ойын сауық отауы
Жан тыныштығына арналған уақыт
23.01.2023 551 0 Admin

Жан тыныштығына арналған уақыт

Дін
Уақытыңды басқар
Жан тыныштығына арналған уақыт
Мүлгіген тыныштықта жалғыз өзіңіз өткізетін уақыт сіздің өміріңізде маңызды орын алады. Бұл ерекше кезеңді рухани дамуға, Жаратқан мен жаратылыс жайлы ой жүгіртуге арнау қажет. Мұндай кезеңдердің тұрақты түрде өміріңізде орын алуының көмегімен сіз өз өміріңізді түбегейлі өзгерте аласыз.
Қай заманда болмасын, адам баласының ең үлкен мұраты жан тыыныштығына қол жеткізу болатын. Барлық діндердің басты мақсаты адамдарға жол көрсету арқылы рухани тыныштық пен бақыттың шыңына шығуға жағдай жасауға келіп тіреледі. Дәл сол секілді саф алтындай таза болған ата дініміз де адам рухының осы қажеттілігіне баса мән береді. Тіпті құлшылықтар соған негізделген десе де болады. Құлшылық ету арқылы Алламен оңаша қалып, оған жақындай түсіп, рух өз қалауына жетіп, жүрек орнығып, көңіл жай тауып, жан тынышталмақ.
«Жүректер Алланы еске алу арқылы ғана жай тауып, тыныштыққа бөленеді».
«Рағд» сүресі, 28 - аят
Пайғамбарымыздың тек қана Алламен байланысқа арнаған уақыты болатын. Пайғамбарлыққа дейін де Хира үңгіріне барып, оңашаланып, Жаратқанмен байланыс құратын болған. Пайғамбарлықтан кейін өзіне міндет болған түнгі ғибадат уақытында барлығы ұйқыда болған мүлгіген тыныштық кезеңде Алла Тағалаға құлшылығын жасап, дұғасын айтып жалбарынып, байланыстың жібін мықтай түскен.
«Әрбір ақылы толысқан жанның уақытының біршама бөлігін Раббысымен тілдесуге арнауы міндетті».
(хадис)
Тақуа әрі ғалым әйелдерден болған Рабия адауия түнгі құлшылыққа тұрып, Жаратқанға былай деп тіл қататын: «Барлық жан баласы өзінің сүйіктісінің жанында тәтті ұйқыда жатыр. Ал мен өзімнің сүйіктім болған Саған келдім, Сенімен оңаша болуды қаладым». Осылайша Алламен байланысқа уақытын арнап, жан тыныштығына кенелетін.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Уақытыңды басқар: Бірсарындылықтан арылу Уақытыңды басқар: Бірсарындылықтан арылу
«Жылдың айларға, айдың апталарға, күннің парыз намаз уақыттарына бөлінуі адам санасында «уақыт түсінігінің» қалыптасуы үшін жеткілікті ме?» деген
Құран кәрімдегі уақыт Құран кәрімдегі уақыт
Құран Кәрімде уақыт түсінігі әртүрлі сөздер мен сөз тіркестері арқылы келеді. Қазақ тіліндегі «уақыт» сөзінің өзі араб тілінен енгені белгілі. Ал сол
Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу сатысы Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу
Рухани жетілу сатысындағы толық адамдардың басқалардан екінші айырмашылығы – олардың өмірлерінің түпкі мақсаты. Толық адамдардың мақсаты – Түп Иеге
Білгенге – маржан: Уақыттың он екі құпиясы Білгенге – маржан: Уақыттың он екі құпиясы
«Уақыт» жайлы сөз қозғаған ойшыл да, дана да көп. Уақыт, махаббат пен байлық сан ғасырлардың басты тақырыбы болып та келді. Қала да береді.
Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі
6. Бос әңгімелер Бос әңгіме жайлы сөз қозғалғанда тек қана бетпе - бет сөйлесулер емес, онлайн түрде орын алатын әңгіме - дүкен де қамтылады. Бұлар
Өмірдің өзі белгі береді оны байқай білесіз бе? Өмірдің өзі белгі береді оны байқай білесіз бе?
Сіз маған мүмкін, сенбейтін боларсыз, сонда да айтайын: Күн сайын адам рухани жолсерігі яғни, қорғаушы періштелер арқылы өмірдің өзі беретін
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×