ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Далада өскен жабайы гүл үстін тас басса да, өлерменденіп, қылтиып, өсіп шығады
08.01.2024 311 0 Admin

Кітап үзіндісі: Далада өскен жабайы гүл үстін тас басса да, өлерменденіп,

Әдебиет
Кітап үзіндісі: Далада өскен жабайы гүл үстін тас басса да, өлерменденіп, қылтиып, өсіп шығады
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Далада өскен жабайы гүл үстін тас басса да, өлерменденіп, қылтиып, өсіп шығады. О бастағы табиғаты гүл болса да, гүл ашып, айналасына эстетикалық сұлулық сыйлай алмайды. Ата - анасының махаббатына бөленіп өспеген балалар есейгенде сол жабайы гүлге ұқсайды.
Аягүл Мантай "Соқыр сана"
"Кел демек бар, кет демек жоқ" дейді қазекем. Ал өмір қазаққа қарағанда қазымырлау: "Келу барда – кету барды" үнемі құлағыңа құйып отырады.
Исраил Сапарбай "Ойтұмар"
Адам – әлсіз механизм. Осындай бір сәттер болады. Анда - санда жылап тұру керек. Ешқандай себепсіз - ақ. Көз жасы – көңіл бұлтының нөсері. Бұлт жаумай, күн ашылмайды. Иә. Қуанған адам да жылайды. Неге? Көңіл кірінен тазарсын деп.
Мұхтар Мағауин "Көк мұнар"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, әйелдің жаны терең Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, әйелдің жаны
Теңіз терең емес, әйелдің жаны терең. Жеті қабат жер астындағы нәрсені білуге мүмкін, бірақ әйел жанының мінезін білуге мүмкін емес. Бір қарасаң,
Кітап үзіндісі: Бақ та, дәулет те өткінші Кітап үзіндісі: Бақ та, дәулет те өткінші
Он сегіз мың ғаламның тереңіне қанша сүңгісең де, маңдайың тірелетін бір ғана құпия бар, ол – қу дүниенің баянсыздығынан басқа түк те емес... Басқа
Кітап үзіндісі: Жануарлардан жоғары тұру - ол баршамызға адамдық міндет Кітап үзіндісі: Жануарлардан жоғары тұру - ол
Жануарлардан жоғары тұру - ол баршамызға адамдық міндет. Бексұлтан Нұржекеұлы "Ерлі - зайыптылар"
Кітап үзіндісі: Әр жүректе асыл адамгершілік, айнымас махаббат болсын Кітап үзіндісі: Әр жүректе асыл адамгершілік,
Фонограммамен ән айтатын әншілерге сахнаға гүл алып шығып, оны иіскетіп, бірақ бермей қайтып әкету керек, - дейтін Бәкең.⠀⠀ Зейнеп Ахметова "Әзіліңді
Кітап үзіндісі: Өмір — талас, кім күшті — сол жеңеді деген міне осы! Кітап үзіндісі: Өмір — талас, кім күшті — сол
Өмір — талас, кім күшті — сол жеңеді деген міне осы! Адам баласының таласы бетпақ дүниеде алма - кезек түсіп осылай өтіп жатады. Еш уақытта да
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×