ойын сауық отауы
Көркем сөздің құдіреті: Сарабдал
03.02.2022 387 0 Admin

Көркем сөздің құдіреті: Сарабдал

Әңгімелер
Көркем сөздің құдіреті: Сарабдал
1. Байсалды, салмақты, біртоға;
2. Тәжірибелі, кәнігі, ысылған.
Мысалдар:
1. Асқа сонша сараң Нұртазаның үйі киім - кешек, төсек - орынға да аса сарабдал.
(С. Мұқанов, Өмір мектебі: 1 кітап)
2. Ежелгі қазақтың кең - мол пішілген дарқан мінезі, аңғал табиғаты, даланың өзеніндей асықпай айдындана ағатын ақылы Еуропаның сарабдал білімділігімен ұштасқаны байқалады.
(Ш. Мұртаза, Қызыл жебе: 4 кітап)
3. Көктің көлінде қымыз екеш қымызды есепсіз бермейтін сарабдал Шәкеннің Mақашқа бере беруі де, Мақаштың сұрай беруі де есепсіз емес - ті.
(Ғ. Мұстафин, Дауылдан кейін)
4. Ол қайта көп ойлап, көп толғайтынды, төңірегінде болып жатқанды сананың сарабдал елегінен еткізіп, шұқшия талдайтынды шығарған.
(Ә. Кекілбайұлы, Самғау мен құлдырау)
5. Ендеше уақытша табысқа мастанбай, қысылтаяң күндерден ықпай, бірқалыпты сартап, сарабдал мінез сақтаған жөн.
(Дүкенбей Досжан, Қыдырдың құбылысы)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Баябан Көркем сөздің құдіреті: Баябан
Жапан түз, құлазыған дала, шөл, айдала. Мысалдар: 1. Қадірлі болса баябан дария, Шалқар көлмен тең.
Көркем сөздің құдіреті: Әлет Көркем сөздің құдіреті: Әлет
1. Мезгіл, мерзім, кез, уақыт, уақ; 2. Жарық, сәуле, нұр; Айдың, күннің, жұлдыздың айналасын қоршаған сәуле.
Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа
Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа Аралық дәнекер, келістіруші, мәмілеші, бітім жасаттырушы. Мысалдар: 1. Жемісті сайдың бойында, Бітуажа мен болып,
Көркем сөздің құдіреті: Ындын Көркем сөздің құдіреті: Ындын
Көркем сөздің құдіреті: Ындын Түпкі мақсат, ниет, пиғыл, пейіл, діт, месел, көңіл.
Көркем сөздің құдіреті: Безбендеу Көркем сөздің құдіреті: Безбендеу
Жоспар, директивтер тәжірибеге, ғылымға негізделсе, оның орындалуы творчествоға негізделген. Ешбір Иванның яки Байжанның творчестволық қуаты
Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ
Мансұқ 1) Жоққа шығару, жаратпау, бас тарту, тәрк ету (көбіне етістік тудырушы сөздермен тіркесіп қолданылады); 2) Жарамсыз, қолдануға жарамайтын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×