ойын сауық отауы
Көркем сөздің құдіреті: Әлет
18.09.2021 515 0 Admin

Көркем сөздің құдіреті: Әлет

Әңгімелер
Көркем сөздің құдіреті: Әлет
1. Мезгіл, мерзім, кез, уақыт, уақ;
2. Жарық, сәуле, нұр; Айдың, күннің, жұлдыздың айналасын қоршаған сәуле.
Мысалдар:
1. Күн екінді әлеті. Бұл ауылдан асып түсетін мерзімді жерде ел жоқ. Біздің қонуға ыңғайланғанымызды сезген соң, отырған кісі жай айта бастады.
(Б. Майлин, Таубай)
2. Күн түс әлетінен ауа бастады, бірақ ұшы - қиыры жоқ кең дала жеткізер емес.
(І. Есенберлин, Қатерлі өткел)
3. Әрі десе, биіктегі мұзарттың ызғары жаз да болса, белгі беріп, түн әлеті салқын тартады.
(Ш. Мұртаза, Қызыл жебе: 5 кітап)
4. Демежан да солай қарай жалт бұрылған. Жанағы бір әлетте көшенің оң жақ қапталында екі қолына бірдеңе ұстап, қалтаңдаған бір шиаяқ кетіп бара жатқан сияқты еді.
(Қ. Жұмаділов, Тағдыр)
5. Түс әлеті. Тіл - әдебиет кафедрасының бөлмесінде профессорды күтіп отырғанмын.
(Н. Сералиев, Махаббат туралы хикая)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар
Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар 1. Шама, мөлшер, уақыт; болжам; 2. Мұрша, әл, мүмкіндік.
Көркем сөздің құдіреті: Тақыс Көркем сөздің құдіреті: Тақыс
Қу, айлакер, әккі. Мысалдар: 1. Тайтұяқ алма күміс төбеңдегі, Қой жайғыш бая қуып тақыс шалдың Ұстады қойын, тоның шөгелдегі.
Көркем сөздің құдіреті: Басыр Көркем сөздің құдіреті: Басыр
1. Көз ауруы; көзге ақ түсіп, көрмей қалуы; 2. Еш нәрседен хабарсыз, бейхабар
Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа
Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа Аралық дәнекер, келістіруші, мәмілеші, бітім жасаттырушы. Мысалдар: 1. Жемісті сайдың бойында, Бітуажа мен болып,
Көркем сөздің құдіреті: Мимырт Көркем сөздің құдіреті: Мимырт
Мимырт Жай, шабан, баяу, жайбасар, марғау. Мысалдар: 1. Қазақ халқы бұдан былай керуен аяңымен мимырт көшпеді. Бәйгіге ат қосқандай жосылта дамып,
Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ
Мансұқ 1) Жоққа шығару, жаратпау, бас тарту, тәрк ету (көбіне етістік тудырушы сөздермен тіркесіп қолданылады); 2) Жарамсыз, қолдануға жарамайтын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×