ойын сауық отауы
Ең қысқа әңгіме
27.11.2023 219 0 Admin

Ең қысқа әңгіме

Әдебиет
Ең қысқа әңгіме
#115
Соңынан еріп келе жатқан жүкті келіншегінің “Бір бәліш алып берші” деген өтінішіне күйеуі:
- Өзің жұмыс істеп ақша тапқанда аласың! - деді қатқыл үнмен.
Үндемей көніп, ішінен “Құдай күнімді ешкімге қаратпасын” деп тілеген әйелінің дұғасы қабыл болып, қазақ еліне +1 ИНФОБИЗНЕС ВУМЭН келді!
#116
- Мама, біз бай емеспіз ғой.
- Оқығаның байлық емес пе?
#117
Әкім: - Қалада жаман кісі жоқ.
Қала: - Әкім қалада ма?
Жаман: - Бұл дұрыс болмады - ау
Кісі: - Төрлетіңіз, сіздікі - дұрыс.
Жоқ: - Біраз құндылықтар
#118
- Құттықтаймын, тілерім тек бақыт қана!- деген сөзді естіген үш достың біреуі:
- Өкіну деген осы шығар иә, сезіміңді білдірмей тойында тұрғаның, деп екеуінің бір біріне деген сезімін біліп тұра екеуінің өтініші бойынша айтпашы, деген сөзін тыңдағаны үшін өкіну! Мүмкін барлығын бақытсыз еткен сол достықты сақтап қалғаны!
#119
Есікте ілулі тұрған тақтайшада "Адамдарға және шыбындарға кіруге болмайды" деп жазылып тұрды. Бірақ шыбын да адам да есіктен өтіп, келесі бөлмеге кіруін тоқтатпады. Шыбындар оқи алмағандықтан болар ол тақтайшаға мән бермесе, ал адамдардың ол бөлмеде не бар екенін білу қызығушылығы тақтайшаға жазуды орындауына кедергі болды.
#120
Митинг күні, "әскерлердің көзін жойып, үкіметті басып алу керек"- деп ұрандап жүрген ағамыз, екі күннен кейін, шеруге шыққандардың қолынан қаза тапқан әскери жігіттің жаназасында, "ел тыныштығын күзетіп жүрген әскерге қарсы шыққандарды аямай жазалау керек" - деп ұрандап жүр.

баспаға әзірлеген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

56 - қадам: өз - өзіңізді ешқашан алдамаңыз 56 - қадам: өз - өзіңізді ешқашан алдамаңыз
Ең жаман нәрселердің бірі – өз-өзіңді алдау. Кейбір адамдар өздерінің істеп жатқан іс - әрекеттерінің дұрыс емес екенін біле тұра, оны істей береді.
Ақылды әйелінің күйеуіне айтқаны Ақылды әйелінің күйеуіне айтқаны
Күйеуі келіншегіне күлімсіреп: «менде бүгін сенімен телефонмен сөйлескім келді, бірақ күн суық болғандықтан ба кафеде клиент өте көп болды. Сәті
Мұндай махаббат – тек ұлы тұлғаларда ғана болады Мұндай махаббат – тек ұлы тұлғаларда ғана болады
Егер біз махаббатты Эверест шыңына теңесек, сол шыңға шыққандар саусақпен санарлық. Жұрттың бәрі үйленіп, тұрмыс құра береді.
Аю менен мүсәпір шал - Спандияр Көбеев Аю менен мүсәпір шал - Спандияр Көбеев
Дос болсай шынымен бол, ықыласпен Бас тартпай қызметінен достың қосқан, Ләззәті бір - біріне балдай болсын, Сырттағы күйінгендей болса дұшпан,
Үш жігіт пен бір шал - Спандияр Көбеев Үш жігіт пен бір шал - Спандияр Көбеев
Жазамын тәржімәні ермек қылып, Жұмыс жоқ еріккен соң жәй отырып, Орнатып алма ағашын жатқан шалға, Үш жігіт келді дағы тұрды күліп.
Жүргіншілер мен иттер Жүргіншілер мен иттер
Кеш мезгіл келе жатты екі кісі, Сөйлесіп, кеңесерлік болып ісі. Арсылдап бір ит шығып қақпа астынан, Бөлінді екеуінің әңгімесі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×