ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллиондай қазақ бар
11.10.2023 183 0 Admin

Кітап үзіндісі: Жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі

Әдебиет
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллиондай қазақ бар. Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз. Үш миллионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің бас - аяғын үш айналып көрген кісі толып жатыр. Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен? Әй, не болсын!.. Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін - бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?
Абай Құнанбайұлы "Қара сөздер"
Жас бала — жас бір шыбық. Жас күнінде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты түзейміз десең, сындырып аласың. “Баланы бастан„ деген сөздің мәнісі осы.
Мағжан Жұмабаев "Педагогика"
Қызға ғашық болу жігіт өмірінің ғажап бір кезеңі ғой. Кейінгі өміріңнің реніш, қуанышы да соны сенің қалай түсініп, қалай өткергеніңе байланысты. Қайта оралмас, қайырылмас сол бір қымбат сәтті қадірін кетірмей, адалдықпен ардақтап, ертең еске түсіргенде өзің сүйсініп, өзге ғибрат аларлықтай етіп өткізгенге не жетсін, шіркін! Бірақ сен сыртынан сұқтанған көрікті қыз көңіліңе тоқ болғанымен, қарныңа қанағат әкелмейді екен.
Әзілхан Нұршайықов "Махаббат, қызық мол жылдар"
Ұстаздың ұстаздығы алыпсатардың таразысымен өлшенбейді. Алдындағы оқушылардың кім болып жүруімен, жыл емес, ай емес, күн емес, тіпті әр сағат сайын кім болып жүруіңмен өлшенеді.
Халықта: "Кім екеніңді айтып берейін, сен жолдасыңның кім екенін айтып берші" дейтін тәмсіл сөз бар. Сол секілді "біліміңнің, адамдығыңның қандай екенін айтып берейін, сен маған ұстазыңның кім екенін айтып берші" деп те сәл өзгертіп айтуға болар еді. Оқушы мұғалім аузына қарап өседі.
Қабыш Жаркенов "Мұғалімдер"
— Ата, мен биолог емес, филологпын ғой, — дедім батылданып.
— Сен наданологсың! — деп зірк етті.
Зейнеп Ахметова "Шуақты күндер"
Белгілі бір дәрежеде жетістікке жеткен кісі онысын басқаларға міндет қылмауы тиіс. Аллатағаланың алдында сұрауда тұрған молда "Мен дін жолында қызмет еттім" дегенде Жаратқан ием айтқан екен: "Сен мұның бәрін өз қарақан басыңның жағдайын жасау үшін істедің. Адам болып өмір сүру, тіпті, басқа әңгіме". Көрдіңіз бе, қандай философия?! Айналып келгенде, сенің фонограммамен ән салғаның тұрмақ, бес уақыт намазыңды міндет қылуға қақың жоқ.
Шархан Қазығұл "Оңашадағы онлайн ойлар"
Баланы қорықпайтын ер қылып өсіру үшін оның денесін һәм жанын сау, берік қылып тәрбие қылу керек. Алдымен баланы ешбір уақыт қорқытпау керек. Бөки келеді, жалмауыз кемпір келеді, пері, жын, шайтан, албасты, обыр келеді деген сықылды сөздермен баланы қорқыту қып - қызыл зиян. Мұндай сөздерді, ертегілерді, әңгімелерді естіп өскен бала өмір бойы су жүрек, қорқақ болады. Жасында қорқытып үйренбеген бала өскенде ер болады. Ер болып үйренуден адамға ер болу керек деген құр сөз пайда бермейді. Ерлікке іспен үйрету керек. Мысалы, қараңғы үйге кіруге қорқатын баланы үлкен адам өзі бірге алып кіргізіп үйретсе, бала қорықпайтын болады. Тырсыл - гүрсіл, қатты атыс, соғыстың ішінде жүрген адам қорқудың не екенін білмейді.
Жоғарыда айтылған баланы қорқыту қате деген сөзден балаға жаза қылудың дұрыс еместігі келіп шығады. Яғни баланы жазамен қорқыту еш дұрыс емес. Жазамен қорқытқанда бала нәрсені істегісі келіп істеп, болмаса істемегісі келіп істемейді емес, жазадан қорыққаннан ғана не істейді, не істемейді. Яғни бала өтірік айтуға, алдауға үйренеді. Баланы ұру, соғу ісі – адамшылыққа ұнамайтын іс. Ұрылып, соғылып тәрбие қылынған бала жанының бар жақсы мінездерінен, ақылынан, есінен айрылып, миғұла болады. Өтірікші, алдауыш болады. Су жүрек, жасқаншақ болады. Ұру баланың денесіне де көп зиян келтіреді.
Мағжан Жұмабаев "Педагогика"
Неке ерлі - байлы адамның тұрмысын бір - біріне байлайтын жіп. Бірін - бірі көрмеген, бірін - бірі сүймеген екі адамды неке сүйдіреді. Неке махаббат жібі, ерлі - байлы адам қаншама бірін - бірі көрместік болып, араздасса да, неке тұрған жерде махаббат үзілмейді. Ал, ерлі - байлы адамның жиренішті тұрмысына дәнекер болып тұрған жіпті үзетін бір нәрсе бар, ол - талақ!..
Бейімбет Майлин "Талақ"
Сіз, әйтеуір, бір адамға бәрібір керексіз... Ол адамды іздеу үшін де ес - ақыл бүтін, көңіл таза, сезім сергек болуы керек қой.
Оралхан Бөкей "Атау - кере"
Біздің күйбең тіршілігіміз тек сол бала - шағаның өз қолын өз аузына жеткізу үшін берілгеніне барған сайын көзім жете түседі. Кәдімгі қазақы пәлсапаның көкесі осы - ау деймін. Басқасын білмей тұрмын.
Шархан Қазығұл "Оңашадағы онлайн ойлар"
Жастар араққа үйір болмауы керек. Арақ — адамгершіліктің, азаматтықтың, ақылдың жауы. Арақ — азғындыққа жетелейді. Араққа бір үйреніп алсаң одан қашып құтыла алмайсың. Ең алдымен осыдан сақтану керек. Арақ — адамның ішкі жауы. Сыртқы жауды техниканың күшімен құртуға болады. Ал ішкі жауды ешқандай ракетамен атып түсіре алмайсың. Нәпсіқұмарлыққа бір салынып алсаң, оны тоқтатуға ғылымның да, білімнің де шамасы жетпейді.
Әзілхан Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз"
"Жизнь – это улыбка. Даже тогда, когда по щеке бегут слезы". Иә, қайғымызды да күліп отырып айтатын халге жеткен соң, не қайыр?!
Шархан Қазығұл "Оңашадағы онлайн ойлар"
Ырым дейін бе, әлде салт - дәстүр ме жалпы қыз баланың сырға тағуының өзіндік бір сыры бар екен. Қыз балаға жапырақ сырға салған күннен бастап, бауырлары оны сүюіне тыйым салыныпты.
Данабике Байқадамова "Мен білетін Әуезов"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Бақ та, дәулет те өткінші Кітап үзіндісі: Бақ та, дәулет те өткінші
Он сегіз мың ғаламның тереңіне қанша сүңгісең де, маңдайың тірелетін бір ғана құпия бар, ол – қу дүниенің баянсыздығынан басқа түк те емес... Басқа
Кітап үзіндісі: Әр жүректе асыл адамгершілік, айнымас махаббат болсын Кітап үзіндісі: Әр жүректе асыл адамгершілік,
Фонограммамен ән айтатын әншілерге сахнаға гүл алып шығып, оны иіскетіп, бірақ бермей қайтып әкету керек, - дейтін Бәкең.⠀⠀ Зейнеп Ахметова "Әзіліңді
Кітап үзіндісі: О дүниеде мəңгі ұйықтайтын болған соң, бұл дүниеде аз ұйықтаған лазым. Кітап үзіндісі: О дүниеде мəңгі ұйықтайтын болған
Соқырлық пен саңыраулық қатар дамыған қоғамда жаңаға орын сақталмайтыны аян. Жаңа деп отырғаны – өскiн.
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге
Жалпы, бала кезде адам "мен де өлуім мүмкін - ау" деп, ойламайды ғой. Өлетіндер ылғида басқалар секілденіп тұрады. Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×