ойын сауық отауы
Қазақ әдебиеті әлемінен
05.02.2024 144 0 Admin

Қазақ әдебиеті әлемінен

Әдебиет
Қазақ әдебиеті әлемінен
Аллоним (грек. allos – бөтен, бөгде, onyma – есім) – қаламгерлердің өз аты - жөнін мүлде қолданбай, автор ретінде өзге бір есімді бүтіндей иеленуі. Мысалы, Париж коммунасының белгілі қайраткері Паскаль Груссе революция жеңіліске ұшырағаннан кейін Жаңа Каледонияға жер аударылады да, одан қашып шығып, басқа фамилиямен өмір кешіп, өзінің ғажайып оқиғаларға толы романдарын Андре Лори деген атпен жариялап отырған. Беларусь ақыны К. М. Мицкевичтің туындыларына өз атын көрсетпей Якуб Колас деп қоюының басты себептерінің бірі, ұлы поляк ақыны Адам Мицкевичпен фамилиялас болуы еді. Орыс әдебиетінде М. Горькийдің өз аты - жөні – А. Пешков т. б. Қазақ әдебиетінің өкілдері де аллоним қолданып жүр. Әкім Таразидің өз аты - жөні – Ә. Әшімов, т. б.
Алогизм (грек. a – жоққа шығару жұрнағы, logismos - ақыл) – біріне бірі логикалық қисыны жағынан кереғар, қарама - қайшы ұғымдарды әдейі жақындатып, жалғастыру арқылы ойды айрықша әсерлі етіп жеткізетін стильдік тәсіл. Мысалы, М. Жұмабаев «Тірілдім» деген өлеңіндегі «Жаспен жасып, оймен азып - тозып ем, Өліп едім, бүгін тағы тірілдім», - деген жолдар алогизмнің озық үлгілерінің бірі болып табылады.
Алмажан Азаматқызы (1823, Бат. Қазақстан обл. Жәнібек ауд. Бекетай - Бесқасқа а, - ө. ж. б.) – ақын. Әкесі Азамат 1836 - 1837 Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісіне қатысып, шайқаста қаза тапқан. Алмажан жасатйынан өлең шығарып, ақын қыз атанады. Бірақ сақталып қалған шығармасы – «Жетім қыз» дастаны. «Жетім қыздың» басты кейіпкері – Алмажанның өзі. Оқиға екінші жақтан баяндалады, арагідік қара сөзбен баяндауы бар. Дастанның сюжет желісіне әкесі Азамат қайтыс болғаннан кейін жетім қалған 14 жасар қыз бен 7 жасар ұлға Нарындағы билік иелері тарапынан жасалған зардаптар, Жәңгір ханға арызданбақшы болғанда көрген қиыншылықтары негіз етіп алынған. Дастанда әділдік іздеп күрескен жетім қыздың өршіл тұлғасы сомдалған.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қазақ әдебиеті әлемінен Қазақ әдебиеті әлемінен
Альбомдық лирика – лирикалық жанр. Алғаш орта ғасырлардағы француз поэзиясында пайда болған. Бұл жанрға жататын өлеңдерге тән басты қасиет –
Тіл тарихы: Жаңа грек тілі Тіл тарихы: Жаңа грек тілі
Константинополь қаласы жаулап алынғанмен, грек тілінің тарихы аяқталған жоқ. Грекия Осман империясының құрамында болған жылдары, яғни XV ғасырдан
Қазақ әдебиеті әлемінен: Алдаркөсе, Аллегория Қазақ әдебиеті әлемінен: Алдаркөсе, Аллегория
Алдаркөсе – қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Аңыз әңгімелерде Алдар көсе өзінің асқан айлакерлігі
Қазақ әдебиеті әлемінен Қазақ әдебиеті әлемінен
«Бөген б атыр» – батырлық жыр. Жырды І. Нұрмағамбетов 1930 ж. ел аузынан жазып алып, 1935 ж. қазіргі Әдебиет және өнер институтына тапсырған.
Тіл тарихы: Грек тілінің жаратылысы Тіл тарихы: Грек тілінің жаратылысы
Ақын, философ және ғалымдардың қолдануына байлданысты грек тілі көп өзгеріске түсті. Бұған дейін болмаған жаңа сөздер, сөз тіркестері және сөйлемдер
Қазақ әдебиеті әлемінен Қазақ әдебиеті әлемінен
«Абылай хан» - тарихи жыр. Жыр Қытайдың Шыңжаң аймағында тұратын қазақтардың арасында кең таралған. Авторы белгісіз
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×