Кітап үзіндісі: Басына бақ құсы оп - оңай қонған адамнан дүниеде топас адам жоқ
Әдебиет
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Менің есіме жамағайын біреудің бала көтермеген әйелі "босаныпты" деген хабар естігенде әкемнің жылағаны түсті. "Шіркін - ай, ұрпақ қалмай қояр ма деп қорқып жүруші едім, тоба, құдайдың жасаймын десе, жақсылығы аз ба", — деп жаулықтай шұбатылған бет орамалымен көзін сүрткен. Мен кезінде соған мүлде түсіне алмай қойып едім. Айдаладағы біреудің әйелі босаныпты дегенге өз басым қанша зорлансам да жылай алмаймын. Арыстай ағаларының бәрінен айырылып жалғыз қалған бейшара әкем, жан басының мынау тіршілікте қанша қымбат екенін менен гөрі жақсырақ білген болуы керек.
Төлен Әбдік "Әке"
Басына бақ құсы оп - оңай қонған адамнан дүниеде топас адам жоқ. Ол өзгенің қайғысын да, қуанышын да жете түсінбейді.
Ілияс Есенберлин "Алтын құс"
Тіл – адам жанының тілмашы. Тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Ойлаған ойын сыртқа шығарып, басқаға ұқтыра алса, адамның не арманы бар.
Мағжан Жұмабаев "Педагогика"
– Сыңсып барады күнім. Бұл жалғанда сыңсыған қыз үнінен нәзік дауыс бар ма? Сыңсыған қыз үнінен өткен мұң бар ма? Жол - жөнекей танысып, бір - біріне еріп жүре беретіндер оның қадірін қайдан білсін? Сыңсыған қыз үнінің қадірін ұзатылғандар ғана біледі. Солар ғана түсінеді...
Тынымбай Нұрмағамбетов "Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс"
Кітаптың құдіреті ғой. Сені ол қайда апармайды, кімдермен таныстырмайды?! Үйде отырып - ақ көз көрмеген, құлақ естімеген дүниенің нешеме түкпірлерін шарлап шығасың. Жолында жақсы да, жаман да кездеседі.
Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"
Ештеңе істеу білмейтін, қолынан түк келмейтін адамның өмір сүруі қиын болады. Еш шаруаға қыры жоқ адамға өзгелер мүсіркеп қарайды, оның жұмысында да, үйінде де қадірлі, сыйлы болуы екіталай.
Камал Әлпейісова "Апасының баласы"
Гарсиа Маркестің бір кейіпкері: "Досыңның ең жақсысы – бұ дүниеден өтіп кеткені, өйткені онымен бірге сен туралы шындық та бірге өледі", – деуді жақсы көреді екен.
Алдан Смайыл "Саяси - әлеуметтік публицистика"
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Далада өскен жабайы гүл үстін тас басса да, өлерменденіп, қылтиып, өсіп шығады. О бастағы табиғаты гүл болса да, гүл ашып, айналасына эстетикалық

Сен Аяулым десе, аяулы едің - ау!.. Атыңа затың сай еді!.. Біз екеуміз беймезгілде кездесіп, бейуақытта қоштасқан ғашықтар... жо.. жоқ... бейбақтар

Он сегіз мың ғаламның тереңіне қанша сүңгісең де, маңдайың тірелетін бір ғана құпия бар, ол – қу дүниенің баянсыздығынан басқа түк те емес... Басқа

Өмір — талас, кім күшті — сол жеңеді деген міне осы! Адам баласының таласы бетпақ дүниеде алма - кезек түсіп осылай өтіп жатады. Еш уақытта да

Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы

Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер