ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Астана сөзі қайдан шыққан?
20.10.2020 844 0 Admin

Кітап үзіндісі: Астана сөзі қайдан шыққан?

Әңгімелер
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...


Біздің заманымыздағы адамдар ақылдың eтeгінeн ұстап алып, oның құлына айналған, ал өмірдeгі шын мәніндe eң қымбат eшқашан өкінбeйтін нәрсeлeр – жасаған қатeліктeрі мeн адасулары eкeнін түсінгeндe тым кeш бoлады.
Оскар Уайльд "Дориан Грейдің портреті"

Қаратауда қазақтың кіндігі қалған. Ол - "астана" деген сөз ғой. Ортақ ордаң болмаса, "астана" сөзі қайдан шыққан? Яғни астана болған. Астана болу үшін - мемлекет, халық болуы керек екені түсінікті шығар. Кейін қазақтың астанасынан алыс кетіп, үшке бөлініп бас қосуға бəріне бірдей жақынырақ жер іздеу себебі де содан. Басы қосылмау қырсығы да содан қалған. Мына біз келе жатқан Түркістан - сол астана болатын. Кейінгі дəуірдің өзінде де қазекең небір қасқа - жайсаңдарын, елге тұлға болған ірі перзенттерін осы Түркістанға əкеліп жерлеген. Қазіргі тілмен айтқанда - ол пантеон болған. Пантеон жасау - ол үлкен мəдениеттің ісі, асқан салттың жұмысы. Мемлекеті болған соң, соған сай мəдениеті болған, Отырар қаласы соны растайды. Ия, ол мемлекеттің есімі - Түркістан еді. Енді ол бір шағын қалашықтың атына көшкен. Тек сөз қалып қойған...
Ғафу Қайырбеков "Елтінжал"

Қоғам атаулы тек ұлы адамдардан ғана құралмайтыны секілді, біздің өміріміз де тек рухани самғау сəттерінен тұрмайды. 
Шоқан Əлімбаев "Данышпандық субстанциясы"

Жазықсыз жапа шегіп, жаның жабырқап жүрген кезде жолыққан әйел махаббаты да сол сияқты. Мұндайда ер - азаматтың тәуекелі жетпейтін жерге қыздардың дәті барады. Өйткені, әйел — тіршілік көзі. Аспаннан мың бір пәле жауса да, тіршілік тоқтап қалуға тиіс емес. Қарлы шыңда жартасты жарып шыққан еңлік гүліндей, әйел махаббаты да гүл ашпай тұрмайды... 
Қабдеш Жұмаділов "Таңғажайып дүние"

Адамның ашық болғаны жақсы. Сұмдық қайта тымпиып жүргендерден шығады.
Шыңғыс Айтматов "Жәмилә"

Айналамдағы өмірге тым селсоқ - салқын қарайтын болғанмын. 
Қорқақ болып тумасам да, қорқақ бола бастағандаймын. Жалтақ болып тумасам да, жалтақ бола 
бастағандаймын.
Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер қайтып келмейді"

Елге өнер, бiлiм керек. Оқу, тәрбие керек. Ендiгi заман кең жайылыс, ұзақ өрiске сенiп, қалың ұйқыны қуат бiлiп жататын заман емес. Өзге өнерлi елден оқып, үлгi алудың заманы. 
Мұхтар Əуезов "Абай жолы"

Иә, бұл өмірде адамзат болмысының ой - шұқырына терең көз жіберіп, өзгенің жай - күйін шынайы түсіне алатын адамдар бар ма? Бай құлқынның құлы, ұлық өзінен төменге көз салмайтын мешеу болса, бастық тек өзінікін жөн санайды. Озбыр жұрттың қанын соруды қалайды, күші мол өзгеге әлімжеттік жасағысы келіп тұрады. Сонда да әу баста Құдайдың қолынан бәрі бірдей жаратылған адамдар тұрмыс, ақыл, күш жағынан неге тең емес? Әлде тұрмыстымен тең болу үшін өзің де тұрмысты, күштімен тең болу үшін өзің де күшті болуың керек пе? Зымиянға зымияндықпен, залымға залымдықпен, менменге менмендікпен, санасызға санасыздықпен, жалпы, айналадағы өзіңді қоршап жүрген адамдар қандай болса, сен де сондай болып, ә десе мә деп тұру керек пе?
Момбек Əбдəкімұлы "Қараман қарақшы"

— Аллаға шүкір, текті, құтты жерденсің балам... Ол да болса, сенің бағың, осыны есіңде сақтап жүр. Құдай етегінен берсе, үйінде береке болса, әйел онан басқа не тілемек. Мына жиған - тергенімізді біз, кемпір - шалдар, өзімізбен бірге алып кетпейміз... Қадір - парқыңды сақтасаң — бақыт деген сол, балам! — деп ескертіп қоятын.
Шыңғыс Айтматов "Жәмилә"

Өмір егер ащы бермесе, тәттіні білер ме едік. Тәттіні бермесе, ащыны білер ме едік. Біріне мастанып, біріне мойымаған адам өмірде жаман жеңіп шығады.
Ғабиден Мұстафин "Миллионер"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа сыймайды Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа
Егер әркім қорғасыннан алтын жасай беретін болса, алтынның құны қорғасындікіне пара - пар болып кетпей ме? Пауло Коэльо "Алхимик" Махаббат пен
Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына айналдық Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да,
Философия қайда, мен қайда, Мұқан - ау? Дүниежүзінде әйелдерден шыққан қай философты білесің? Білмейсің. Ешкім де білмейді. Өйткені әйел философиясы
Кітап үзіндісі: Сурет салғым келмейді. Кітап үзіндісі: Сурет салғым келмейді.
Ұлттық мақтаныш - ұлт азаматының мызғымас заңы, қасиетті ісі. Кімде - кім өз ұлтын құрметтеп, оны мақтаныш етпесе, ол барып тұрған азғын. Әзілхан
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны
Төрт ана Төрт ана
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға. Әр адамда өз анасынан басқа да, Ғұмырына етер мәңгі астана,
Қайрат Баекенов және Формат тобы - Астана Қайрат Баекенов және Формат тобы - Астана
Қайрат Баекенов және Формат тобы - Астана
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×