ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда
22.05.2021 1 553 0 Admin

Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда

Әңгімелер
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы Сеңгірбайлар. Бұлардың ерлігі – ет пен терінің арасындағы желік.
 Тәкен Әлімқұлов шығармалар жинағы 8 - том
Шайға отырған соң, Шеген маған тағы үш түрлі өсиет айтты...
— Алтын жатса — алмаймыз! Бір ме?
— Бір
— Өтірік aйтпаймыз Екі ме?
— Екі
— Алдау үшін өтірік айтсаң, кешіреді екен деме, алданбау үшін өтірік айтсаң, іркілме! — деп, бір тоқтағанда мен:
— Үш, деп қалдым.
— Жоқ, үш емес, әлі екеу - ақ, — деді Шеген. — Үшіншім үш күннің ішінде бізбен бірге қуанып, бізбен бірге мұңаятын боласың. Өз бетіңмен оңаша қуанып, оңаша мұңаятын болсаң сен бізге жолдас та емессін. Қуана біліп, мұңая білмесең тіпті жақсы. Осымен үш болады! — деді.
— Үш! — дедім ризалығымды білдіріп...
— Уәде ғой?
— Уәде!
 Ғабит Мүсірепов "Қазақ солдаты"
Қызық жағдай... Адам баласы сенімін жоғалтып, амалы таусылғанда үміт пен сенімнің болмашы шырағы жылт етсе де көңіл - күй шіркін алай - дүлей болып сала береді екен.
 Айн Рэнд "Менің сатып алған күйеуім"
Жоқ, мен биіктікті сүйемін, — деді Аяужан кенет қабағын шытып,
- әсіресе, АДАМГЕРШІЛІК биіктігін.
 Ілияс Есенберлин "Ғашықтар"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Өзін өзі алдарқата білмеген адам тез қартаяды. Кітап үзіндісі: Өзін өзі алдарқата білмеген адам
─ Әй, әже - ай! Баяғы ескі көңілмен ел жақсысы дей бересің! Елде жақсы қалды ма? Қазір жаманның бағы өрлеп тұрған жоқ па?! Бір жақсының бағы артып
Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге
Жалпы, бала кезде адам "мен де өлуім мүмкін - ау" деп, ойламайды ғой. Өлетіндер ылғида басқалар секілденіп тұрады. Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа сыймайды Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа
Егер әркім қорғасыннан алтын жасай беретін болса, алтынның құны қорғасындікіне пара - пар болып кетпей ме? Пауло Коэльо "Алхимик" Махаббат пен
Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына айналдық Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да,
Философия қайда, мен қайда, Мұқан - ау? Дүниежүзінде әйелдерден шыққан қай философты білесің? Білмейсің. Ешкім де білмейді. Өйткені әйел философиясы
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×