ойын сауық отауы
Шалгиіз Тіленшеұлының ұлағатты сөздері
27.10.2023 157 0 Admin

Шалгиіз Тіленшеұлының ұлағатты сөздері

Әдебиет
Бабадан қалған асыл сөз
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам...
Шалгиіз Тіленшеұлы (1465 - 1560 ж. ж.)
Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушы Шалгиіз жырау ноғайлы - қазақ дәуірінде Орақ, Мамай, Би Темірдің тұсында өмір сүрген. Өз заманының ең жетік суырып салма ақыны болған қадірменді жыраудың ғибратнамалық шешен сөздері мн жырларынан бізге жеткені 600 жолдың шамасы делінеді. Осы азғантай мұрасының өзі - ақ оың сирек кездесетін дарын иесі екенін айғақтайды. Жыраудың ой - толғаныстарында ел билейтін басшының қауым, әлеумет өміріндегі орнына да өзіндік баға берілген. Шалгиіз елдің бірлігі мен ынтымағын аңсаған ақын. Оның шығармалары орыс тіліне де аударылған.
Малыңды бер де, басцң қос,
Басыңды қос та, бек сыйлас.
* * *
Есендікте малыңды бер де, батыр жи,
Басыңа қиын - қыстау іс түссе,
Дұшпанның қолы жете алмас.
* * *
Алтау болар, бес болар,
Ішінде абаданы бір болар.
Абаданынан айырылса,
Олардың әрбіреуі
Әрбір итке жем болар.
* * *
Шағырмақ бұлт – жай тастар,
Әділ жігіт – ел бастар.
Шешен жігіт – жол бастар,
Батыр жігіт – қол бастар.
* * *
Айдын сулар, аймақ көл –
Тасыса дөңбек келтірер.
Көп өтірік, жаман сөз –
Басыңа бәле келтірер.
* * *
Бір жақсымен дос болсаң –
Азбас - тозбас мүлкі етер.
Бір жаманмен дос болсаң –
Күндердің күні болғанда
Бар ғаламға күлкі етер.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Асан Қайғының даналы сөздері Асан Қайғының даналы сөздері
Ел - жұртының болашағы жайлы ойланып, қабырғасы қайыса қайғырып, толғанған Дешті Қыпшақтың XV ғасырдағы ірі жырауы, шешен биі Хасан Сәбитұлын халқы
Бабадан қалған асыл сөз: Көнеден жеткен өсиет Бабадан қалған асыл сөз: Көнеден жеткен өсиет
«Ақыл иесі, сөз иесі мен болдым» деп ашығын айтқан Түрік қағанаты тарихындағы бірегей тұлға Тоныкөк (Тоныұқық) тапқыр да шешен сөзімен, ер жүрек
Ынтымақ - бірлік, татулық туралы Ынтымақ - бірлік, татулық туралы
Бегі мен халқының ынтымағы жоқ жерде, дұшпанының алдауына сенген, арбауына көнген жерде, інісі мен ағасы дауласқан, бегі менен қарашасы жауласқан
Ата туралы мақал - мәтелдер Ата туралы мақал - мәтелдер
Атадан алтау тусаң да басыңа түсер жалғыздық.
Сұраншы батырдан бата сұрағанда Сұраншы батырдан бата сұрағанда
Батыр ел үшін туады, Бағлан жер үшін туады. Ата тұрып ұл сөйлемес болар, Ана тұрып қыз сөйлемес болар.
Бостандық туы жарқырап Бостандық туы жарқырап
Бостандық туы жарқырап, Еркіндік суы сарқырап. Байқұс қазақ осыдан Қана ала ма бас құрап.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×