ойын сауық отауы
Абайдың хакімдігі
03.04.2023 334 0 Admin

Абайдың хакімдігі

Әдебиет
Абайдың хакімдігі
«Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ...»
Аллада мін жоқ, мін – адамда. Мәселенің нақ осылай болуы да Алла әмірі. Олай болса, адамға ақыл мен мінді қоса берген Алланың өзі. Демек, Алла мінсіз болғанымен, оның жаратқан мақұлығы мінді болса кінә кімде? Бұл сұраққа жауапты қиналып данышпандар жазған том - том кітаптардан іздемей - ақ, Абайдың өзінен табамыз.
Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ, -
дей келіп, адамның мінді болатын жайларына тоқталған:
Мy’мин болсаң, үйреніп сен де ұқсап бақ.
Құран рас, Алланың сөзі де дүр ол,
Тә’уиліне жетерлік ғылымың шақ.
Бұл жердегі әңгіме өрісі Алланың мінсіз, пайғамбардың хақ екендігін түсініп, мойындап, қабылдауда, оған ақыл, сана - сезімің жетпесе мінді болмақсың. Мұндай талап адамнан өзге мақұлықтарға қойылмайды, себебі оларда сана еркіндігі жоқ, сондықтан олар хайуандық тұрмыс кешуде. Адамдарға өмір иесі – Алланы, оның мінсіз екендігін тану парыз. Алланың сөзін, Құранды санаң жетсе ұқ, егер шамаң жетпесе ғылыммен айналыс. Демек, адамға тек тұрмыстан өзге істермен айналысу – қажеттілік. Міне, осы тұста адам мінсіз болып тұра алмайды. Онда қызығушылық, құмарлық, жалқаулық, айуандық мінездер бар. Оларды да адамға Алла берген.
Алла өзі мінсіз болғанмен адам мінді. Бұл да қажеттіліктен туған. Егер Алласымен қоса адам да мінсіз болса не болмақ? Онда Алла мен адам арасында өзгешелік бола ма? Сондықтан Алланың мінсіз, адамның мінді болғаны жөн, сонда өмір болмақ, мәселелер туындамақ, жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен әділеттілік, адамшылық пен айуандық сияқты ұғымдар тайталасы, қысқасы, өмірге құмарлық, қызығушылық болмақ.
Алла пендесіне ерік берген, бірақ оны қалай өрбіту қажеттілігін адамның өзі шешепек. Осы жолда адамдар өзі шешпек. Осы жолда адамдар әманда адасқандықтан Алла өз нәбилерін жіберіп отырған, соңғы нәби пайғамбарымыз – Мұхаммед. Абайдың пайғамбар хақ деп отырғаны – осы Мұхаммед. Әрине, Алла мінсіз болса, оның адамдарға жіберген елшісі пайғамбардың хақ екені даусыз. Алла қателеспейді, адасатын – адам, оған жөн көрсетіп, жол сілтейтін – пайғамбар, сондықтан ол хақ. Бірақ «хақ» деген мәселе ақиқат деген ұғымды бермейді. Себебі ақиқат иесі де, нақты өзі де – Алла. Пайғамбар сол ақиқатты (Алла сөзін) жеткізуші, олай болса, әр пайғамбарға заманына орай Алла тағала «қажетті ғана ақиқатты» адамдарға жеткіз деп тапсырып отырған. Адамдарға барлық ақиқатты білудің қажеті шамалы, адамдар ақиқатты толық меңгерсе, олар онымен не істерін білмей рәсуа болмақ. Адамдарға адасып тұрған сәтінде сол күйден алып шығатын ғана «қажетті ақиқат» керек. Осы істі атқарушы пайғамбарды «хақ» деп мойындау міндет.
Алла – ақиқат, мінсіз, пайғамбар – хақ, ол – адамдарға «қажетті шындықты» жеткізуші. Адам – осы жайларды ұғушы, қабылдаушы, соған қарай сенімге енуші, жер иесі, өмір иесі. Себебі Алла да, пайғамбар да адам үшін қажет, керісінше емес. Жер бетінде адам болса ғана «Алла мінсіз, пайғамбар хақ» деген ұғым, сенім қажет. Бұл ұғым адамның да мінсіз болуына ынталануы үшін керек. Абай осы жайды ескерткен.
Демек, адамның мінді болуы – Алла жолынан тайып, күнәлі болды деген сөз. «Мін» мен «күнә» деген ұғымдарды осы мәнде Абай синоним ретінде қолданған. Бірақ, Алла адамға өзі ерік берген соң, ол пенделікке бармай тұра алмайды. Пенде дегеніміз – бойында міні, күнәсі бар адам. Өмірде пенделікке бармаған, мойнына күнә артпаған жанды табу, сірә де, бола қоймас. Адамның дүниенің қызығынан безініп, тақуалық (әулиелік) жолға түсуінің өзі – күнәсынан тазару үшін жасалатын ғибадат. Әулиеліктің өзі – біржақты ұғым. Неге десеңіз, тек жаратқанға сиынып, дүние қызығын тәрк етіп, мүлдем тақуалыққа түсу бүтіндей ақиқат жолы емес. Адам үшін ең басты ақиқат – өзіне лайықты өмір сүру. Айталық, жер жыртып, егін салу, отбасын құрып, ұрпақ өсіру, т. б. Бұл жолда адам адасады, шаршайды, қамығады, қуанады, оның қайсыбірі жақсылыққа, қайсыбірі жамандыққа бастайды. Бұның бәрі заңды. Ал осы қиғаш болмыста Алланың мінсіз, пайғамбардың хақ екенін мойындау адам санасына сәуле береді, көңіліне өріс береді. Бірақ ол үшін Алла туралы тек сенім ғана қалыптаспай, оны тануға талпыныс жасау керек. Сананы сенім өсірмейді, оны кемелдендіретін – таным. Алланы тану – шындықты тану, оның керемет құпиясын барлау, ақиқатты аңғару. Алланың сыры бізге беймәлім тылсым. (жалғасы бар) 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Махаббатпен жаратқан адамзатты.. Махаббатпен жаратқан адамзатты..
Алла – ислам дінінде құдай есімі, Алланы сүюге насихаттаушылар Абайға дейін де көп болған. Ақынның мәселе қойысы өзгеше, ол сен Алланы адамзатты
Абайдың хакімдігі: «Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді...» Абайдың хакімдігі: «Замана, шаруа, мінез күнде
Абай өзгерісті мойындаған. Дүние бір қалыпта тұрмайды, ол күнде өзгереді. Неге десеңіз, дүниенің мазмұны – өзгерісте. Сондықтан алдымен «өзгеріс»
Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де
Абай Платонның: «Сократ маған дос, бірақ одан ақиқат зор», - дегеніндей, өзі мұсылман бола тұрып, діни сана ауқымынан шығарлық ой айтқан. Себебі ол –
Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де
Абай өз замандастарын да, кейінгі ұрпақ – біздерді де Алла туралы жеңіл әңгімеден аулақ болуға шақырған. Абай ұғымында ол «ақылға» сыймас шындық,
Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де
Қазақ топырағында Абайға дейін Алланы тану мәселесімен шұғылданған ойшылды жыға білмейміз. Өздерін сопылармыз деп атаған тақуалар (әулиелер) да «Алла
Алланың өзі де рас, сөзі де рас Алланың өзі де рас, сөзі де рас
Алланың өзі де рас, сөзі де рас Рас сөз ешуақытта жалған болмас. Көп кітап келді алладан, оның төрті Алланы танытуға сөз айырмас.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×