ойын сауық отауы
Қаба би деген екен...
08.01.2024 267 0 Admin

Қаба би деген екен...

Әдебиет
Шешендік сөздер: Қаба би деген екен...
Қаба Абайділдаұлы Ұлы жүз Үйсін ішінде Тезек төре өзін сұлтан, хан санап тұрған кезінде Албан, Суан, қырғыз арасындағы шиеленіскен дауларды шешетін төбе би болып тұрған. Сол кезде көрші қырғыз елінде бүлік шығып, қырғыздың Бұғы руы мен Сарыбағыш руының арасына үлкен қақтығыс болады. Ру аралық қақтығыста Бұғылар жеңіліп, қабырғалас жатқан қазақ елінен пана сұрап қашып келеді. Неше жүздеген адам Тезек төреге келіп өздерін ізіне түскен сарбағыштардан құтқаруын сұрайды.. Бірақ осы кезде сарбағыштар да Тезекке жүгініп дұшпандары Бұғыларды қайтаруын сұрайды. Тіпті, Тезек төреге сыйға тартатын 40 сәйгүлігін жетелей келеді. Аузымен құс тістеген 40 сәйгүлікті көрген Тезек төре Бұғыларды қайтарып бергісі келеді. Бірақ дала демократиясының ерекшелігі сонда, хан билерімен кеңеспей өз бетімен шешім қабылдай бермейтін. Оның үстіне Қазақтың қанжар тілді Қаба биі атанған Қаба бидің ел алдындағы беделі тым жоғары болғандықтан, "Қаба би қатуланса ел қолдайды, онда Ұлы жүз үйсін, Албан, Суан қозғалып кетуі мүмкін" деген ойға келіп, төбе бимен ақылдаспай әлгіндей әрекетке бара алмайды. Бірақ Тезек Бұғыларды Сарыбағыштарға беріп 40 сәйгүлікті алып қалғысы келетінін емеурінмен білдіреді. Сонда Қаба би: "Ей, Тезек! ("Төрем" немесе "хан ием" де демейді) Күйкентайдан қашқан торғайға бұта пана болады. Сонда бізді ел деп, жұрт деп пана сұрап келген адамдарға бұта құрлы пана болуға жарамайтын ел ме едік. Жоқ! Бұғыны қанды кекке бермейміз, қырғыз қазақ бір туған, түйін осы" дейді. Сөйтіп қашып келген қырғыз ағайындарды Кетпен тауының етегіне апарып орналастырады. Ол ауыл осы күнге дейін "Қырғызсай" деп аталады.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Шешендік сөздер: Саққүлақ шешен деген екен... Шешендік сөздер: Саққүлақ шешен деген екен...
Жазда аулына демалысқа келіп жатқан Шоқан Саққүлақ шешенді қонаққа шақырып, бірнеше күн оның тағлымды әңгімелерін тыңдайды.
Күй аңызы: Бес қыз Күй аңызы: Бес қыз
Сейтек нағашысы Дәулетиярдың сыйға берген іңгеншесіне мініп ауылына қайтқанда, жолшыбай жанында бір топ шабармандары бар Арсыланкерей кездесіп,
Қолды жуған соң сілкіме Қолды жуған соң сілкіме
Бірде Ғайса пайғамбар жолаушылап келе жатып Ібілісті көреді. Ібіліс ізіне жүздеген ұрпағын ертіп алып, сап болып кетіп бара жатыр екен. Ғайса: – Әй,
Күй аңызы: Қоңыр Күй аңызы: Қоңыр
Бірде Қоңыр төре өзінің бой жетіп отырған қызының жасауын келістіру үшін Алтынбек зергерді арнайы шақыртып, жаз бойы зер бұйым жасатады. Алтынбекпен
Шешендік сөздер: Деген екен... Шешендік сөздер: Деген екен...
Бөлтірік шешен бір жазда Тезек төреге барады. Бөлтіріктің шешен, ділмәр ақын әрі батыр екенін сыртынан есітіп жүрген Тезек оны бар ықыласымен сыйлап,
Туыстық атаулар сыры: Қарындас, сіңлі Туыстық атаулар сыры: Қарындас, сіңлі
Қарындас (әйел) – ағайындылар ішінде жасы кіші қыз ағалары үшін қарындас болады. Бұлар аға, іні үшін қымбат та, қимас жандар.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×