ойын сауық отауы
Халық күнтізбесі: Ай аттары
18.09.2021 1 488 0 Admin

Халық күнтізбесі: Ай аттары

Салт-дәстүр
Халық күнтізбесі: Ай аттары
Көкек. Бұл ай көкектің алғаш шақыра бастайтын айы болғандықтан, осылай аталған. Көкек айын чулымдықтар қарғи ай, барабалықтар қарға ай, саяндықтар құстың пашқы айы, алтайлықтар кәндік айы, шорлар мен тувалықтар көрік айы дейді.
Мамыр. Бұл сөзді Б. А. Куфтин «ақсақ» деп түсіндірген. Қандай хайуанның ақсайтынын айтпаған. Дұрысы – «ақсап қалу» емес, «шайлап қалу». Семірген қаз бен үйрек ұша алмай, шайлап қалады (бірақ аяғы сау). Соны «мамырлап қалды» дейді. Бірақ ай атын бұлай түсіндіру қиын, майда құс семіріп мамырламайды.
Осы айда дала мысығы балалайды. Бұл мысық ежелгі түркі тілінде – маны, моңғолша – манұл. Оны алтайлықтар маны, хакас – манул, тува – манула, қырғыз мәлін, тобыл татарлары – мәлім, катон – манала дейді. Мамыр осы мысықтың балалайтын айы болуы ықтимал. Алтайлықтарда мынадай ертегі бар: «борсық манының жеті ұлының бірі екен. Ол дәрменсіз, қорқақ болыпты. Сондықтан оның маңдайына «құрт - құмырсқадан басқаға шамасы келмейтін шірік неме» деп жазбақшы болып, маны саусағымен бір сызыпты. Содан борсық қасқа болып қалыпты».
Қисыны келетін нұсқа: «мамыр – жыл құстарының балапаны» деген профессор Сәрсен Аманжоловтың (1903 - 1958) түсіндірмесі. Шынында да осы айда аққу, қаз, үйрек т. б. балапандарын ұядан шығарады. Туған уақытына қарай, кейбір балаларға «Мамыр « есімі қойылады. Мысалы: Мамыр – белгілі жырдағы Қалқаманның сүйген қызы («Қалқаман – Мамыр»).
Отамалы. Бұл атау жер отайып, малдың аузы көкке тола бастауына байланысты шыққан. Славяндардың травень, француздардың прериаль айларындай. Отамалының қосалқы аты – маусым.
Шілде. Бұл айдың аты парсының «чілдә» деген сөзінен шыққан, чіл – қырық деген сөз. Ол әуелде қырық күндік мезгіл ретінде айтылып, кейін отыз күндік ай ретінде қолданылып, қалыптасып кеткен.
Сарша. Бұл – ескі түркі сөзі, арғы тегі – «сары шақ», түркі тілдес басқа халықтарда да бар. Мысалы, барабалықтарша сарша – сарғақ ай. Чулым татарлары, шорлықтар, тувалықтар оны орғақ ай дейді, өйткені осы кезде сарғайып піскен егін орылады. Алтайлықтар тілінде сарша айы «қураң сыбыржып» делінеді, мұның мағынасы да өсімдіктің қурауы. Әдетте сарша және тамыз сөздері (соңғы сөз вавилон күнтізбесінен алынғандығы белгілі) қосарланып, сарша - тамыз болып айтылады. Бір таңқаларлық жай: бұл айдың ескі славянша аты – жовтень, қазақтың саршасының дәл аудармасы. Жовтень – қазіргі орыс тіліндегі «желтый» деген сөзінің көне түрі.
Қыркүйек. Бұл атау мал шаруашылығына байланысты шыққан. Қой мен ешкінің төлдеу мерзімін реттеу, атап айтқанда, оны жылдың жылы айларына келтіру және малдың қонын толықтыру мақсатымен қазақ шаруалары жаздың басында (көбінесе отамаланың аяғында немесе шілденің басында, жердің географиялық жағдайына қарай) қошқарлар мен текелерге күйек байлаған. Байланған күйек 90 күннен кейін алынып, аталық малдар еркін, бос жіберілетін болған. Қыр қазақтарының күйек ағытатын айы «қыркүйек» деп аталған. «Қыркүйек» айы өлең - жырларда жиі кездеседі. Ескілікті жырларда:
Үш ай тоқсан болғанда
Құтылар қошқар күйектен, -
делінеді. Нысанбай жырауда:
ай үш тоқсан күні еді,
шаруа шешкен күйегін, -
дейтін жолдар бар. Сол сияқты:
Ел күйекті шешіпті,
Есепші айтты десіпті.
(І. Жансүгіров, «Күз»)
(жалғасы бар)

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Айлардың да құпия сырын білейік Айлардың да құпия сырын білейік
Айдың үш жаңасында ай толығырақ болып, өңі ағарып, екі ұшы доғалдау болып, тік көтерілсе, сол айда борасын, жел, жауын - шашын аз боларын болжаған.
Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері
Шілде – жылдың бесінші айы, жаз ортасы. «Шілде» атауының екі мағынасы бар. Бірі – «қырық күндік уақыт кесіндісі», екінші – «отыз күндік азаматтық ай».
Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері
Әлбетте, қазақ халқы құрала бастағаннан бері айлардың төрт жүйесі қолданылған. Олар: тоғыс айлар, зодиак айлары, азаматтық айлар және араб айлары.
Қазақ халқының астрономиялық білімдері Қазақ халқының астрономиялық білімдері
Жұлдыз түркі халықтарында былай аталады: татарша – юлдуз, башқртша – йондуз, туваша – зылдыз, якутша – зұлыс, әзірбайжанша – ұлдыз, қырғызша –
Төлдердің атаулары Төлдердің атаулары
Түйе – бота Жылқы – құлын Сиыр, қодас – бұзау Қой – қозы
Мамыр Мамыр
Адам үшін жұбаныш Мамыр келді шуақты. Күннің ішін қуаныш Кернеп тұрған сияқты.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×