бүгін ақ ала, дала бүгін шағала, Қонып жатыр шағала, менің келіп жағама. Аспан мен жер арасы алым - беріс қозғалыс, Қарауытар маңайың қадағанмен
Абайдың Смағұл деген iнiсiне қиыр жайлап жүргенде айтқаны Абайдың Смағұл деген iнiсiне қиыр жайлап жүргенде
Тау жебелеп жортады көк бөрілер, О - дағы ат артына бөктерілер, Қиыр жайлап, шет қонған ағайының, Талай жанның көзіне жек көрінер.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×