ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Бақ та, дәулет те өткінші
02.10.2022 443 0 Admin

Кітап үзіндісі: Бақ та, дәулет те өткінші

Әдебиет
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Қалай туып, қалай өлетінің маңызды емес, қалай өмір сүргенің маңызды. Келесі шынайы өмірің осыған байланысты болғандықтан.
Шархан Қазығұл "Оңашадағы онлайн ойлар"
— Қасқа адамның ақылы көп бола ма, сақалы ұзын адамның ақылы көп бола ма?
Адамның ақылы шашына жау болатындай - ақ біразымыз:
— Ақылы көп адам қасқа болады, оған таласпа! — дейміз.
— Жоқ... Анау сақалы беліне түсіп отырған Толстой деген кісі... Олай болса, сақалды адамның ақылы көп болады! — деп қарсы жағымыз бой бермейді.
Ғабит Мүсірепов "Қазақ солдаты"
Ендеше, жаратқан адамды жаратқанда не түрлi сынақты ойлап қойған. Одан сүрiнбей шыққандар ғана адам деген атқа лайық. Мойыдың ба – пендесiң. Ал, пенделiктi еншiлегендер перiште көңiлдi перiге жығып беруге әуес. Олардың дiттегенi – тiршiлiктi жын - ойнаққа айналдыру. Әлiң жетсе дәл осыған қалқан бол. Сонда жұмақ пен тозақ арасы алшақтап, ақ пен қараның ортасына сына қағылады.
Төкен Әлжантегі "Балдан тәтті ғұмыр"
Сұм дүниенің ортасында отырсаң, оның сұмдығын да білуің керек. Айналаңа шимай шытырман зұлымдық торы құрылып жатса, оны білмесең, сен кімсің?
Ғабит Мүсірепов "Қазақ солдаты"
Он сегіз мың ғаламның тереңіне қанша сүңгісең де, маңдайың тірелетін бір ғана құпия бар, ол – қу дүниенің баянсыздығынан басқа түк те емес... Басқа түк те емес... Бақ та, дәулет те өткінші... Өлім ғана хақ...
Төлен Әбдік "Өліара"
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Әр жүректе асыл адамгершілік, айнымас махаббат болсын Кітап үзіндісі: Әр жүректе асыл адамгершілік,
Фонограммамен ән айтатын әншілерге сахнаға гүл алып шығып, оны иіскетіп, бірақ бермей қайтып әкету керек, - дейтін Бәкең.⠀⠀ Зейнеп Ахметова "Әзіліңді
Кітап үзіндісі: Өмір — талас, кім күшті — сол жеңеді деген міне осы! Кітап үзіндісі: Өмір — талас, кім күшті — сол
Өмір — талас, кім күшті — сол жеңеді деген міне осы! Адам баласының таласы бетпақ дүниеде алма - кезек түсіп осылай өтіп жатады. Еш уақытта да
Кітап үзіндісі: Өмірдің мәні беруде! Кітап үзіндісі: Өмірдің мәні беруде!
Қолыңызда бармен бөлісуге тырысыңыз. Бөліскен сайын байи түсесіз. Өмірдің мәні беруде! Данияр Жігітбек "26 жылда қалыптасқан 26 қағида"
Кітаптан үзінді: Елді билеуден адамның өзін - өзі билеу қиын Кітаптан үзінді: Елді билеуден адамның өзін - өзі
— Мен мезгілсіз өлген адамды өте аяймын, — деді ол,— әсіресе, әйел жынысты болса... — Heгe?— дедім мен.— Еркек - әйелі не, өлген соң, бәрі аянышты...
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×