ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең.
07.02.2021 1 451 0 Admin

Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең.

Әңгімелер
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең.
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...


Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер мен сырдың көлеңкесі, сәулесі ғана шықпақ. Дүниеде адамнан қиын жұмбақ жоқ. Адам – шешуі жоқ жұмбақ. Шешуі деп атауға болатын болса, адамның шешуі жалғыз өлім.
Мағжан Жұмабаев "Шолпанның күнәсі"

«Тәңір асыраған тоқтысын бөрі жемейді», «Көппен көрген ұлы той», «Жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді», «Иттің иесі болса, түлкінің тәңірісі бар...» деп сақалы беліне түспек түгілі аяғына оратылып, баяғыда - ақ алжып кеткен қайдағы бір қыртымбай мәтелмен өзімізді алдарқатып, бәрін бір Құдайға тапсырып қойғанбыз. Өзіміз ештеңе істегіміз келмейді. Неге біз осынша бейғам, бойкүйезбіз? Қашан мәңгілік ұйқымыздан оянамыз, қашан?!!
Тұрысбек Сәукетаев ''Мен жындымын''

Жарық дүниеде адамға не қиыншылық кездеспесін, ол кімнен қиянат көрмесін, бірақ шындық мәңгі өмір сүреді. Адам туады, өледі, бірақ мәңгі - бақи өлмейтін шындық бар, ақиқат бар...
Шыңғыс Айтматов "Ақ кеме"

Әйел махаббаты - гүл, үнемі бабында ұстап, күтім жасамасаң солады. Әйел махаббаты - құс, үнемі жем шашып, мәпелеп тұрмасаң, өзге бұтаққа ұшып кетеді. Мұны, шіркін, Алшынбектер біле ме екен? 
Жәкен Жұмақанов "Махаббат пен мансап"

Бұл жалған дүние өмір - өлім, жақсы - жаман, дұрыс - бұрыс, ақ - қара, бар - жоқ деген сияқты қарсы мәнді егіздерден тұрады. Олар бір - бірін ауыстырады, бірі болмаса, екіншісі болмақ емес. Сондықтан, опасыз дүниенің барына да, жоғына да, ойына да, қырына да, шуағына да, көлеңкесіне де даяр болу қажет.
Темірбек Қожакеев "Қалыңдық қасіреті"

Бақыт дегеніңіз – басқа адамның бақытын сезіну, бақытты болуына үлес қосу екен ғой, аға...
Алғадай Әбілғазұлы "Қасиетпен қауышу"

Ұрсысуды айналып өтуге тырысатын әйелде кемшілік болмайды. 
Айзек Азимов "Фантастикалық саяхат"
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа сыймайды Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа
Егер әркім қорғасыннан алтын жасай беретін болса, алтынның құны қорғасындікіне пара - пар болып кетпей ме? Пауло Коэльо "Алхимик" Махаббат пен
Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына айналдық Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да,
Философия қайда, мен қайда, Мұқан - ау? Дүниежүзінде әйелдерден шыққан қай философты білесің? Білмейсің. Ешкім де білмейді. Өйткені әйел философиясы
Кітап үзіндісі: Сурет салғым келмейді. Кітап үзіндісі: Сурет салғым келмейді.
Ұлттық мақтаныш - ұлт азаматының мызғымас заңы, қасиетті ісі. Кімде - кім өз ұлтын құрметтеп, оны мақтаныш етпесе, ол барып тұрған азғын. Әзілхан
Кітап үзіндісі: Астана сөзі қайдан шыққан? Кітап үзіндісі: Астана сөзі қайдан шыққан?
Біздің заманымыздағы адамдар ақылдың eтeгінeн ұстап алып, oның құлына айналған, ал өмірдeгі шын мәніндe eң қымбат eшқашан өкінбeйтін нәрсeлeр –
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны
Жадовскаядан Жадовскаядан
Мінсіз таза меруерт Су түбінде жатады. Мінсіз таза асыл сөз Ой түбінде жатады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×