ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Жануарлардан жоғары тұру - ол баршамызға адамдық міндет
25.04.2022 872 0 Admin

Кітап үзіндісі: Жануарлардан жоғары тұру - ол баршамызға адамдық міндет

Әдебиет
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Қазір жұрттың бәрі жан аяр боп кетті. Тістерін тек ауруды сездірмейтін дәрмекпен жұлдырады, ұйқысы қашса не түрлі ұйықтататын дәрі ішеді, отырса тек жұмсақ креслоға отырады немесе арқасына көпшік тастайды, ал бойжеткендердің не киіп жүргенін түсініп болмайсың, корсет тақпайды, жаз шықса болды, жағажайда жартылай жалаңаш шалжиып жатады...
Агата Кристи "Он қара домалақ"
Баяғыда бір хан: “Осы Мәжнүн неге сонша ғашық болып, есінен адасып жүр, армандаған Ләйлісі елден асқан сұлу ма екен, көрейікші,” – деп қасына уәзірін ертіп, Ләйліні көруге барыпты. Қараса, аса көрікті емес, қарапайым әйел екен. Хан: “Мұның несіне қызығып, сонша ғашық болып жүр? – деп таңғалыпты. Сонда уәзірі: “Оған Мәжнүннің көзімен қарау керек, хан ием”, – деген екен.
Нұртас Исабаев "Өмірге құштарлық"
Санасыз жануарлар да бірін - бірі аяйды, біріне бірінің жаны ашиды, олардан артыла алмасақ адам атанғанымыз бекер.
Ауық - ауық мұны да ойлай жүр.
Жануарлардан жоғары тұру - ол баршамызға адамдық міндет.
Бексұлтан Нұржекеұлы "Ерлі - зайыптылар"
Оу, ағайын, ес - ақылдарыңды жиыңдар! БІЗ қатыгезденіп барамыз. БІЗ имансызданып барамыз. БІЗ айналайын анамыздың ақ сүтін ақтай алмай жүрміз, бір күнгі қызды - қызды қызыққа мастанып, тасыраңдап кеттік, көзімізді шел басты, көңіліміз көр, жігеріміз құм болып, құрдым дәуреннің әләуләйін шырқап жүрміз; тамаша өмірдің тасқынымен ығып, ығысып ағамыз келіп, ағысқа қарсы жүзу не жағалауға қарай ұмтылу жоқ. Өмір сүрудің ең оңай тәсілін тауып алдық та, жер бетінде өзімізден артық адам жоқтай жоқтан өзгеге сілеміз қатқанша күлеміз, сілікпеміз шыққанша бір - бірімізге үреміз. Оу, сондағы мақсатымыз не? Тірі жүру, тіміскі өмір сүру ме?
Оралхан Бөкей "Атау кере"
“Өмірді, адамдарды, жақындарын шын сүйе алмаған, қадірлей, бағалай алмаған, жақсылық жасай алмаған адам өмірдің мәнін де ұға алмайды, босқа ғұмыр кешеді” деп ойлады. Тек өз басын ойлайтын өзімшіл адам бақытты өмір сүре алмайды. Өйткені өмір тек жақсылықтан, қуаныштан, рахаттан ғана тұрмайды, оның қасіреті, қайғысы, жамандығы, бейнеті де аз емес. Бақытсыздыққа ұшыраған адам жалғыз болса, жанында жанашырлары, жақындары жоқ болса, нағыз сорлы, дәрменсіз, бейшара болып, одан сайын көп азап шегеді екен. Жалғыздықтың азабы осындай, басыңа қиын - қыстау күн туып, тауқымет түскенде анық сезіледі. Жақындарыңның, ата - анаңның, бауырларыңның, достарыңның қадірін, бағасын басыңа іс түскенде, қиналғанда білесің. Сау жүргенде адам көп нәрсені түсіне бермейді.. Қасында жанашырлары болмаса...
Нұртас Исабаев "Өмірге құштарлық"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Әр жүректе асыл адамгершілік, айнымас махаббат болсын Кітап үзіндісі: Әр жүректе асыл адамгершілік,
Фонограммамен ән айтатын әншілерге сахнаға гүл алып шығып, оны иіскетіп, бірақ бермей қайтып әкету керек, - дейтін Бәкең.⠀⠀ Зейнеп Ахметова "Әзіліңді
Кітап үзіндісі: Ауыздан шыққан анттың бәрі орындалса, адам адам емес, баяғыда - ақ періште болған болар еді! Кітап үзіндісі: Ауыздан шыққан анттың бәрі
Ауыздан шыққан анттың бәрі орындалса, адам адам емес, баяғыда - ақ періште болған болар еді! Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер қайтіп келмейді"
Кітап үзіндісі: Бақыт деген бұл əлемде, шынында да, бар екен! Кітап үзіндісі: Бақыт деген бұл əлемде, шынында
Қызық, оқып жүргенде, курстастарым тағдырдың тауқыметін тартқандар ғана ақын немесе жазушы болады деп, қызыл - кеңірдек боп айтысып жататын.
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына айналдық Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да,
Философия қайда, мен қайда, Мұқан - ау? Дүниежүзінде әйелдерден шыққан қай философты білесің? Білмейсің. Ешкім де білмейді. Өйткені әйел философиясы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×