ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Әр жүректе асыл адамгершілік, айнымас махаббат болсын
10.04.2022 1 002 0 Admin

Кітап үзіндісі: Әр жүректе асыл адамгершілік, айнымас махаббат болсын

Әдебиет
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Адамдарда бір жаман әдет бар ғой. Ол - күншілдік, көре алмаушылық. Бүгінгіге жағыну үшін бұрынғыны жамандап шыға келушілік. Өзімді ғана мақта, өзгенің аты өшсін деушілік. Өлгеннің абыройын қызғанушылық. Оған деген сүйіспеншілікті суытып, оның атағына байланыстының бəрін аяққа таптауға тырысушылық. 
Əзілхан Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз"
Әр жүректе асыл адамгершілік, айнымас махаббат болсын.
Әзілхан Нұршайықов "Махаббат қызық, мол жылдар"
Парақорлық – кітап айтатын күнәнің үлкені... Парақорлық бұрынғы Кеңгірбай сияқты атақты бидің де сүйегіне басылған таңба еді. Өшпес міні, кешпес сұмдығы сол болатын. Ол, әсіресе қысылған жандардан, жазықсыз жұрттан түсетін жем. Көпшілікке айтқызсаң, Барлас, Шөжелерге айтқызсаң - ол ең бір кешірілмейтін күнә. Абырой, атақ әперіп отырған «Құдай үйінің» өзі де көптен - көп осындай малдан салынбады ма екен!..
Парадан жиылып та мешіт боп қалқиып тұрады екен. «Арамнан салындым» деп қаусап қалмайды. Оның ішінде де Құдай аты аталып, пайғамбар атынан «құтпа», «уағыз» сөйленеді. Сәлделі имам көзін сүзіп, «тәбәрәкті» созып, «Бұхар мақамын» күңірентеді екен. Жақсы көрдім деген баланың, жақсы тілеумен айттырдым деген келіннің ақ тілеуі, ақ күмбезі де жем - парадан үзік жамылып, жем - парадан шымылдық тігіледі екен.
Мұхтар Әуезов "Абай жолы"
Фонограммамен ән айтатын әншілерге сахнаға гүл алып шығып, оны иіскетіп, бірақ бермей қайтып әкету керек, - дейтін Бәкең.⠀⠀
Зейнеп Ахметова "Әзіліңді сағындық"
– Жiгiт адамға жiгерлiлiк қана жарасқан. Мә, мына қолғапты ки де, бiраз төмпеште, қарымыңды байқайық.
Төкен Әлжантегі "Балдан тәтті ғұмыр"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Өмірдің мәні беруде! Кітап үзіндісі: Өмірдің мәні беруде!
Қолыңызда бармен бөлісуге тырысыңыз. Бөліскен сайын байи түсесіз. Өмірдің мәні беруде! Данияр Жігітбек "26 жылда қалыптасқан 26 қағида"
Кітап үзіндісі: Балам, жақсылық жаса, жамандықтың іздеушісі көп болады Кітап үзіндісі: Балам, жақсылық жаса, жамандықтың
Балам, жақсылық жаса, жамандықтың іздеушісі көп болады. Жақсылықты айтпағанымен есіне алып жүреді. Сәуле Досжан "Жатқа туған бала"
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге
Жалпы, бала кезде адам "мен де өлуім мүмкін - ау" деп, ойламайды ғой. Өлетіндер ылғида басқалар секілденіп тұрады. Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына айналдық Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да,
Философия қайда, мен қайда, Мұқан - ау? Дүниежүзінде әйелдерден шыққан қай философты білесің? Білмейсің. Ешкім де білмейді. Өйткені әйел философиясы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×