ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды
11.03.2021 764 0 Admin

Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты

Әңгімелер
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...


Жалпы, бала кезде адам "мен де өлуім мүмкін - ау" деп, ойламайды ғой. Өлетіндер ылғида басқалар секілденіп тұрады.
Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер қайтіп келмейді"
"Артық білім кітапта" (Абай). Өзгелерден озық болудың, өмірді жеңілдетудің, білімді арттыра түсудің жалғыз жолы - кітап оқу, оқығанды өмірде қолдану.
Данияр Жігітбек "26 жылда қалыптасқан 26 қағида"
Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы "Шығармалары"
Сыншы
Бұрын сыншылар тұлғаның туындысын сынға тартқан.
Қазіргі «сыншылар» тұлғаның туындыларын емес, оның төңірегінде туған өсек - аяңды ғана сын садағына алатын болды...
Мәлік Отарбаев "Ойқазан"
«Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмайды» дейді қазақ. Біреудің ақылымен өмір жасай ма адам?.. Не істеуді өмірдің өзі көрсетпей ме?
Сәбит Мұқанов "Мөлдір махаббат"
Ұзақ жолда шаршасаң сүйеніш етер таяғың болайын. Аптап ыстықта шөлдесең бойыңа әл құяр бір жұтым кәусарың болайын. Табаныңа тас батырмас көк шөп болайын, басыңнан күн өткізбес ұшпа бұлт болайын. Әйтеуір сенің бір қажетіңе жарасам, сенің бір қажетіңе жарап барып өлсем арманым жоқ.
Мұхтар Мағауин "Қара қыз"
Байлыққа қызыға бермеңіз. Ол есірткі сияқты. Иіріміне тарта береді. Өміріңіз байлыққа байланса, дүниеқоңызға айналасыз. Нашақордың өмірі - тозақ, дүниеқоңыздың да өмірі - қараң.
Мұхит Сапарбаев "Бақыт"
Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын, сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл - аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі. Қазақ халқының болашағы бүгінгі қазақ әйелінің құрсағында шешіледі, бағзыдан келе жатқан айнымас шындық.
Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған, әлемдегі ең ізгі әйел.
Қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің жолына арнаған, әлемдегі ең мейірбан әйел.
Қазақ әйелі – бар бақытын некелі ерінің талайынан күткен, әлемдегі ең адал әйел.
Ұлттың ұйтқысы. Ұрпақтың анасы.
Солай болған, солай бола беруге тиіс. Болмас қисыны жоқ, неге десеңіз, бұл әйелдің бойында сиқырлы, құтты, өзгеше қасиет бар, оның аты – Сұлулық: жан сұлулығы, тән сұлулығы…
Мұхтар Мағауин "Шығармалар жинағы"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Сүйген қызы үшін ғашық жігіт отқа да түседі, суға да түседі. Кітап үзіндісі: Сүйген қызы үшін ғашық жігіт отқа
Өзіңе сырымды айтқан соң, жұрттың бәріне де солай екен деп ойлайсың ба? Жоқ. Жантасжан, әйел сыры құлыптаулы сандық, көрінгенге ашыла бермейді. Кілті
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа сыймайды Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа
Егер әркім қорғасыннан алтын жасай беретін болса, алтынның құны қорғасындікіне пара - пар болып кетпей ме? Пауло Коэльо "Алхимик" Махаббат пен
Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына айналдық Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да,
Философия қайда, мен қайда, Мұқан - ау? Дүниежүзінде әйелдерден шыққан қай философты білесің? Білмейсің. Ешкім де білмейді. Өйткені әйел философиясы
Кітап үзіндісі: Астана сөзі қайдан шыққан? Кітап үзіндісі: Астана сөзі қайдан шыққан?
Біздің заманымыздағы адамдар ақылдың eтeгінeн ұстап алып, oның құлына айналған, ал өмірдeгі шын мәніндe eң қымбат eшқашан өкінбeйтін нәрсeлeр –
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×