ойын сауық отауы
Бұқар Қалқаманұлы (1684 - 1782 ж. ж.)
25.09.2024 65 0 Admin

Бұқар Қалқаманұлы (1684 - 1782 ж. ж.)

Әдебиет
Бабадан қалған асыл сөз
Береке, бірлік – қамалдың басы...
Бұқар Қалқаманұлы (1684 - 1782 ж. ж.)
Атақты Абылай ханның ақылшысы Бұқар жыраудың есімі қазақ еліне ертеден мәлім. Замандастары «көмекей әулие» атап кеткен ұлы жырау XVIII ғасырдағы әдебиетіміздің көрнекті өкілдерінің бірі. Әкесі Қалқаман белгілі батыр болған. Әйгілі жыраудың бізге жеткен арнау, терме, толғаулары негізінен әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді көтерді. Бұқар жырау, сондай - ақ азаттық жолында өлімге бас байлап, ерлік жасаған халық батырларын жырға қосып, әдеби бейнелерін де жасаған.
Ежелгі дұшпан – ел болмас,
Етектен кескен – жең болмас.
* * *
Екі жақсы дос болмас – сірне үстінде хаты бар,
Ежелгі дұшпан ел болмас – көңілінде кір, даты бар.
* * *
Ауылда адам бар болса – ауыл ада болмайды,
Ел иесі бар болса – елі ала алмайды.
* * *
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
* * *
Ер жігітке жарасар
Қолына алған найзасы,
Би жігітке жарасар
Халқына тиген пайдасы.
* * *
Жақын жерден шөп жесе
Жердің сәнін кетірер.
Ағайынның аразы
Елдің сәнін кетірер.
Абысынның аразы
Ауыл сәнін кетірер.
* * *
Бағаналы орда – басты орда.
* * *
Ежелгі дос жау болмас.
* * *
Тар пейілді кеңімес,
Кең пейілді кемімес...
* * *
Еліңнің қамын же – сана,
Есіліп кеңес айт – сана.
* * *
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
* * *
Адамзаттың баласы
Атадан алтау тумас па,
Оның ішінде біреуі
Арыстан болмас па!
Алдына келген жақсының
Қадірін оның біле алмай,
Қадір - құрмет қыла алмай
Артында қалған жамандар
Бас - басына тозбас па!
* * *
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.
* * *
Әлемді түгел көрсе де,
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
Қызыққа тоймас адамзат!

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Шалгиіз Тіленшеұлының ұлағатты сөздері Шалгиіз Тіленшеұлының ұлағатты сөздері
Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушы Шалгиіз жырау ноғайлы - қазақ дәуірінде Орақ, Мамай, Би Темірдің тұсында өмір сүрген.
Күй аңызы: Қарқарау Күй аңызы: Қарқарау
Халық композиторы - Қожамжарұлы Бапыштың тарихи мазмұнда шығарған күйі. Төлеген Момбековтің айтуынша, жаугершілік заманда Қарқара жайлауында қалған
Адам жайлы мақал - мәтелдер Адам жайлы мақал - мәтелдер
Адам құлақтан азады, Қаңқудан тозады, Көңілден семіреді.
Би, шешен туралы мақал - мәтелдер Би, шешен туралы мақал - мәтелдер
Би болмасаң болма, би түсетін үй бол.
Бұқар жыраудың Наурызбай батырға айтқаны Бұқар жыраудың Наурызбай батырға айтқаны
Ей, Наурызбай, Наурызбай! Шапырашты Наурызбай! Асылы едің асылдың, Жасылы едің жасылдың.
Жалғыздық туралы мақал мәтелдер Жалғыздық туралы мақал мәтелдер
Жалғыздың үні шықпас, Жаяудың шаңы шықпас.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×