ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
15.10.2020 1 071 0 Admin

Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін

Әңгімелер
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны мойындамайынша, ешкім мәңгі рухани азаптан арыла алмайды.
Төлен Әбдік «Парасат майданы»
«Қаратаудың басынан кеш келеді...
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айырылған жаман екен - ау,
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді».
Ой, жарықтық - ай! – деді Ғабең.
Ой, айналайын - ай! – дейді Ғұбайдолла.
Қарату қара домбырадай елестейді. Мен соны құшақтап отырып тартатындаймын. Құлағыма жабыла сыңсыған арулар даусы келеді. Ботаның боздағаны естіледі. Өзім соның ішінде жүргендеймін...
«Қарындас» дегенді мен бала кезімде кәдімгі өзімнен кіші қыз бала деп ойлаушы ем, - деп сөз бастайды Ғабең, - ол ескі, алғашқы мағынасында қалың ағайынды, бірге туғандықты, бір қарында жатқандықты білдірген екен ғой. Мына өлеңде де соны айтып отыр. Қалың туыстан ажырау, тоз - тоз болып кетуді айтып отыр.
«Қаратау» мен «қара көз» бұлардың қазақ екендігін айтады. Ал «көш» бұрын - сонды болмаған ұлы көшуді баяндайды. Амалсыздың мұңын шертеді. «елім - ай» - деп, арманды зармен екі рет қайырады. Ол екі қайтып келер ме дәурен, Қаратауға мен қайта келермін бе дегені ғой, - деп Ғабең, өзі де байқамастан бір үлкен арналы ойға түсіп кетеді, - ия, сол кеткеннен олар келген жоқ. Байтақ далаға шашылып кетті.
Ғафу Қайырбеков «Елтінжал»
Әйел заты қашанда еркектің еркін билеп, оның жолын оңға бастауға да, теріс кетіруге де, бақытқа кенелтуге де, мерт қылуға да тікелей себепкер боп отырады.
Әнуар Әлімжанов «Ұстаздың оралуы»
Әр адамның мінезі – астындағы тұлпары. Соның ағынымен адамдар өмірден зымырап өтіп жатады ғой, әйтеуір.
Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз»
Олардың ортақ әңгіме - қоржындары тола бастағанда, кей - кейде үнсіз отырса да, бір - бірімен тілдесіп жатқандай... Бір әуенді тыңдай беріп, құлаққа сіңгенде, өшіп тұрса да, әлі ойнап тұрғандай болады ғой?.. Дәл солай... Үндемей көліктің терезесінен сығалап отырған Элина Ерасылға әлденені айтып жатқандай болар еді...
Әлішер Рахат «Махаббатым – constant»
Қай істі болмасын жүзеге асыру жолында белгілерге тап боласың. Олар, кейде, «жолы болу» және «сәйкес келіп қалу» деп аталады.
Пауло Коэльо «Кемел»
Ойдың әскери империядан айырмашылығы – оның жаулап алғандары қол астында мәңгі қалады.
Шоқан Әлімбаев «Данышпандық субстанциясы»
Меніңше, мұң қуаныштың серігі, қуаныштың жары десе де болады. Мұң бізді ессіз күлкіден арылтады, тәубамызды есімізге түсіреді. Ағат іс, ақымақ жүрістен сақтандырады. Мен бұрын мұңның осыншалық құдіреті бар - ау деп ойлаған емеспін.
Оралхан Бөкей «Аспирант қыздың тракторшы жігіті»
Заң дегеніміз – өрмекшінің торы: әлсіздер тұтылып, әлділер құтылып кете береді.
Шерхан Мұртаза «Бір кем дүние»
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Бойдағы міні шашынан көп болса да, өзімен күресіп жүрген бір адамды көрмейсің Кітап үзіндісі: Бойдағы міні шашынан көп болса
Жақсы де мейлің, жаман де мейлің, өзінің жеке өмірі жоқ, өзге кісінің өмірінен тыныс алып, тіршілік ететін адамдар болады екен. Олар ағашқа біткен
Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа сыймайды Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа
Егер әркім қорғасыннан алтын жасай беретін болса, алтынның құны қорғасындікіне пара - пар болып кетпей ме? Пауло Коэльо "Алхимик" Махаббат пен
Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына айналдық Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да,
Философия қайда, мен қайда, Мұқан - ау? Дүниежүзінде әйелдерден шыққан қай философты білесің? Білмейсің. Ешкім де білмейді. Өйткені әйел философиясы
Кітап үзіндісі: Сурет салғым келмейді. Кітап үзіндісі: Сурет салғым келмейді.
Ұлттық мақтаныш - ұлт азаматының мызғымас заңы, қасиетті ісі. Кімде - кім өз ұлтын құрметтеп, оны мақтаныш етпесе, ол барып тұрған азғын. Әзілхан
Кітап үзіндісі: Үлкен махаббатты армандау үшін Кітап үзіндісі: Үлкен махаббатты армандау үшін
Шөл дала соншалықты үлкен әрі шексіз, сондықтан сен өзіңді құмның бір түйіршігі ретінде елестетесің. Пауло Коэльо "Кемел"
Кітап үзіндісі: Астана сөзі қайдан шыққан? Кітап үзіндісі: Астана сөзі қайдан шыққан?
Біздің заманымыздағы адамдар ақылдың eтeгінeн ұстап алып, oның құлына айналған, ал өмірдeгі шын мәніндe eң қымбат eшқашан өкінбeйтін нәрсeлeр –
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×